“Панфилов ауданының құрылыс бөлімі” ММ
«Панфилов ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Бөлімнің миссиясы: Панфилов ауданының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу жүйесін ұйымдастыру.
- Міндеттері:
1) тұрғын үй құрылысы, жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерді салу және білім беру нысандары бойынша бюджеттік бағдарламаларға сәйкес аудандық және ауылдық объектілерді жобалау, салу бойынша жылдық, перспективтік бағдарламаларды әзірлеу;
2) аудан көлеміндегі тұрғын үй құрылысы, жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерді салу және білім беру нысандары бойынша жобалау, салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
- Функциялары:
1) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік сатып алуды (жергілікті және республикалық бюджет қаржысы есебінен немесе оның қатысуымен орындалатын объектілерді жобалау, салу) іске асыруды қамтамасыз ету;
3) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
4) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларын салу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
5) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін дайындау және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
«Панфилов ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың 6 айындағы
жұмыстарының қорытындылары және II жартыжылдыққа міндеттері туралы
2017 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына құрылыс бөліміне мақсатты нысаналы трансферттер есебінен мемлекет бюджетінен бөлінген қаржы көлемі 3 100 034,0 мың теңгені құрайды. Ол 2015 жылмен салыстырғанда 10 есеге, 2016 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық. 2017 жылдың I жарты жылдығында төлем жоспары бойынша қарастырылған 1 465 450,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді. Оның ішінде:
- «Пенжім ауылындағы екі 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйлерді салу» нысанының құрылыс жұмыстарын аяқтауға 2017 жылға бөлінген 42 967,0 мың теңге 100 пайызға игерілді. 2017 жылдың 30 мамырдағы №11 нысанды қабылдау актісіне сәйкес нысан пайдалануға берілді.
- «Пенжім ауылындағы екі 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйлерді аббаттандыру және инженерлік – коммуникациялық желілерді салу» нысанының құрылыс жұмыстарын аяқтауға 2017 жылға бөлінген 3 672,0 мың теңге 100 пайызға игерілді. 2017 жылдың 30 мамырдағы №12 нысанды қабылдау актісіне сәйкес нысан пайдалануға берілді.
- «Алматы облысы Панфилов ауданының Қорғас ауылындағы жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін инженерлік – коммуникациялық желілерін салу» нысаны бойынша келісім-шарттың жалпы сомасы 1 409 964,33 мың теңге. 01 шілде 2017 жылға 1 169 146,04 мың теңге игерілді, оның ішінде 2016 жылы 150 000,0 мың теңге және 2017 жылдың I жартыжылдығында 1 019 146,0 мың теңге игерілді.
- «Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін инженерлік – коммуникациялық желілерін салу» нысаны бойынша келісім-шарттың жалпы сомасы 1 463 942,6 мың теңге. 01 шілде 2017 жылға 823 690,0 мың теңге игерілді, оның ішінде 2016 жылы 500 000,0 мың теңге және 2017 жылдың I жартыжылдығында 323 690,0 мың теңге игерілді.
- «Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында 300 оқушыға арналған жалпы орта білім беру мектебін салу» нысаны бойынша келісім-шарттың жалпы сомасы 929 066,85 мың теңге. 01 шілде 2017 жылға 871 618,8 мың теңге игерілді, оның ішінде 2016 жылы 836 158,8 мың теңге және 2017 жылдың I жартыжылдығында 35 460,0 мың теңге игерілді. 2017 жылдың оқу жылына пайдалануға беру жоспарланып отыр.
- «Жаркент қаласындағы 40 жалгерлік тұрғын үй құрылысы» нысаныны бойынша келісім-шарттың жалпы сомасы 332 056,98 мың теңге. 2017 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға 177 656,5 мың теңге бөлінді және 2017 жылдың I жартыжылдығында 29 000,0 мың теңге игерілді.
- «Үлкеншыған ауылындағы мектепке жалғастыра салынатын 300 оқушыға арналған мектеп спорт залы мен асхана құрылысын салу» нысанының жұмыс жобасына оңды мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін 2017 жылға 2 168,36 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. 2017 жылдың 31 мамырында №18-0099/17 оңды мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
- Пенжім (Нұркент) ауылындағы екі 60 пәтерлі тұрғын үйлеріне жоба – іздестіру жұмыстарын әзірлеуге конкурстың хаттамасы негізінде келісім-шарт жасалынды. Келісім-шарттың жалпы сомасы 17 920,0 мың теңгені құрайды. Жоба – іздестіру жұмыстары 2018 жылдың мамыр айында дайын болады.
- «Жаркент қаласындағы 40 жалгерлік тұрғын үйлерді аббаттандыру және инженерлік–коммуникациялық желілерді салу» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарына, техникалық қадағалауға конкурсқа өтінім берілді. Конкурс ұйымдастырушысы «Алматы облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
- «2-кезектегі Нұркент қалашығының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салу» жұмыс жобасына 5 нысан (құрылыс салу аумағынан 110 және 10 кВ әуә желілерін шығару, су тарту, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, сыртқы электрмен жабдықтау,) бойынша оңды мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды және 2017 жылға бөлінген 5 966,4 мың теңге толығымен игерілді.
«Панфилов ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың
II жартыжылдыққа міндеттері туралы
- «Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында 300 оқушыға арналған жалпы орта білім беру мектебін салу» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын толығымен аяқтап, жаңа оқу жылына пайдалануға беру.
- «Алматы облысы Панфилов ауданының Қорғас ауылындағы жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін инженерлік- коммуникациялық желілерін салу» нысанының құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтап, келісім – шарт негізінде пайдалануға беру.
- «Үлкеншыған ауылындағы мектепке жалғастыра салынатын 300 оқушыға арналған мектеп спорт залы мен асхана құрылысын салу» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарына, техникалық қадағалауға конкурсқа өтінім беру және конкурс хаттамасы негізінде келісім-шарт жасап, құрылыс жұмыстарын бастау.
- «Жаркент қаласындағы 40 жалгерлік тұрғын үйлерді аббаттандыру және инженерлік–коммуникациялық желілерді салу» нысанына конкурс хаттамасы негізінде келісім-шарт жасап, құрылыс жұмыстарын бастау.
- Төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына сәйкес 2017 жылдың II жартыжылдығында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға бөлінген қаржының толық игерілуін қадағалау.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы
Бағдарламаның атауы – “Нұрлы жер” тұрғын үй құрылысы бағдарламасы.
Әзірлеу үшін негіздеме – Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысумен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № 01-7.8 (ПӘ) хаттамасының 3.11-тармағы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Бағдарламаның мақсаты – Халық үшін тұрғын үйдің қолжетiмдiлiгiн арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
1-міндет. Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру.
2-міндет. Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру.
3-міндет. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу.
4-міндет. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру.
5-міндет. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
6-міндет. Халықты жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үйлермен қамтамасыз ету.
7-міндет. Үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау.
«Панфилов ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы
аясында орындалып жатқан жұмыстар:
- «Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін инженерлік – коммуникациялық желілерін салу» нысанының құрылыс – монтаж жұмыстары 2016 жылы басталып, 2018 жылы пайдалануға беріледі.
Нысанның техника – экономикалық көрсеткіштері:
Құрылысқа бөлінген жер көлемі – 114 га;
Участок саны 183 жеке тұрғын үй және көп қабатты 38 үй (1640 пәтер).
Су жүйесі – 10,233 км;
Электр жүйесі – 5,6 км;
Кәріз жүйесі – 1,816 км;
Жол (Асфальт) – 6,79 км;
- «Алматы облысы Панфилов ауданының Қорғас ауылындағы жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін инженерлік – коммуникациялық желілерін салу» нысанының құрылыс – монтаж жұмыстары 2016 жылы басталып, 2017 жылы пайдалануға беріледі.
Нысанның техника – экономикалық көрсеткіштері:
Құрылысқа бөлінген жер көлемі – 90 га;
Участок саны 478 жеке тұрғын үйге.
Су жүйесі – 13,93 км;
Электр жүйесі – 13,29 км;
Байланыс жүйесі – 1,369 км;
Жол (Асфальт) – 11,9 км;
- «Жаркент қаласындағы 40 жалгерлік тұрғын үй құрылысы» нысанының құрылыс – монтаж жұмыстары 2017 жылы басталып, 2019 жылы пайдалануға беріледі.
Нысанның техника – экономикалық көрсеткіштері:
құрылысқа бөлінген жер көлемі – 10,4 га;
қабаттылығы – 1 қабат;
құрылыс салу ауданы – 3 833,6 м2
үйлердің жалпы ауданы – 2 800 м2
үйлердің тұрғын алаңы – 1 911,2 м2
1 үйдің жалпы құны – 9 234,13 мың теңге
1 м2 үйдің жалпы құны – 131,916 мың теңге
4. «Жаркент қаласындағы 40 жалгерлік тұрғын үйлерді аббаттандыру және инженерлік–коммуникациялық желілерді салу» нысаның құрылыс – монтаж жұмыстарына конкурс өткізуге өтінім берілді. Конкурс ұйымдастырушы – «Алматы облысы құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі.