Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 483
  • Week Visit: 9  067
  • Month Visit: 47  065
  • Years Visit: 539  567
  • Total Page Views: 4

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Б.Абдулдаевтың Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

11111111Құрметті аудан тұрғындары!

Қадірменді қонақтар!

Ағысты өзендей жылыстап жеткен тағы бір жаңа жыл тәуелсіз еліміздің табалдырығынан аттағалы отыр. Жаңа жыл – барын бағалап, болашаққа үкілі үмітпен қарайтын халқымыз үшін мерейлі мереке. Жеткен жетістігімізді қорытындылап, жақсылыққа толы жарқын өмірге қадам басуды көздейтін атаулы күн.

Өздеріңізге белгілі, ой елегінен өткізсек, өткен жыл елдігіміздің жалауын желбіреткен жағымды жаңалықтар мен торқалы мерейтойларға толы болды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың татулық пен саяси тұрақтылықты ту еткен сарабдал саясатының арқасында еңселі ел болып тәуелсіздігіміздің 25 жылдық дүбірлі мерекесін тойладық. Тарихи жадымызды жаңғыртқан 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығын атап өттік. Әлеуметтік-экономикалық салаларда да «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы аясында халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген серпінді жобалар жүзеге асырылды. Есігімізден енгелі тұрған 2017 жылы елімізде ЭКСПО көрмесі өтпек. Бір атаның баласындай бірігіп «Мәңгілік ел» құруға кіріскен Қазақстан халқы үшін бұл да үлкен жетістік. «Еліне лайық ері туады» демекші мұның бәрі көш бастаған көсемін қолдап, елін сүйген Елбасыға тілеулес болған халық бірлігінің арқасы деп білемін.

Бейбіт берекесімен ұмытылмас биылғы жыл жазиралы Жаркент өңіріне де толағай табыстар ала келді. Ауданымызда күрмеуі қиын көптеген әлеуметтік мәселелер шешімін тауып, елдің еңсесі көтерілді. Мәдени-рухани салада да бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Ауданымыздың әлеуетін арттыру жолында жасаған жұмыстарыңыз бен төккен терлеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бастарыңыздан бақыт, шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Пікірлер қалдыруы жабылған.