Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 884
  • Week Visit: 10  675
  • Month Visit: 48  558
  • Years Visit: 538  089
  • Total Page Views: 53

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Б.Е.Абдулдаевтың 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтауы

Ардақты соғыс ардагерлері!

Құрметті тыл еңбеккерлері!

Қадірлі аудан тұрғындары мен қонақтар!

9-мамыр111111 жер шарындағы миллиондаған адамдардың есінде қалған ең қуанышты күн! Осыдан 72 жыл бұрын фашистік Германия өз жеңілісін мойындап, Кеңестер Одағы алдында тізе бүкті. Әлем халықтарының 80 пайызы қатысқан бұл екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор қайғы-қасірет әкелді. 40 елдің жері соғыс өртіне шалынды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тепсе темір үзердей жас болған, бүгінде ақ самайлы ақсақал атанған кейбіріңізбен қазіргі бейбіт заманда, тәуелсіз еліміздің төрінде қатар жүру құрметіне ие болғанымызға қатты қуанамыз. Бір жағынан, біздің бүгінгі бейбіт өміріміз үшін қан кешкен қаһарман аталарымыздың қатары күннен-күнге сиреп бара жатқаны да қабырғамызды қайыстырады. Жарқын болашақ үшін шайқасқан қаһарлы күндер алыстаған сайын біздің аға буын қаһармандарымыздың ерліктері келер ұрпақтың жадында қайта жаңғырып, мәңгі сақталатын болады. Олардың есімдерін ұлықтап, қамқорлық жасау – бүгінгі ұрпақтың басты борышы екені ешқашан естен кетпек емес. Сіздерді қариялылықтың құрметіне бөлеп, қамқорлыққа алу осы тұрған баршамыздың ең қасиетті борышымыз, парызымыз деп білеміз.

Сіздердің ел басына күн туғанда көрсеткен ерліктеріңіз бүгінгі ұрпақ үшін сан ғасырлық мақтаныш болып қала бермек. Бүгін біз Сіздердің алдарыңызда салтанатты жағдайда тағзым етіп, алғысымызды білдіреміз. Сіздерге деген құрметіміз бен қамқорлығымыз ешқашан сарқылмайды. Соғыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру, тың игеру жолындағы қажырлы еңбектеріңіз де біз үшін өшпес өнеге, асыл мұра.

Сіздер қазір өмірлік бай іс-тәжірибелеріңізді үйрету барысында бүгінгі жас ұрпаққа Отанды, елді сүюдің үздік үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Сіздердің тұғырлы тұлғаларыңыз – жастарды Отаншылдыққа, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің нақты да өнегелі құралы екенін ешқашан естен шығармаймыз.

Бүгінгідей бейбіт күнде, тәуелсіз жерімізде қуаныш-жақсылықтарымыз мол болсын! Көк байрағымыз биік желбіреп, әрқашан да біздің төбемізде ашық аспан көгілдір күмбез тартып, күн сәулесі жарқырай берсін!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған