Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Б.Абдулдаевтың Жаңа жылдық құттықтауы

816b99ed8e7fd677382180c53a6ffa53Ардақты   ағайын!

Құрметті   халайық!        

Міне, сынапша сырғыған уақыттың жетегімен Жаңа 2016 жыл да табалдырығымызды аттады. Жаңа жылда біз ең алдымен жақындарымыз, отбасымыз, өзіміз үшін өткен жыл несімен есте қалғанын ой елегінен өткіземіз, жүріп өткен жолымызды бағамдаймыз, болашаққа бағат-бағдар жасаймыз.

Өздеріңізге өте жақсы мәлім, қазір біздің ел бүкіл әлемді шарпыған дағдарысқа қарамастан келешекке батыл қадам жасап келеді. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауына сәйкес дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асырудағы сарабдал саясатының жемісі. Ұйымшылдық пен бірлігіміздің арқасында тұрғындардың тіршілік деңгейінің төмендеуіне жол бермей, әрбір отбасының тұрмысын жақсартуға қол жеткіздік. Бейбіт өмірді, еркіндік пен ілгерілеушілікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен тіккен ортақ шаңырағымыздағы Тәуелсіздіктің жиырма төрт жыл толған торқалы тойын ерекше жағдайда атап өттік.

Уақыт – тіршілік өзегі, тіршілік дегеніміз –тынымсыз өзгерістер. Мемлекет басшысының ел еңсесін биіктетуге бағытталған «Қазақстан -2050» Стратегиясын жүзеге асыру – баршамыздың бұлжымас борышымыз. Өйткені ол – «Мәңгілік ел» болуды мақсат еткен елімізді өркениеттің өріне бастайтын нағыз нұрлы жол.

Осы бағыттағы көштің алдыңғы сапында біздің жері киелі, елі еңбекқор жазиралы Жаркентіміздің де жұлдызы жарқырап, мерейі үстем болатынына сөзсіз сенеміз. Өйткені, ауданда   мекендеп отырған 120 мыңға жуық көп ұлтты тұрғындардың өзара татулығы мен келісімі мығым. Жарқын да жасампаз істерге деген ниет құлшыныстары зор.

Қадірлі бауырлар!

Сіздерді Жаңа 2016 жылмен құттықтаймын! Нұрлы болашаққа жетелейтін Жаңа жыл әр шаңыраққа бақыт, дәулет, береке – бірлік әкелсін! Отбасыларыңыз аман, жүздеріңіз жарқын, көңілдеріңіз шат болсын!

Пікірлер қалдыруы жабылған.