Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 892
  • Week Visit: 10  683
  • Month Visit: 48  566
  • Years Visit: 538  097
  • Total Page Views: 13

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Б.Е.Абдулдаевтың Наурыз мейрамына арналған құттықтауы

iАрдақты ағайын!

Құрметті халайық!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыздың байырғы жыл қайыру дәстүрі бойынша жаңа жыл болып саналатын осынау мерейлі мереке бастарыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық әкелсін!

Атадан балаға аманат ретінде табысталып, тарихтың терең түкпірінен бүгінгі бізге жеткен бұл қасиетті мейрам   ықылым заманнан бері қарай ырыс пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің белгісі ретінде тойланып келеді. 

Тұмса табиғат аруанадай иіп, «самарқанның көк тасы» жібитін ұлысытың ұлы күні дархан даламыз мейірім мен шапағаттың шуақты нұрына бөленеді. Бай мен жарлы теңеледі, халқымыз қуанышқа кенеледі. Алысқа кеткен ағайын-туыс қайта қауышып, аралары ала тайдай бүлінген араз жандар  қайта табысады. 

Әз наурыз деп әспеттелетін бұл мереке қарсаңында әр шаңырақта молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз көже әзірленетін болған. Жеті түрлі дәмнен дайындалған берекелі дастархан басында аузы дуалы ақсақалдар жас буынға ақ батасын береді. Ұлыстың ұлы күні даламызда ұлттық ойындар ұлықталып, сан ғасырдың сүзгісінен өткен халқымыздың игі дәстүрлері салтанат құрады.

Қылышынан қан тамған кеңес үкіметі кезінде ұлтымызды ата салтынан ажыратуға тырысқан өктем биліктің бұл мерекені тойлауға тыйм салғаны баршаңызға белгілі. Алайда араға 62 (алпыс екі) жыл салып көненің көзіндей болған Әз наурыз ұлан-байтақ өлкемізге жыл құсындай қайтып оралды.  

Еліміз егемендік алғалы бері 22 наурыз көпэтносты Қазақстан халқының бірігіп тойлайтын ортақ мерекесіне айналды. Елбасының қоғамдық келісім саясатын жүзеге асыруда еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың ұйытқысына айналған бұл мейрамның  маңызы зор екені белгілі.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл туралы: «дін мен тілге бөлмейтін Наурыз мейрамы тәуелсіздік жылдары ұлысты ұйыстыра түсті. Бүгінде ол үш күн бойы тойланатын еліміздегі ең үлкен мереке» деп атап көрсеткен болатын.

Байырғы бабаларымыздан жалғасқан игі дәстүр бойынша ұлыстың ұлы күні  барша жұрт өткенді ой елегінен өткізіп, бүгінін бағамдап, келер күннің қарекетін жасайтын болған. Биылғы Наурызды біз  еліміздің өмірінде орын алған елеулі оқиғалармен  қарсы алып отырмыз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл басындағы Қазақстан халқына жариялаған үндеуінде билік тармақтары арасында өкілеттілікті қайта бөлу жөнінде шешім қабылдап, елімізде конституциялық реформалар жүзеге асты. Сонымен қатар Президентіміз 2017 жыдың 31 қаңтарында қазақстан халқына  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  дәстүрлі жолдауын арнады.

Ел дамуына тың серпін беретін бұл бағдарламалық құжатта мемлекетімізді

үшінші жаңғыртудың нақты бес басымдығы айқындалып, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру міндеті алға қойылды.

Алматы қаласында өткен 28-ші кезекті Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарында еліміз жалпы командалық есепте екінші орынға табан тіреп, жеңістің тұғырынан көрінді.

Алдағы уақытта Елордамыз Астана қаласында өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесі Қазақстанның әлеуетін алты құрлыққа әйгілеп, мемлекетіміздің мерейін үстем етері сөзсіз.

Қадірлі жерлестер!

Қырықтан астам ұлт пен ұлыстың өкілдерінен құралған аудан тұрғындары!

Жер жаннаты Жетісудың қызыр қонып, құт дарыған құйқалы қонысының бірі саналатын біздің жазиралы Жаркенттің де әлеуеті жылдан-жылға артып келеді.

«Ынтымақ — ырыс қазығы» дейді дана халқымыз. Өңірімізді өркендетуді мұрат еткен барлық игі шаралар Сіздердің жұдырықтай жұмыла білген бекем бірліктеріңіздің арқасында жүзеге асып отыр.

Осы орайда мен сіздерді бір қолдың саласындай біріге отырып, алдағы уақытта да ауданымызды дамыту ісіне ат салысады деп сенемін. 

Наурыз мейрамы құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын, ағайын!

Пікірлер қалдыруы жабылған.