Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 891
  • Week Visit: 10  682
  • Month Visit: 48  565
  • Years Visit: 538  096
  • Total Page Views: 10

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Б.Е. Абдулдаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған құттықтауы

news_d74a5e84814c624607708600b7dbf581_thumbҚұрметті халайық!

Қадірменді қонақтар!

  Бүгін – ерекше мереке! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы  күні! Сондықтан бұл күн –  қасиетті күн! Тәуелсіздік – ең киелі ұғым. Ендеше осынау мерейлі мерекемен Сіздерді шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!    

        Жалпы,  бұл мейрамды тойлау – біздің бүгінгі буын үшін   үлкен бақыт! Әрі жауапкершілігі зор. Өйткені, ол оңайлықпен келген жоқ. Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Тәуелсіздік – бүгінгі табыстарымыздың рухани бастауы. Қазақстан барлық жетістіктері үшін Тәуелсіздікке қарыз» деп атап көрсеткен. 

Өздеріңіз білесіздер, бұл азат күнді ата-бабамыз  ұзақ жылдар бойы армандаған. Осы күнге жету жолында  «мың өліп, мың тірілген». Талай – талай асудан асқан. Ауыр азап шеккен. Ауыр белестер мен  тар жол, тайғақ кешуден өткен. Алайда, халықтық сипатын сақтай білген.

Осы арада 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» еріксіз еске түседі. Ол жөнінде де  Президентіміз: «Бұл оқиға жаңа дәуірдің бастамасы болды» деп айтқан. Осынау отыз жыл бұрын болған саяси оқиғаның ортасында жерлестеріміз Ербол Сыпатаев пен Ләззат Асанованың болуы – біз үшін биік мерей. Олардың ерлігі – жас ұрпаққа үлкен өнеге.

        Иә,     Тәуелсіздікке жету жолы ауыр  болды. Оны баянды ету де оңайға түскен жоқ. Қиын күндерді бастан кештік. Саяси жүйе өзгерді. 25 жыл ішінде Қазақстан әлемдік аренада өз орнын  ойып тұрып  алды. Бүгінде ол:

-экономикалық жағынан дамыған, халқы тату мемлекет;

– көрші мемлекеттермен достығы жарасқан, Орталық Азияның жетекші елдерінің бірі;

-Біріккен Ұлттар Ұйымы  Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі;

-мемлекеттік аппараты кәсіби шыңдалған, Қарулы Күштері қуатты,   ішкі саясаты орнықты, ұлтаралық ынтымағы  берік мемлекет.

 Елордасы  Астана да – әлемдегі ең әсем қала.

Бүгінде Тәуелсіздігіміздің әр күні,  әр сәті жасампаз істерге толы.

 Елімізде 2017 жылы ЭКСПО көрмесі өтеді. Бұл да – үлкен жеңіс.

 Негізі, еркін ел екпінді дамиды. Өйткені, өз тағдыры – өз  қолында! Тек дұрыс бағыт ұстану қажет. Бізде ондай бағыт, ондай бағдар бар. Ол – «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасы.  Елбасы бұл құжатта  алдағы дамудың барлық жолын айқындап берді. Енді осы жолмен жүріп,  Тәуелсіздікті нығайта беруіміз керек.

Осы арада айта кету керек: тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  мемлекет басшысы болғалы да ширек ғасырдан асты. Бұл да ел  үшін – ерекше оқиға. «Менде өз халқымның тағдырынан өзге тағдыр жоқ» деген еді Елбасы. Ол рас. Нұрсұлтан Әбішұлының есімі «Қазақ халқы» деген сөзбен бірдей. Екеуі – егіз ұғым. Халық көшбасшы ұлын әрқашан мақтан тұтады. Соңынан ереді. Өйткені,  «Бірлік бар жерде – тірлік бар».  Еліміздің дамуы – соның дәлелі.

Қазір біздің жазиралы Жаркентте де жақсылық көп. Әлеуметтік-экономикалық  жағынан алға басып келеміз. Мәдени-рухани өсу бар. Ел-жұрт тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Ардақты ағайын!

Осындай табыс жалғаса берсін! Тәуелсіздігіміздің 25жылдық мерейтойы  құтты болсын! Баршаңызға  мол бақыт, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр  тілеймін! Аспанымыз  ашық, заманымыз  тыныш болсын!  Көк туымыз көкте желбірей  берсін!

Пікірлер қалдыруы жабылған.