Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 196
  • Week Visit: 13  628
  • Month Visit: 55  055
  • Years Visit: 420  373
  • Total Page Views: 773

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Пенжім ауылдық округі

Жалпы мәлімет

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы,  Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылы, Мухамади көшесі, №12

Электрондық поштасы: akimat.pidzhim@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 47-8-45, 8(72831) 47-6-46, факс: 8(72831)47-7-94.

Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты Панфилов ауданы әкімдігі және аудандық мәслихаттың шешімімен 2005 жылы құрылған. Пенжім ауылдық округінің жалпы көлемі 34.5 мың гектар. Ауылдық округтің құрамын 4 елді мекен құрайды: Пенжім, Төменгі Пенжім, Ават және Қорғас ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы болып Пенжім ауылы белгіленген. Пенжім ауылы мен аудан орталығы арасындағы ара қашықтық 18 шақырым, Төменгі Пенжім ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы 21 км, округ орталығынан ара қашықтығы 3 км, Ават ауылы мен аудан ортағының ара қашықтығы 14 км, округ орталығынан ара қашықтығы 4 км, Қорғас ауылы мен аудан ортағынан ара қашықтығы 36 км, округ орталығынан ара қашықтығы 18 км.

2017 жылдың 1 қаңтарында халық саны 11171 адамды  құрайды, оның ішінде Пенжім ауылында – 7602, Төменгі Пенжім ауылында – 1121, Ават ауылында – 1558, Қорғас ауылында – 890 адам тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 50,4 %, орыстар – 0,85 %, ұйғырлар – 48,4 %, басқа ұлттар – 0,26 %. Округ бойынша 766 зейнеткер бар. Жалпы аула саны – 1948. 2016 жылы туылған бала саны – 258. Округке қоныс аударып келген адам саны – 481. 

Округте 2 мәдениет үйі, 1 клуб, 2 кітапхана, 2 Қазпошта бөлімшесі, 2 дәрігерлік амбулатория,  3 медициналық пункт, 4 мешіт, 1 шіркеу, 5 орта мектеп, 3 мектепке дейінгі шағын орталық, 6 балабақша, толығымен жабдықталып, интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ  аудандық ішкі істер бөлімінің №11 учаскелік полиция пункті  бар. Учаскелік полиция пунктінде 3 учаскелік инспектор жұмыс істейді.

Округ аумағында 34 дүкен, 3 шаштараз, 1 шағын наубайхана, 8 асхана, 1 ТЖО, 2 жанармай бекеті, 3 дәріхана, 5 кафе, 2 қонақ үй, 1 жем тартатын цех, 2 май тартатын цех, 930 шаруа қожалық (оның ішінде ең үлкені «Ходжамбердиев ЖШҚ», шаруа қожалығы басшысы Ходжамбердиев Адылжан Мурзахметұлы) бар. Ақсақалдар алқасы құрылған. Төрағасы – Азизов Мухитжан Мухаметович. Ақсақалдар алқасының мүшелері округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсеңді атсалысады. Сондай-ақ округтегі ауылдардан, көшелерден жергілікті қоғамдастықтың 43 мүшесі сайланған. Қоғамдастық мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.


Пенжім ауылдық округінің әкімі – Ербол Абылайханұлы Сқақов

        Ербол Абылайханұлы Сқақов 1985  жылы 06 шілдеде Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Алматы қаласы, Қазақ Көлік және коммуникациялар академиясына түсіп, 2008 жылы инженер мамандығын, 2012 жылы Талдықорған қаласындағы Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясына түсіп, заңгер мамандығын алған.Еңбек жолын 2009 жылы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік құқық және кадр бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2012 жылдың қыркүйек айынан қараша айына дейін аудан әкімінің көмекшісі, 2012-2013 жылдар аралығында «Панфилов ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2013 жылдың наурыз айынан 2013 жылдың тамыз айына дейін аудан әкімінің бас инспекторы қызметтерінде болды.

       2013 жылдың 8 тамызынан Пенжім ауылдық округінің әкімі.

       Үйленген, бір баласы бар.


Округ әкімінің орынбасары – Шойғараева Гүлнәр Нүсіпқызы

 

        1959 жылдың 21 маусым Панфилов ауданы Басқұншы ауылында дүниеге келген. 1980-1983 жылдары Семей қаржы-экономикалық техникумда, 1996-2001 жылдары Талдықорған заң институтында білім алып, заңгер мамандығын алды.1987-1986 жылдары аудандық кәсіподақ комитетінде ревизор-нұсқаушы, 1986-1989 жылдары Қорғас ауылдық кеңесінің есепшісі, 1989-1993 жылдары Пенжім балабақшасының шаруашылық меңгерушісі, 1993-2001 жылддары Пенжім ауылдық кеңесінің іс жүргізушісі, есепшісі, бас есепшісі, аға инспекторы.

       2001 жылдан бүгінгі күнге дейін Пенжім ауылдық округі әкімінің орынбасары.

       Тұрмыста, төрт баласы бар.


Округ әкімі аппаратының қызметкерлері

 Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Асхадбекова Фарида Асхадбекқызы бас маман 8(72831) 47-6-46
Омашбеков Совет Ақанұлы бас маман 8(72831) 47-6-46
Карбаев Ғабит Кахарманұлы бас маман 8(72831) 47-7-94
Туралыев Серік Жамалұлы бас маман 8(72831) 47-7-94
Иманпеисов Жанболат Жолдыбайұлы бас маман 8(72831) 47-7-94
Сеитказиева Назерке Жумабаевна жетекші маман 8(72831) 47-6-46
Тохтарова Жадыра Қасенқызы Бас маман 8(72831) 47-7-97
Амантай Айдана Жәнібекқызы әдіскер 8(72831) 47-7-94
Абдуллаева Гузаль Насируллақызы оператор 8(72831) 47-7-94
Турапбаев Айдарбек Айтжанұлы әдіскер 8(72831) 47-7-94
Джекебаев Ербол Нұрсұлтанұлы күзетші 8(72831) 47-7-94

Халықпен жұмыс

Құрметті азаматтар!

        Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

Жалпы сұрақтар

Округ әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібіне жауапты маманы –Омашбеков Совет Ақанұлы 8/72831/47794


Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Сқақов Ербол Абылайханұлы Әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері

сағат 14.30-ден 18.30-ге дейін

13-00-ден 14-30 ға дейін

Пенжім ауылдық округ әкімінің аппаратына

жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу.

  2017 жылдың  І қазанына ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

  2017  жылдың І жартыжылдығында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан – 190 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан – 187, заңды тұлғадан – 3.

            Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

– жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 154;

– жер телімдерін заңдастыру – 36


2016 жылдың 12 айында  округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

            2016  жылдың 12 айында округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан  432 өтініш келіп түсті, оның ішінде  429-ы жеке тұлғадан, 3-і заңды тұлғадан.

            Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

  – жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 284;

 – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 144;

 – зейнетқы  – 1

            Округ әкімі Е.А.Сқақов  жеке мәселелері бойынша 1 адам қабылдады,барлығы оң шешімін тапты.

            Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Пенжім ауылдық округінде жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2017 жылдың 1 қазанына қысқаша

МӘЛІМЕТ

            Ауылдық округте 4 елді мекен бар. Жалпы халық саны – 11171, қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 4445. Жергілікті өзін-өзі басқару жиналысына қатысуға өкілеттік берілген қоғамдастық мүшелерінің саны – 45.

           Ақсақалдар алқасының төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 11, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 2, мүшелерінің саны – 13.

             2016 жылы өткізілген жиналыстардың саны – 6. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 0 теңге және түрлері бойынша: ерікті салымдар есебінен 0 теңге.

            2017 жылдың 1 қазанына өткізілген жиналыстардың саны – 7, жергілікті  маңызы бар мәселелерді шешуге берілген қаржыны немесе қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен ақшаға жүргізілген мониторинг саны – 1.

             Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 439000 теңге.