Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 197
  • Week Visit: 13  629
  • Month Visit: 55  056
  • Years Visit: 420  374
  • Total Page Views: 1  131

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Елбасының жолдауы

 12342853_963421347039229_5962302596785103690_n«Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалына қарасты «Алтынкөл бастауыш партия ұйымдарында биылғы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті.
Жиынға «Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалы Саяси кеңесі мүшелері, аудандық мәслихатының хатшысы, депутаттар мен бастауыш партия ұйымдары мүшелері қатысып, Елбасы Жолдауына қолдау білдірді.
Жиында сөз алған аудандық Мәслихат хатшысы Т. Оспанов Жолдау бойынша баяндама жасады. Ол өз сөзінде: – Елбасы биылғы Жолдауында бүкіл әлемді қамтыған дағдарыс жағдайы, елдердің өзара түсініспеушілік салдарынан орын алып отырған бір-біріне енгізген санкцияларының әсерінен туынданған қиыншылықтар мен кедергілер, мұнай мен басқа да шикізат көздерінің нарықтағы бағасының күрт құлдырауы туралы мәлімдеді. Үкімет шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында салық жүйесіне біраз өзгерістер енгізетінін айтып өтті. Елбасы 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің жалақысы орташа есеппен 28%, білім саласының қызметкерлерінің жалақысы 29%, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 40%-ға дейін жоғарылайтынын жариялады. Сонымен қатар Үкіметке 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында жаңа «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жасауды тапсырды. Осындай мәселелерді талқылап алтынкөлдіктер бір ауыздан Елбасы Жолдауын қолдайтындықтарын білдірді.


12360346_963777217003642_1448411682502497180_n«Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалының «Әулиеағаш» бастауыш партия ұйымында биылғы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті.
Жиынды Әулиеағаш ауылдық округінің әкімі, «Әулиеағаш» БПҰ-ның төрағасы Марат Илипов ашты.
Жиынға «Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Құрманжан Ахметқалиев қатысып: «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында біздің басты стратегиямыз дағдарысқа қарсы жұмыс атқару. Мемлекетімізді гүлдендіру, қандай қиын істе көп болып жұмылып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шағара» еңбек етуіміз керек. Еңбекпен ғана нәтижеге қол жеткізуге болатынын осы уақытқа дейін ұғындық, білдік, көз жеткіздік, – деді.
Сондай-ақ жиында жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысы С. Қойбағаров сөз алып: – Елбасымыздың халқына арнаған Жолдауы біздің де көңілімізден шықты. Себебі ел болашағы Елбасы назарында. Әсіресе, әлеуметтік мәселелерге баса назар аударғаны қай-қайсысымызды болсын қуантқанын жасырмаймын. Құрметті қазақ елінің азаматтары! Елбасымыздың бастауына қолдау көрсетуге, Жолдаудың іс-жүзінде жүзеге асуына бір жұдырықтай болып жұмылып, ат салысуға шақырамын. Әлемдік дағдарыс келер-кетер, осындай сын сағатта елдігімізді көрсетер кез жетті. Дағдарыстан бүкіл халық болып шығамыз, – деген ойын білдірді.


  12310614_959707760743921_6534985348723170837_nҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жариялана салысымен Жолдауды насихаттау және талқылау мақсатында «Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалының «Жаркент» БПҰ-да жиын өтті. Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жаркент » БПҰ – ның мүшелері Елбасының халыққа Жолдауын тыңдап, өз пікірлерін айтты. Колледж директоры, «Жаркент» БПҰ төрайымы Сара Темірбаева: – Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына толыққанды мүше болғаны бізге де үлкен қуаныш. Елбасы әрбір Жолдауында ел дамуының негізгі кепілі білім саласының еш уақытта назардан тыс қалдырған емес. Білім сапасын көтеріп, мұғалім беделін арттыруда атқарылып жатқан істер жалғасын табатынына тоқталды. Ұстаздар мерейін үстем етіп, келешектен зор үміт күттірген Жолдауға қашанда қолдау көрсету – ұстаз қауымының басты міндеті. 12289711_959707644077266_5449741554597105508_nӨйткені, мұғалімдер «Мәңгілік елдің» болашағын қалауға ат салушы. Осы тұрғыдан алғанда Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда ұстаздарға артылар міндет зор» – деген пікірін білдірді. «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі А.Жұмабаева: – Жолдаудағы басты оқиғаның бірі Қазақстан ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болуы. Бұл жөнінде ресми түрде ДСҰ Бас ассамблеясының отырысында жарияланады. Сондықтан бұл күн Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының тұрақталуына, кәсіпкерлікті дамытуға Үкімет тарапынан барлық жағдайлар жасалатыны қуантып отыр. Сол үшін әр қайсымыз белсенді әрі бірлесе әрекет ететін кез келді, – деген өз жалынды қолдауын білдірді.

 


12316458_962988147082549_4356932634405125913_nЖаркент жастары Жолдауды қолдайды
Ел болып жаңа ғасырға қадам басқалы жаңа өркендеп келе жатқан Қазақстанның алдына қойылған мақсат, мүдделер саны да арта бермек. Биылғы Жолдауында Президентіміз ең басты мақсат деп – «елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету!» – деп ашып айтты. 
«Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Осыған орай жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар дамыған заманда дамудың басты бағыттарын айқындап беретін Қазақстан халқына жолдауымды жария етпекпін» – деді Елбасы.
Бұл жолдауда да жастарға деген көзқарас ерекше болды. Президентіміз бізге үлкен сенім артып: білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға шақырды. Қазіргі заманда ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Біздің асырып жатқан түбегейлі реформалар жастар сендер үшін жасалып жатыр – деді өз сөзінде Елбасы. 2014-2015 жылдары орта бизнес пен кіші бизнеске 1 триллион теңге қаржы бөлінді. Ал, «Нұрлы жол» бағдарламасына – 2,7 триллион теңге бөлінді. Жастар үшін бар жағдайды, бірнеше бағдарламаларды іске қосып жатқанын, жастарға деген сенімнің мол екенін көрсетті. 
Елбасы одан басқа, қазіргі еліміздің ахуалына да тоқталып өтті. Әлемде болып жатқан қаржы тапшылығы, үлкен державалардың бір-біріне салып жатқан санкциялары, алып мемлекеттердің біріне деген сенімнің күрт төмендегенін де тілге тиек етті.
Сонымен қатар: теңгеге деген сенімді күшейту қажет. Үкімет пен Ұлттық банкке нақты ұсыныстар беруді ұсынып отырмын. Еліміздегі ақша нарығын долларсыздандыру, банктегі доллармен сақталатын депозиттер пайызын төмендету. Біз күнделікті ішіп-жеміміз, киім-кешегімізді теңгемен алатынымызды, ал доллар тек шетелден барып сауда-саттық жасайтындарға арналғанын ескертті. 
Сөз соңында барды бағалап, жоқты жасай білген халқым бұл дағдарыстан да сүрінбей өтеріне, жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбірейтініне сенемін. «Мен халқыма сенемін!» – деп сөзін аяқтаған Елбасын біз қашанда қолдаймыз. Халқына жолдаған Жолдауының жүзеге асуына бар күш жігерімізді саламыз. Қазақстан жастары – әрқашан Елбасымен бірге!!!

«Алматы облысының жастар саясаты орталығы»

КММ-нің филиалы-«Панфилов  ауданының жастары» жетекшісі,

аудандық «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Жандос Орманбеков


12346376_963770850337612_6944800273618500035_n «Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалының «Пенжім» бастауыш партия ұйымында биылғы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті.
Жиынға Пенжім ауылдық округіне қарасты Пенжім, Төменгі Пенжім, Ават, Қорғас, Нұркент елді мекенінің партия мүшелері, орта мектеп мұғалімдері, емхана қызметкерлері, жастар өкілдері қатысты.
Жиында Ават ауылының тұрғыны Арипов Зердин Михаилұлы биылғы Жолдау бойынша өз пікірін білдірді. Ол: – Нұрсұлтан Әбішұлының жыл сайынғы Жолдауларында ел болашағына қатысты маңызды мәселелер үнемі назардан тыс қалған емес. Бүгінде Жолдау ауыл халқының асыға күтетін құнды құжатына айналған. Жолдаудан жақсылықтар күтеміз. Баршаңызды Елбасы Жолдауын қолдап, қуаттап жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етуге шақырамын, – деді.
Келесі сөз кезегін алған Ават орта мектебінің директоры Б.Асқарқызы да: – биылғы Елбасымыздың Жолдауы қай жағынан алып қарасақ та ел болашағына игі әсерін тигізетін, болашағы зор кемелденген елге айналдыратын, жастары білімді заманауи технологиялармен қаруландыратын, ұстаздар қауымына зор қолдау білдіретін маңызды оқиғаның бірі болды десем, артық айтқандық болмас. Мемлекеттің халқы жақсы өмір сүруі үшін өз бюджетін үнемдей білуге дағдылану керек, -деген ұтымды ойларын білдірді. 
Жиын соңында БПҰ мүшелері Қаулы қабылдап: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген бағыт–бағдарлар басшылыққа алынып, Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілмек.

Мода мода тут