Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 490
  • Week Visit: 9  074
  • Month Visit: 47  072
  • Years Visit: 539  574
  • Total Page Views: 16

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

От жағу маусымына дайындық басталды

22 қыркүйек күні аудан әкімі Б.Абдулдаевтың төрағалық етуімен әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібнде от жағу маусымына дайындық мәселесі қаралды. Аудан әкімінің өкімімен аудандағы от жағу маусымына дайындық жұмысын қадағалайтын арнайы штаб құрылған.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Д.Төреханов баяндама жасады. Баяндамада от жағу маусымына дайындық жұмыстарының барысы және орын алған бірқатар кемшіліктер айтылып өтті.
Әкімдік отырысы барысында Жаркент қаласындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің, Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы аясында пайдалануға берілген 100 пәтерлі тұрғын үйдің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік сала ныснадарының жаңа от жағу маусымына дайындығы, штаб мүшелерінің және депутаттық топтардың тексеру барысында анықтаған кемшіліктері туралы айтылды.
Сондай-ақ қазандықтарды жөндеуден өткізу, нысандардың от жағу маусымына дайындығы жөнінде актілер, паспорттар, алдын-ала сұйық және қатты отын дайындау мәселелері көтерілді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Қастеев, жұмыспен қамту орталығының директоры Қ.Әшіржанов жарыссөзге шығып, өз саласындағы проблемалық мәселерге тоқталып өтті.
Әкімдік отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімі Б.Абдулдаев осы салаға жетекшілік ететін орынбасары Д.Төрехановқа, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қ.Досмаиловқа, мекеме, ұйым басшыларына баяндамада айтылған кемшіліктерді жою, сондай-ақ штаб мүшелеріне от жағу маусымына дайындық барысын тұрақты бақылауда ұстау, келешекте кемшіліктер анықталған жағдайда оны жою жөнінде шұғыл шара қолдану жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер қалдыруы жабылған.