Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 28
  • Week Visit: 13  460
  • Month Visit: 54  887
  • Years Visit: 420  205
  • Total Page Views: 7

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Әнші Дәнеш»

30 мамыр күні әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Д.Рақышевтің 90 жылдық мерейтойы аясында аудандық Мәдениет үйінде «Әнші Дәнеш» спектаклінің премьерасы болып өтті.

Д.Рақышев атындағы халық театры әртістері көрермендерге Д.Рақышевтің өмір белестеріндегі маңызды сәттерін: жастық шағын, өнер әлеміне басқан алғашқы қадамдарын, туған елге оралған және ғашық болған сәттерін  асқан шеберлікпен орындады. Басты рөлдерде бала Дәнешті Еркебұлан Конашев орындаса, елге оралған сәттерін Қуаныш Батырбеков, сонымен қатар Гүлнәз Сағатова, Жадыра Шаяхметова сынды театрдың жас әртістері орындады.

Әншінің өмірін қаз-қалпында жеткізу үшін әртістер өздерінің кәсіби шеберлігін барынша көрсете отырып, Дәнештің әндерін әуелетіп орындап, мың бұралып би биледі.

Пьесаның авторы – Сүлеймен Керімбеков, соавтор, театрдың директоры мен режиссері – Қуаныш Изенаев, қоюшы декоратор – Қожашұлы Нұрым, музыкамен әрлеуші – Мақсат Жұмаділов.

Қойылымға дән риза болған халық орнынан тұрып қол соғып, ерекше әсерде қалды. Спектакль соңында аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев халық театрының әртістерінің ерекше алғысын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі. Сондай-ақ Д.Рақышевтің қызы Гүлнәр Рақышева жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, театр ұжымына әкесі бейнеленген гобеленді сыйға тартты.

DSC_0088 DSC_0098 DSC_0133 DSC_0172 DSC_0189

Пікірлер қалдыруы жабылған.