Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Безымянный3Безымянный6

     «Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ мен «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ, сәуір айының 17 күні сағат Айдарлы және Қоңырөлең ауылдық округтерінде орта «Жолдау – жаңғыртудың жарқын жолы» атты кездесу өткізді. Басты мақсаты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын түсіндіруге, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын, «Мәңгілік Ел» идеясын, «100 нақты қадам» жөніндегі стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша этносаралық келісімді нығайту мен дамытуға, ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді, тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.

Шараға, Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы – Илипов Марат Тайлақұлы, Айдарлы ауылдық округінің әкімі – Оспанов Ерлан Өмірғалиұлы, Қоңырөлен ауылдық округінің әкімі – Далабаев Ерлан Кенжахметұлы, Панфилов ауданының маслихат депутаты – Елтай Қожақов, “Нұр Отан” партиясы, партиялық бақылау комиссиясының жауапты хатшысы – Ғазиз Аманжолұлы, Алматы облысы жастарға қызмет көрсету бөлімінің өкілі, Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшесі – Айгерім Серікқызы, “Жетісу жастары ұйымының Конгресі” ЖҚБ координаторы – Даулет Бірлікұлы Ауданбаев және Алматы облысы пікір-сайыс одағының төрағасы – Ержан Жанатұлы Даулетбаев қатысып халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


P1590902P1590856P1590882P1590902 (1)P1590878[1]

 

P1590911

 

 

2018 жылдың ақпанында «Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Жауынгерлік Даңқ музейінде» Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана елдігімнің белгісі» атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке аудандық мәдениет үйінің, аудандық кітапхана ұжымымен, Жаркент гуманитарлық техникалық колледжінің студенттері, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушылары және ұстаздарымен келіп қатынасты. Осы мерекеге орай Аудандық кітапхананың қызметкерлері Елбасы туралы, Астана қаласы жайында «Елдің төрі – Елорда» атты кітап көрмесін көрермен назарына ұсынды. Кешті аудандық мәдениет үйінің әншілерінің орындауындағы патриоттық әндер жалғап, шара барысында Астананың шежіресін тарқататын деректі фильм көрсетілді. Мұндағы мақсатымыз Астана қаласының қазіргі келбеті мен, жетістіктерін таныстыру. Астанаға деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту. Астана туралы ән жырларды насихаттау.

 


28166931_129258234565151_7637175042037745121_n28279619_129257884565186_67229347515155889_n28377864_129257064565268_5617563554225840026_n (1)

2018 жылдың 23 ақпан күні Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласының аясында Үшарал ауылдық округі əкімі аппаратының спорт ісі жөніндегі əдіскерінің ұйымдастыруымен жекелей үстел тенисінен аудандық жарыс өтті. Жарыс өз денгейінде өткізіліп I-орынды Сарыбел ауылының спортшысы Айтқожа Жайдар иеленсе, ІI-орынды Талды ауылдық округінің спортшысы Жүнісов Саян, III-орынды Үшарал ауылының спортшысы Асқарбек Олжас қол жеткізді. Жеңіске жеткен спортшыларды Үшарал ауылдық округі əкімі Таңатар Тілеубергенұлы Жанғазиевтың тағайындаған грамота медалдарымен марапатталды.


27973929_125930381564603_1101598167901247674_n28056554_125930301564611_7237429831693502888_n28377784_125930468231261_8291608769765896248_n28277076_125930741564567_795645523160535798_nЕлбасы Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласының аясында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай 20 ақпан күні Әулиеағаш орта мектебінің АКТ-залында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Ауғанстан ақиқаты» атты кездесу кеші өтті. Кездесу ұйымдастырушылар Үлкенағаш ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушысы және Әулиеағаш орта мектебінің ұжымы мен Мәдениет қызметкерлері бастамасымен өтті. Кеш мектеп оқушыларының араласуымен өткендіктен кездесудің мақсаты: жастарды бейбітшілік үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрқашан есте сақтап, келешекке үлгі ету еді. Әулиеағаш ауылынан Ауған соғысына қатысқан Үлкенағаш ауылдық округ әкімі Саурықов Арғынқали Бердіқожаұлы төрден орын алып, Ауған соғысында бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Кеште оқушылар патриоттық әндер айтып, түрлі әскери жаттығулар мен көріністер көрсетті. Сонымен қатар мектеп директоры У.Б. Джакубаева келген қонақтарға рахметін айтып, жылы лебізімен шығарып салды.


1.27752104_111558213001820_5549630095872724198_n2018 жылдың 13 ақпан күні «Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалында Жаркент және ауылдық округтердің Жастар ісі жөніндегі нұсқаушылары, аудандық ішкі саясат  бөлімінің басшысы М.Илипов және мамандарының қатысуымен Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын,  Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын және дін мәселелерін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Барлығы 30 адм қатысты.

 

 

 

 

 

IMG-20180213-WA00022.2017 жылдың 12 ақпан күні Жаркент қаласынң 74261 әскери бөлімінің жеке құрамы арсында Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында жиын өтті. Жиын барысында А.Кудеров сөз алып, әскери қызметте жүрген азаматтарға Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп өтті.

 

 

 

 

 

3.2017 жылдың 9 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте оқушылары арасында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың арналған өлең жолдарын оқып, ақынның өткен ғұмырына қысқаша тоқталып өтті.


«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жүрегі»

IMG_3329 IMG_3334 IMG_3336

2018 жылдың 02 ақпан күні Жаркент гуманитарлық – техникалық   колледжінде Тарихы  тереңнен  сыр  шерткен,  тәуелсіз  еліміздің  уақыт ағымымен  биіктей  түскен  қасиетті  білім  ордасындағы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жүрегі» атты  мәдени іс-шара өтті!  Салтанатты  мерекенің  қадірлі  қонағы – аудан  көшбасшысы  Бектасов Темірлан Амангелдіұлы болды. Қаламыздың  еңбек ардагерлері, ата-аналар, аудандық аналар кеңесінің мүшелері,  ардақты  ұстаздарымыз да іс шараға  қатысты.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы халық жүрегіне жол тапқан  бағдарлама. Жаһандану кезеңіндегі  ұлтты тәрбиелеу – заман талабына сай  сананы  жаңғырту жөніндегі айтылған мәселелер бүгінгі күнімізбен қоса ертеңгі болашақ ұрпақ үшін  аса  маңызды іс болмақ!

Сарыарқа төсіндегі Ару қала

IMG_7380IMG_7385IMG_7372Панфилов ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Астана қаласының 20 жылдық мерекесі Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Жауынгерлік Даңқ музейінде» бастау алды. Атаулы шараға орай осы мекемеде 2018 жылдың 30 қаңтарында «Сарыарқа төсіндегі Ару қала» атты фото көрмесі ұйымдастырылды. Панфилов ауданының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Илипов Марат Тайлақұлы, Жетісу газетінің тілшісі Мырзағали Нұрсейіт,  Алматы облысы әкімінің Көркемөнер галереясы директоры Қаблисанов Қайрат Қаманұлы, Жаркент мешіті көркесәулет музейінің директоры Раев Әбдімурат  Әбдіқадырұлы, Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет галереясының өнертанушысы Талғарова Жәмилә Насырқызы,  аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Иманханов Дәурен Қуатұлы, Ы.Алтынсарин орта мектебі оқушылары мен гуманитарлық – техникалық колледж студерттері қатысты. Алғашқы құттықтау сөзді Панфилов ауданының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Илипов Марат Тайлақұлы   алды. Музей қонақтарын 20 жылдық төл мерекесімен құттықтап, жастарға жарқын болашақ тіледі. Кеште аудандық мәдениет үйінің әншілерінің орындауларындағы мерекелі әндер орындалды, көрмеге экскурсия жүргізілді. Көрмеге Алматы облыстық  «Көркемөнер галереясы»  МКҚК – ның  қорындағы туындылар, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Заманбекова Шолпан Жақыпқызының жұмыстары  қойылды.   Көрменің негізгі мақсаты –  суретшілердің Ару қаламыз Астана қаласына арнап салынған үздік туындылары, және Елордамыздың әсем табиғаты мен әсем келбетін сипаттайтын экспонаттардан жинақталған туындыларды кеңінен таныстыра отырып насихаттау. Шара барысында Алматы облысы әкімінің Көркемөнер галереясы директоры Қаблисанов Қайрат Қаманұлы «Жетісу» газетінің тілшісі Мырзағали Нұрсейіт және  аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Иманханов Дәурен Қуатұлы сөз сөйлеп, музей ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Фото көрме  өте қызық өтті.

САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ – АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДА

16-17 қараша күндері әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университетінің к і т а п х а н а с ы н д а Қазақстан халқы Ассамблеясының III Халықаралық медиа форумы болып өтті. Бұл шараға Қазақстан халқы А с с а м б л е я с ы н ы ң мүшелері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, республикалық БАҚ жетекшілері, отандық және Ресей, Германия, Латвия, Өзбекстан сияқты елдерден келген шетелдік сарапшылар қатысты. Форум аясында пленарлық сессия, конференция, шеберлік сабақтары өткізіліп, этностық БАҚ- тың көрмесі көрсетілді. Осы көрмеге отандық БАҚ-ының қатарында Панфилов аудандық «Жаркент өңірі» газетінің көрсетілуі де» мәдени шараның мәйегіне айналды. М о д е р а т о р ы «Хабар» телеарнасы директорының орынбасары Ерлан Игісінов болған форумның ашық диалогына Арманжан Байтасов, Қымбат Хангелдина, Айгүл Мүкей, Гүлнара Абдуназарова, Владимир Решетов сияқты білікті журналистер қатысып, шеберлік сабақтарын жүргізді, БАҚ өкілдерімен пікір алмасты. Форум жұмысына Панфилов аудандық «Жаркент өңірі» газетінің директоры бас редакторы БАҒДАТ А Й Т М Ұ Қ А Е В А Н Ы Ң қатысқаны да ақпарат айдынындағы елеулі оқиғалардың бірі болды.

Бірегей білім беру жобасы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мазмұнын оқып шыққаннан кейін мен бүкіл Қазақстан халқының санасын және әр азаматты әртүрлі бағыттар бойынша жеке-жеке өзгертудің тұтастай бағдарламасы жасалуда екенін түсіндім. Қазіргі заманғы қоғам және оның қажеттіліктері мен қатар, адамның мақсаттық бағытыда тез өзгеруде. Мұның бәрі ел азаматтарының ой-пікіріне әсер етеді. Жастармен жұмыс жүргізе отырып, біз, мұғалімдер, қоғамдық санадағы бұл өзгерістерді қадағалап отырамыз. Егер жастар өздеріне, олардың отбасыларына, қоғамға және елдің пайдасына білім деңгейін көтеруге бағытталмаған болса, онда мұндай жағдайда ұлттық қауіпсіздіктің жоғалу қаупі жоғары. Біздің Президент белгілеген азаматтардың сана-сезімін жаңғырту бағыттары бұрынғысынша өзекті болып табылады, олар Қазақстанның барлық білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысының бірлігін қамтамасыз етеді. Мысалы, бәсекеге қабілеттілік.Сөздің жаһандық мағынасында бұл мемлекеттің сақталуының және ұлттың білім алуына арналған бірегей жобаның, сондай-ақ жеке тұлғаның ауқымы бойынша азаматтың, оның балалары мен ата-аналарының лайықты өмірін сақтаудың шарты болып табылады. Елдің бәсекеге қабілетті азаматы ең алдымен мәдени адам, жоғары білікті маман және дені сау адам. Осындай тұлғаның қалыптасуы барлық деңгейдегі білім беру жүйелеріайналысады. Бұл тұрғыда 2017 жылы басталған «Барлығына арналған тегін кәсіби және техникалық білім» жобасын өте маңызды деп есептеймін. Мемлекет білікті кадрларды даярлауды 40% -ға арттырады және еркін кәсіптік біліммен 29 жасқа толмаған халықты жаппай қамтуды қамтамасыз етеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақаласында: «ашықтық және жақсы жетістіктерді қабылдағыштық- табыстың, ашық сананың көрсеткіші, керісінше бас тарту емес». Қазіргі жағдайдағы мұғалімдер үшін бұл жаңа идеяларға бейімділік және болашақта қазақстандықтардың жаңа білім беруді қалыптастыруға үлес қосатын белсенді азаматтық позициясы екені анық.

Дильбарам Иминова,  А.Розыбакиева атындағы орта мектепбінің

орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.

ЛАТЫН ƏЛІПБИІН ҚОЛДАЙМЫЗ!

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі –латын әліпбиіне көшу болып отыр. Тәуелсіздік таңы атып, ел іргесі нығайған тұста латын әліпбиіне ауысу – заман талабы. Елбасының бұл саясатын қара шаңырақ, білім ордасы Х.Көбіков атындағы орта мектептің ұжымы түгелдей қолдап отыр. Көптеген ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің пікіріне сүйенсек, латын әліпбиіне ауысу аса қиындық туғызбайды. Әрине, ешқандай нәрсе жеңіл жүзеге асып кетпесі анық. Дана халқымыз «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаған ғой. Аталған мектеп ұжымы латын әліпбиіне көшу жұмыстары туралы жоспар құрып, алдыға мақсат қойды. Бар қазақтың басын қосатын жазу боларына кәміл сеніммен қарауда. Мектепте өткен ата-аналар жиналысының да күн тәртібіне қойылып, түсінік жұмыстарын бастап та кетті. Себебі, ұстаздар, мемлекеттік қызметкерлер, зиялы қауым өкілдері бір кісідей жұмылсақ, бұл бастаманы қиындықсыз бастан өткеретініміз анық. Келешек ұрпақ үшін маңызы бар өзгеріс, әрі әлемдік ақпаратқа енуде де латын әліпбиінің орны жоғары екенін уақыт көрсетері анық.

Ғалия АБДРАХМАН, мектептегі бастауыш «Қазақ тілі» қоғамының жетекшісі .

ЕЛ ӨМІРІНДЕГІ ЕЛЕУЛІ БЕТБҰРЫС

Е л б а с ы Н.Назарбаетың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты» бағдарламалық мақаласы – еліміздің рухани әлеміне жаңа леп әкелді. Бағдарламалық мақаладағы негізгі тетіктердің бірі-2025 жылға қарай қажеттілігі туралы. Бұл ауқымы кең іс-шара Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін күшейту және ұлттық бірегейлікті сақтау қажеттілігі мен компьютерлік сауаттылықты жоғарылату, шет тілдерін меңгеруге тікелей байланысты. Латын–ол қазіргі жаңа технологияның, ғылымның көркем әдебиеттің тілі. Латын әліпбиіне көшу үлкен дайындықты, жан-жақтылықты қажет ететін қажырлы жұмыс. Тілде бірлік болмаса ұлттық бірегейлік те болмайды. Бәріміздің басымызды тіл ғана біріктіре алады. Оның құдіреттілігі де осында. Жаңа әліпби біздің графикалық санамызға сай «Бір әріп –бір дыбыс» ыңғайында жасалған. Тіл заңдылығы да сай келіп тұр.Мұның өзі үйренемін деген қай адамға да қолайлы. « Б а л а л а р ы м ы з д ы ң болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз, бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік меңгеруіне,ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»- де- ген Елбасымыздың бұл көрегендік саясатын-ел тарихындағы елеулі бетбұрыс деп айтамыз.

Айнұр САҒЫМБЕКОВА, Ш.Уәлиханов атындағы

орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру» дәлел. Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз да бұртартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты. Прагматизм. Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті. Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. ХХ ғасыр қасіреттерін қаперімізге сақтап, одан сабақ алу және де дүрбелең туғызу экономикалық күйреуге алып келетінін қазіргі кезде болып жатқан әлемдік толқыныстарды мысалға келтірді. Ревалюциялық өзгеріс емес, эволюциялық жаңару алып келуіміз керек екеніне ой қортты. Қорыта айтқанда, бұл Елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз дара жол көрсетті. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

З.ИМАНБАЕВА, Луначарский атындағы орта мектеп

гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Желтоқсан айының алғашқы күні, тұңғыш Президент күнін аудан орталығындағы алаңда салтанатты түрде атап өтілгеннен соң аудандық ауруханада жаңадан компьютерлік то- мография кабинетінің ашылу салтанаты болды. Жалпы құны 240 миллион теңге тұратын бұл аппарат аудан тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Тек Панфилов ауданы емес, көршілес екі ауданның халқына қызмет көрсетуге қауқарлы. Сондай-ақ аудандық ауруханада жаңадан инсультты емдейтін бөлім ашылды.Компьютерлік томографияның ашылуына Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Эльмира Ахметова, аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев, «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Төлеу Сарпеков және медицина қызметкерлері», еңбек ардагерлері қатысты. Аудан тұрғындары енді Алматы сияқты қалаларға бармай-ақ аудан орталығында тексеріле алатын болды. Аудандық орталық ауруханадағы денсаулық сақтау саласына қажетті озық техникалар мен түрлі аппараттарды әкеліп ел игілігіне пайдалану үшін ауданның бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Т.Сарпековтың еңбегі зор екендігі жөнінде осы шара барысында атап айтылды.

АУЫЛДАҒЫ ЖАҢА АМБУЛАТОРИЯ

Тұңғыш Президент күні Шолақай ауылында ауылдық амбулатория ашылды. Ауыл тұрғындарының үлкен қуанышына айналған бұл шараға Шолақай ауылының азаматтары, ардагерлері мен медицина қызметкерлері қатысты. Шолақай дәрігерлік амбулаториясында зертхана, тіс емдеу, балалар бөлімі сияқты басқа да қажетті бөлімдер бар. Онда жоғары білімді 3 дәрігермен бірге барлығы 26 адам жұмыс істейді. Күндізгі емдеу бөлімінде 4 адам емделе алады. Күніне 50 адам қабылдай алатын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы сапалы жасалған.

Шолақай дәрігерлік амбулаториясының ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Б.Абдулдаев пен Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Э.Ахметова және облыстық мәслихаттың депутаты, «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Т.Сарпеков, зиялы азамат- тар болды.

Лента қию рәсімі жасалып, дәрігерлік амбулатория меңгерушісі Муқадәс Амраеваға аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев жедел жәрдем машинасының кілтін табыс етті. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Э.Ахметова мен ауыл ақсақалы К.Ноғайбеков сөз алып ізгі тілектерін айтты. Ауыл тұрғыны Бердіқожа Әбуов ақсақал бата берді. Келушілер жаңадан салынған амбулаторияның ішін аралап көріп, заманауи талаптарға сай екеніне көз жеткізді. Шара соңында мерекелік дастархан жайылып, ас берілді.

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес !

         2017 жылдың 23-24 тамыз күні Жаркент  қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің акт залында аудандық ішкі саясат бөлімі мен Жаркент Жастары-2050 қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып, тарихымыздың негізі болып қалған, Семей ядролық полигонында зардап шеккен азаматтармен және  Желтоқсан оқиғасына белсене қатысқан қаһарман жерлестеріміз, талантты ақын, қарымды қаламгер, аудандық «Жаркент өңірі» газетінің директор-бас редакторы Б.Айтмұқаевамен және Е.Шәймерденовпен, мектеп ұжымы мен қала тұрғындарының кездесуі өтті. Кездесуде аталған тұлғалар сыйлықтармен марапатталып, осы Егеменді күніміздің бар болуына ат асалысқандары үшін лғыс білдірді.

Іс-шараға 40 адам қатысты.

 Мектепке жол

        2017 жылдың  24 тамыз күні  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Панфилов ауданы бойынша «Мектепке жол» атты акция ұйымдастырылды. Акцияғы мекеме және бөлім басшылары, ауданның зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер және мұғалімдер қатысып, оқушыларға қуаныш сыйлады. Әр округте өткен өткіізілген бұндай акцияда балаларға материалдық және қаржылай комектер берілді.

Жалпы бұл іс—шараға 3000 -дай адам қатысты.

Депутаттармен кездесу

         2017 жылдың 25 тамыз күні Татарстан Республикасының Президенті Р.Н.Манниханов жұмыс бабымен Панфилов ауданына қарасты  МЦПС «Хоргос» аймағына келіп, аудан әкімінің орынабасары Р.Мағрупова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илповпен бірлесе Қорғас аймағының орталығында орналасқан «Самрұқ» сауда орталығының тауар өнімдерімен танысты. Сондай-ақ сапар барысында АЭА «Құрғақ портында»  орналасқан «Қорғас – Шығыс қақпасы». Аймақтарының да жұмыс барысымен таныса кетті.

         2017 жылдың 28 тамыз күні Панфилов ауданына жұмыс іс-сапарымен  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ш.Хахазов пен Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Ж.Садеков  аудан активімен кездесу өткізді. Аудан әкімінің орынбасары Р.Мағрупова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов,  дунған этномәдени орталығының төрағасы И. Лосанов Көктал ауылдық округі, МЦПС «Хоргос»  аймақтарының жұмыс барысымен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетіп өтті. Кездесу кезінде жеке қабылдаулар өткізіліп, қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауаптар берілді.

         Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі