Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 197
  • Week Visit: 13  629
  • Month Visit: 55  056
  • Years Visit: 420  374
  • Total Page Views: 680

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Сарыбел ауылдық округі

Жалпы мәлімет

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Сарыбел  ауылы, Сатай батыр  көшесі, № 26

Электрондық поштасы:  sarybel@inbox.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 33-7-48, 33-7-41, факс: 8(72831)33-8-34.

            Сарыбел ауылдық округінің жалпы көлемі – оның ішінде жұртшылық жері- 29890 гектар. Ауылдық округтің құрамында 3 елді мекен бар: Сарыбел, Садыр және Тұрпан ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы болып Сарыбел ауылы белгіленген. Сарыбел  ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 27 км, Тұрпан  ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 11 км, округ орталығының ара қашықтығы – 16 км,  Садыр ауылы мен аудан ортағының ара қашықтығы – 22 км, округ орталығының ара қашықтығы –5км.

             2016 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 5157 адам, оның ішінде Сарыбел ауылында – 2332, Садыр ауылында – 1039, Тұрпан ауылында – 1746 адам тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 89%, ұйғырлар – 11 %, басқа ұлттар – жоқ Округ бойынша 469 зейнеткер бар. Жалпы аула саны – 794. 2016 жылы туылған бала саны – 93. Округке қоныс аударып келген адам саны –12. 

            Округте 3 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 2 пошта бөлімшесі, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, 3 мешіт, 3 орта мектеп бар, толығымен интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ  аудандық ішкі істер бөлімінің № 14 учаскелік полиция пункті  бар. Учаскелік полиция пунктінде 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді .Округ аумағында 7 дүкен, 364 шаруа қожалығы, Округте ақсақалдар алқасы құрылған, төрағасы – М.Амиров. Ақсақалдар алқасының мүшелері округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді атсалысады. Округ тұрғындары арасынан жергілікті қоғамдастыққа 17 адам мүше болып сайланған. Қоғамдастық мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.


Сарыбел  ауылдық округінің әкімі –  Сарпек Мухтархан Қумарбекұлы

20171114_142136

            Сарпек Мухтархан Қумарбекұлы 03 қараша 1958 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Улкеншыған  ауылында дүниеге келді. 1992 жылы Қазақтың еңбек қызыл Ту орденді ауылшаруашылық  институтын, экономист ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген. 1975-1975 жылдары құрылысшы Киров атындағы колхоз Панфилов ауданы, Лесновка ауылы, 1979-1980 жылдары бухгалтер Панфилов аудандық мемлекеттік банк Панфилов ауданы, 1980-1981 жылдары бухгалтер Панфилов темір бетон заводы Панфилов ауданы, 1981-1982 жылдары аға бухгалтер Панфилов сельхозхимия кәсіпорнында Панфилов ауданы, 1982-1985 жылдары аға бухгалтер ПМК-31 мекемесінде Панфилов ауданы, 1985-1998 жылдары бухгалтер Киров атындағы колхозда, Панфилов ауданы, 1998-2002 жылдары «Қумарбек» жеке шаруа қожалығының төрағасы, Панфилов ауданы, Алты үй, 2002-2013 жылдары Үлкеншыған ауылдық округінің  әкімі Панфилов ауданы, 2013-2014 жылдары бөлім басшысы Панфилов аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы РМК, 2015-2016 жылдары «Айтбек» ЖШҚ төрағасы.

         2016 жылдың 14 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Жаскент ауылдық округінің әкімі қызметінде.

         Үйленген, 4 баласы бар.


Округ әкімінің орынбасары –  Шаймердинов Ергали Турлығазыұлы

20171114_141818

           Шаймердинов Ергали Турлығазыұлы 29 қаңтар 1962 жылы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылында дүниеге келді. Алматы малдәрігерлік институтының 1984 жылы зооинженер мамандығы бойынша бітірген. 1984 – 1993 жылдары зоотехник «Октябрьдің 40 жылдығы» колхозы, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылы,1993 – 1994 жылдары мал шаруашылығы жөніндегі бухгалтер «Сарыбел»  колхозы Панфилов ауданы, Сарыбел ауылы, 1994 – 1996 жылдары Зоотехник «Сарыбел» колхозы Сарыбел ауылы, 1996 – 1998 жылдары бас зоотехник Сарыбел өндірістік кооперативі Сарыбел ауылы, 1998 – 2006 жылдары жеке шаруа қожалық мүшесі, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылы,1993 – 1994 жылдары мал шаруашылығы жөніндегі бухгалтер «Сарыбел»  колхозы Панфилов ауданы, Сарыбел ауылы, 1994 – 1996 жылдары зоотехник «Сарыбел» колхозы,  Панфилов ауданы, Сарыбел ауылы, 1996 – 1998 жылдары бас зоотехник Сарыбел өндірістік кооперативі, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылы, 1998 – 2006 жылдары жеке шаруа қожалық мүшесі, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылы, 2006 – 2013 жылдары жетекші маман Алматы облысы Панфилов аудандық статистика басқармасы Панфилов ауданы.

        2013 жылдан бастап Сарыбел ауылдық округінің әкімнің орынбасары.

        Үйленген, 3 баласы бар.


Округ әкімі аппаратының қызметкерлері

Т.А.Ә. Лауазымы Байланыс телефондары
Махмудова Ардақ Ержанқызы бас маман 8(72831) 33-7-30
 Дулатов Мерей Турсынұлы бас маман 87029294390
 Кегенбаев Мухаметқали Құсайынұлы бас маман 87024572441
Болатов Жанібек Қанатұлы бас маман 8(72831) 33-7-60
 Бершимбеков Ерболат Қурманғалиұлы жетекші маман 87772068271
 Қожабергенов Дидар бухгалтер 8(72831) 33-8-25
 Меделов Нурлан Нурахметұлы спорт жөніндегі әдіскер 87022405645
 Ибраимов Ермек Қуанышбекұлы оператор 87058757369
 Абайқанов Асылмурат Қурманғазыұлы жастар ісі жөніндегі әдіскер 87021477518

Халықпен жұмыс

Құрметті азаматтар!

            Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

            Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

            Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

            Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

Жалпы сұрақтар

            Округ әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібіне жауапты маманы –Болатов Жәнібек Қанатұлы 8/72831/33-7-41


Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Сарпек Мухтархан Қумарбекұлы Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері сағат 1430-ден 1830-ге дейін 13-00-ден 14-30 ға дейін
2 Округ әкімі орынбасары  Шаймердинов Ергали Турлығазыұлы Әр аптаның сейсенбі, сәрсенбі күндері сағат 1430-ден 1830-ге дейін 13-00-ден 14-30 ға дейін

Сарыбел ауылдық округ әкімінің аппаратына

жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу.

  2017 жылдың  І  қарашасына ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

  2017  жылдың 10 айында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан – 38 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан – 37, заңды тұлғадан -1.

            Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

– жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 15;

– жер телімдерін заңдастыру – 23

            Округ әкімі жеке мәселелер бойынша 12 адам қабылдады, соның ішінде  8 мәселе оң шешімін тапты, 4-мәселе бойынша түсініктеме берілді. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


2016 жылдың 12 айында  округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

            2016  жылдың 12 айында округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан  39 өтініш келіп түсті, оның ішінде  38-і жеке тұлғадан, заңды тұлғадан -1..

            Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

  – жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 7;

  – жер телімдерін заңдастыру – 32

            Округ әкімі М.Қ.Сарпек  жеке мәселелері бойынша 8 адам қабылдады,барлығы оң шешімін тапты.

            Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Сарыбел ауылдық округінде жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2017 жылдың 1 қарашасына қысқаша

МӘЛІМЕТ

            Ауылдық округте 3 елді мекен бар. Жалпы халық саны – 5162, қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 2100. Жергілікті өзін-өзі басқару жиналысына қатысуға өкілеттік берілген қоғамдастық мүшелерінің саны – 21.

           Ақсақалдар алқасының төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 7, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 5.

             2016 жылы өткізілген жиналыстардың саны – 3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 226000 теңге және түрлері бойынша: ерікті салымдар есебінен 226000 теңге.

            2017 жылдың 1 қарашасына өткізілген жиналыстардың саны – 9, жергілікті  маңызы бар мәселелерді шешуге берілген қаржыны немесе қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен ақшаға жүргізілген мониторинг саны – 1.

             Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 0, теңге.