Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 896
  • Week Visit: 10  687
  • Month Visit: 48  570
  • Years Visit: 538  101
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмесін

«Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын орындау, оған жол бермеу, қылмыстың алдын алу-баршамыздың міндетіміз. Аталған Заң сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, зардаптарын жоюға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Сондықтан мен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға тоқталып кеткім келеді.

ҚР «Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағының негізінде, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдар және оларға теңестірілгендердің, басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуы, жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттілігін пайдалануы, шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылықтың көрсетілуі сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық –заң бұзушылықтың ең ауыр түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуға міндетті. Басқарманың қызметкерлеріне орындауға түскен құжаттар мерзімінен кешіктірілмей уақында орындалуы қажет. Егер құжатардың орындалу мерзімі бұзылса немесе құжат заңның нормаларына сай тоқтатылмаса, осындай жағдайлардың барлығы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептер деп  танылуы мүмкін. Сондықтан жеке және заңды тұлғаларға ешқандай  артықшылық көрсетпей, құжатарды орындауға қатысты іс-әрекеттердің қолданыстағы заңның нормаларына сәйкес болуы қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресті біз ең алдымен өз арамыздан бастап, оның болуына жағдай туғызбай жұмыс істеуіміз қажет.

ҚР «Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес, мемлекетік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың осы баптың 1-тармағында аталған қандай да болсын құқық бұзұшылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекетің белгілері болмаса, қызметінен төмендетуге, қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқарудан өзге түрде босатуға не заңда белгіленген тәртіппен өзге де тәртіптік жаза қолдануға әкеп соғады. Алғашқы құқық бұзушылық үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан  кейін бір жылдың ішінде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенін қайталап жасау заңда белгіленген тәртіпен қызметінен босатуға әкеп соғады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа  жағдай туғызбас үшін ҚР «Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес туралы» Заңының 12- бабын әрбір қызметкер жатқа білуі керек.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Сыбайлас жемқорлық қоғам тұрақтылығына, мемлекетің конституциялық негіздеріне қатер төндіреді, сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу еларалық міндет» деп айтқандай, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа  жол бермей, онымен күресу тек қана құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың ғана емес, республикамыздың әрбір  азаматының міндеті.

Панфилов аудандық бөлім басшысы К.А.Джартыбаев

Пікірлер қалдыруы жабылған.