Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 221
  • Week Visit: 8  805
  • Month Visit: 46  803
  • Years Visit: 539  305
  • Total Page Views: 6

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Тазалық – денсаулық негізі»

%d1%81%d1%83%d0%b1%d0%b1%d0%be%d1%82%d0%bd%d0%b8%d0%ba-%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc%d0%b0-2-%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc«Тазалық – денсаулық негізі» демекші, сайын сахарада таза ауамен тыныстап, табиғатпен туыстасып бірге өмір сүрген дана халқымыз салауатты өмір салтын сақтауға қашанда баса мән бергені белгілі. Экологиялық жағдай күрделене түскен бүгінгі таңда азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңызы тіптен артып отыр. Бүкіл еліміздегі сияқты көктем мезгілі келісімен тазалық жұмыстарын жүргізу біздің ауданда да игі дәстүрге айналған.

Сәуір айының 15 күні аудан әкімдігі ғимаратының аумағында сенбілік өтті. Қаламызды көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылып отырған аталған шараға аудан әкімі аппараты мен аудандық мәслихаттың, %d1%81%d1%83%d0%b1%d0%b1%d0%be%d1%82%d0%bd%d0%b8%d0%ba-%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc%d0%b0-1сондай-ақ, кейбір аудандық бөлімдердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Сенбілікке қатысушылар 17 түп қарағай, 140 түп гүл, 25 түп тал отырғызды. Өңіріміздің абаттанып, қаламыздың көріктенуіне мұрындық болатын мұндай игі шаралар алдағы уақытта да аталған еңбек науқанына қатыспаған басқа аудан бөлімдері арқылы жалғасын табады деп сенеміз.

1356

Пікірлер қалдыруы жабылған.