Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  139
  • Week Visit: 17  553
  • Month Visit: 56  653
  • Years Visit: 501  205
  • Total Page Views: 686

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Талды ауылдық округі

Жалпы мәлімет

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Лесновка  ауылы, Жүнісов көшесі, № 67

Электрондық поштасы: taldy.ok@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 35-2-15, 35-2-51, факс: 8(72831)35-2-30.

            Талды ауылдық округінің жалпы көлемі – оның ішінде жұртшылық жері- 2598 гектар. Ауылдық округтің құрамында 3 елді мекен бар: Лесновка, Еңбекші және Нағарашы ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы болып Лесновка ауылы белгіленген. Лесновка ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 18 км, Еңбекші ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 21 км, округ орталығының ара қашықтығы – 3 км,  Нағарашы ауылы мен аудан ортағының ара қашықтығы – 3 км, округ орталығының ара қашықтығы –15 км.

            2017 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 5908 адам, оның ішінде Лесновка ауылында – 2216, Еңбекші ауылында – 1872, Нағарашы ауылында – 1820 адам тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 99%, ұйғырлар – 1,0 %, басқа ұлттар – жоқ.Округ бойынша 165 зейнеткер бар. Жалпы аула саны – 1086. 2017 жылы туылған бала саны – 134. Округке қоныс аударып келген адам саны – 57. Округте 3 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 3 пошта бөлімшесі, 2 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт, 3 мешіт, 3 орта мектеп бар, толығымен интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ  аудандық ішкі істер бөлімінің № 15 учаскелік полиция пункті  бар. Учаскелік полиция пунктінде 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді. Аудандық «Дәулет» кәсіпқой спорт клубының бөлімшесінің 1 секциясы бар.

           Округ аумағында 14 дүкен, 308 шаруа қожалығы, Округте ақсақалдар алқасы құрылған, төрағасы – С.Бердібеков. Ақсақалдар алқасының мүшелері округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді атсалысады. Округ тұрғындары арасынан жергілікті қоғамдастыққа 29 адам мүше болып сайланған. Қоғамдастық мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.


 Талды ауылдық округінің әкімі – Сейсенбеков Мұрат Бегасылұлы

img_1272

      Сейсенбеков Мурат Бегасылұлы 1956 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысы Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Алматы қаласындағы Халық шаруашылығы инстутын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1977 жылы «Ленин» атындағы кеңшардың еңбек жөніндегі экономисті қызметінен бастаған. 2000-2012 жылдары Үлкенағаш, Жаскент ауылдық округі әкімі, 2012-2017 жылдары аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып, 2017 жылдан бастап Талды  ауылдық округі  әкімі қызметінде. Үйленген, үш баласы бар.


 Округ әкімінің орынбасары – Сейтахунова Нүргүл Оразқызы

 

         Сейтахунова Нүргүл Оразқызы 7 наурыз 1965 жылы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Лесновка ауылында дүниеге келді. «Көкше» университетінің заңгер мамандығы бойынша оқуын  бітірді.1984-1987 жылдары «Октябрьдің 40 жылдығы» колхозында заңгер, Панфилов ауданы, Лесновка ауылы,1987-1992 жылдары Салық кассир, Талды ауылдық Кеңесі, Панфилов ауданы, Лесновка ауылы, 1992-1993 жылдары Талды ауылдық округі әкімі аппаратында хатшы Панфилов ауданы, Лесновка ауылы, 1993-2000 жылдары Талды ауылдық округі әкімі аппаратында аға инспектор, Панфилов ауданы, Лесновка ауылы, 2001-осы осы у/д.- Талды  ауылдық округі  әкімінің орынбасары. Тұрмыста, төрт баласы бар.


Округ әкімі аппаратының қызметкерлері

Т.А.Ә. Лауазымы Байланыс телефондары
Әлдиев Еркебай Әмірханұлы бас маман Дом.:8(72831) 35-0-35
Нұрмауленов Ділман Нұрмауленұлы бас маман Дом.:8(72831) 35-1-79
Тоқтасынова Маржан Сламқанқызы бас маман сот.:87762011963
Булатбеков Бақыт бас маман Дом.:8(72831) 35-1-68
Жүнісов Саян Сәкенұлы бас маман Дом.:8(72831) 35-0-81
Халыкова Айнаш Жанбулатовна жетекші маман Дом.:8(72831) 35-0-40
Садыков Багдаулет Қойшыбекұлы спорт жөніндегі әдіскер сот.:87772189480
Нургазиев Ғазиз Нұрланұлы оператор сот.:87025647297
Байтурова Анар Әскерқызы жастар ісі жөніндегі әдіскер сот.:87076220197

Халықпен жұмыс

Құрметті азаматтар!

       Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

            Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

            Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

 Жалпы сұрақтар

            Округ әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібіне жауапты маманы –Нұрмауленов Ділман Нұрмауленұлы 8/72831/35230

 

Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Сейсенбеков Мұрат Бегасылұлы Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері сағат 14.30-ден 18.30-ге дейін 13-00-ден 14-30 ға дейін
2 Округ әкімі орынбасары Сейтакунова Нұргүл Оразқызы Әр аптаның сейсенбі, жұма күндері сағат 14.30-ден 18.30-ге дейін 13-00-ден 14-30 ға дейін

Талды ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу.

  2017 жылдың І-жартыжылдығында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

  2017  жылдың І-жартыжылдығында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан- 31 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан –25.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

– жер пайдалану және жер  учаскелерін бөлу – 20;

Округ әкімі М.Сейсенбеков жеке мәселелер бойынша 5 адам қабылдады, соның ішінде 2 мәселе оң шешімін тапты, 3-мәселе бойынша түсініктеме берілді. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

            2016 жылдың 12 айында  округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

            2016  жылдың 12 айында округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 73 өтініш келіп түсті, оның ішінде 71-і жеке тұлғадан.

            Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

  – жер пайдалану және жер  учаскелерін бөлу –3;

– шешімнің мерзімін ұзарту  – 27;

– әлеуметтік қамтамасыз ету – 0.

            Округ әкімі М.Сейсенбеков жеке мәселелері бойынша 5 адам қабылдады, оң шешімін тапты.

            Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Талды ауылдық округінде жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2017 жылдың 1 тамызына қысқаша

МӘЛІМЕТ

            Ауылдық округте 3 елді мекен бар. Жалпы халық саны – 5908, қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 29. Жергілікті өзін-өзі басқару жиындарына қатысуға өкілеттік берілген қоғамдастық мүшелерінің саны – 5.

           Ақсақалдар алқасының төрағасы – 3, мүшелерінің саны – 21, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 3, мүшелерінің саны – 12, жастар ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 6, көше комитеттері – 8.

             2016 жылы өткізілген жиналыстардың саны – 2, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге берілген қаржыны немесе қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен ақшаға жүргізілген мониторинг саны – 1.