Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 478
  • Week Visit: 9  062
  • Month Visit: 47  060
  • Years Visit: 539  562
  • Total Page Views: 10

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТТЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Жылжымайтын мүлік құжаттарын ресімдеу қажеттілігіне тап болғанда, меншік иесі мынадай сұрақпен кезігеді: техникалық төлқұжат ресімдеу процедурасы қалай жүзеге асырылады? Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатының бар болуы жылжымайтын мүлік нысанының иесінің мәртебесін растау үшін қажет. Ол құжатсыз сату, жалға беру және кепілге беру мүмкін емес. 

Техникалық төлқұжат – бұл үйдің физикалық күйін көрсететін ақпараттық-анықтамалық құжат. Техникалық төлқұжатта үй-жайдың ауданы, бөлмелердің саны, үй-жайдың қабырғалары қандай материалдан жасалғаны туралы мәліметтер, барлық техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары көрсетілген.

   Техникалық және сәйкестендіру сипаттамаларын анықтауға бағытталған және техникалық төлқұжатты алуға қажетті барлық жұмыстар алғашқы және кейінгі бақылауға бөлінеді.

   Алғашқы бақылауға жаңа жылжымайтын мүлік нысандары жатады. Оның нәтижелері бойынша техникалық төлқұжат жасалады.

   Кейінгі бақылау жылжымайтын мүлік нысанының сәйкестендіру және техникалық сипаттамаларының өзгеруі немесе қайта жабдықтау жағдайында жүргізіледі.

   Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспортты беру»  мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыға өзімен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:  Жеке куәлігі және жылжымайтын мүлік объектісінің құқығын анықтайтын  құжаттар.      Қызмет-ақылы. Төлем өтініш берген кезде және дайын техникалық паспортты алған кезде қызметтің базалық  құны түрінде жүргізіледі. 

   Сонымен бірге бұл қызметті Электрондық Үкімет порталында, Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай өз компьютеріңізде отырып алуға болады. Осы үшін тиісінше, ғаламторға шығып, порталға тіркелу керек және өзіңізде электрондық-цифрлық қолтаңбаңыз болуы шарт.  Құжаттар тізімі ХҚКО ұсынатын құжаттармен бірдей, тек электрондық үлгіде ұсынылады.

Қызметті көрсету мерзімі жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:

1) пәтерге, жатаханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт 3 жұмыс күні ішінде беріледі;  

2) жеке  тұрғылықты үйлерге, жеке  гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт 7  жұмыс күні ішінде беріледі;   

3) жалпы алаңы 1000 шаршы метр жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт 10 жұмыс күні ішінде беріледі;     

4) жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын  жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт 20 жұмыс күні ішінде беріледі.     

     Осы қызметті ресімдеген кезде  тұтынушы техниктердің мамандарымен байланысқа шығуы және олардың үйге бару уақыты жөнінде келісіп алуы үшін  деректерді дұрыс көрсету қажет.

«ХҚКО» РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалының Панфилов аудандық бөлімінің жинақтау секторының жетекші инспекторы К.Н.Джуманова

Пікірлер қалдыруы жабылған.