Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 28
  • Week Visit: 13  460
  • Month Visit: 54  887
  • Years Visit: 420  205
  • Total Page Views: 19

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

ХҚКО арқылы медицина саласының қызметіне лицензия алуға болады

Сонымен, сізге медициналық лицензия алу қажет, ол үшін не істеу керек? Ең алдымен әрине тіркелген ауданыңыздағы ХҚКО-ға келу қажет. Медицина саласының қызметіне лицензия алуға сізге мынандай құжаттар қажет болатынын ескеріңіз: өтініш, жеке басыңызды куәландыратын құжат, лицензиялық алымдарды төлегеніңіз жайлы түбіртек, біліктілік талаптарына сәйкестік мәліметі жайлы форма, ғимаратқа немесе белгілі бір үй-жайға меншік иелігі немесе жалға алушы немесе мемлекеттік мүліктің сенімді басқарушысы жайлы құжат, орта немесе жоғарғы медициналық білімі жайлы диплом, қайта дайындықтан өткендігі жайлы куәлік немесе біліктілікті арттырғаны жайлы куәлік, жұмысшының еңбегін растайтын құжат.

Егер сіз лицензияны немесе оның қосымшасын қайта рәсімдеуші болсаңыз, онда сізге өтініш, лицензиялық алымдарды төлегеніңіз жайлы түбіртек, лицензияны немесе оның қосымшасын қайта рәсімдеуге негіз болған мемлекеттік ақпараттық жүйеде көрсетілмеген өзгерістер жайлы ақпаратты қамтитын құжаттар.

Ал лицензияның немесе оның қосымшасының телнұсқасын аламын деушілерге лицензиялық алымдарды төлегеніңіз жайлы түбіртек пен өтініш толтырса жеткілікті.

Бұл қызметтің қанша уақытта дайын болатынын білгіңіз келе ме? Лицензияны алуға 15 жұмыс күні кетсе, қайта рәсімдеуге 3 жұмыс күні кетеді. Ал, лицензияның телнұсқасын рәсімдеу үшін небәрі 2 жұмыс күні жеткілікті.

Айтпақшы, бұл мемлекеттік қызметті көрсету ақылы. Лицензияны алуға 10 АЕК төлейсіз, қайта рәсімдеуге осы соманың 10% алар кезде төлейсіз, бірақ ол сома 4 АЕК-тен аспауы керек. Лицензияның телнұсқасын 10 АЕК сомаға, лицензияны алар кезде төлейсіз.

ХҚКО Алматы облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер қалдыруы жабылған.