Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 886
  • Week Visit: 10  677
  • Month Visit: 48  560
  • Years Visit: 538  091
  • Total Page Views: 3

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Шабындықтағы еңбек шабыты

           «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, бар тіршілік көзін малмен байланыстыратын шаруа адамы үшін жаз айлары тынымсыз еңбекке толы берекелі маусым. Қысқы мал азығын дайындау мақсатында ауданымыз аумағындағы ауылдық округтерде шөп шабу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Құрамына үш бірдей елді- мекен қарайтын Үшарал ауылдық округінің еңбеккерлері шұрайлы шабындықтағы тынымсыз тірлікке білек сыбана кіріскен. Ауылдық округтің жер инспекторы Қоспағаров Қуаныш Уәлиұлының айтуынша,биылғы жылы ауыл бойынша 1391.3 гектар жер шабындық болып белгіленіп, қысқы мал азығына 4000 тонна жемшөп дайындау жоспарланыпты. Аумағында 384 жеке шаруа қожалық жұмыOLYMPUS DIGITAL CAMERAс жасайтын Үшарал ауылында шөп шабу науқанына 8 комбайн, 45 трактор, сондай-ақ шабылған шөпті тайлап, тасуға керекті техникалар жұмылдырылған. Таңмен таласып шұрайлы шабындықта еңбек науқанының көрігін қыздырған қожалықтар мен жеке жұмыскерлер ерен еңбектерінің арқасында бүгінде жоспарлаған меженің көп бөлігін дайындап та үлгірген. Бұлардың арасында берекелі ұжымның бірін басқарып отырған Бейсенғали Боқанов:
     –Биылғы жаңбырлы көктем шабындық жерімізді жасыл шалғынға бөлеп, шөп те бітік шықты. Бұл біз үшін де, халық үшін де өте тиімді. Алдағы қахарлы қысқа тыңғылықты дайындалу үшін жаздың осындай ашық күндерін тиімді пайдаланып, қолдағы бар техникамызбен дамыл таппай жұмыс жасаудамыз. Бүгінге дейін біздің ұжым бойынша тапсырмадағының 70 пайызын орындап отыр – деп жеке шаруашылықтағы жұмыс барысы жайлы әңгімелеп берді.
Шабындықтағы барша еңбеккерлердің сарша тамыздың аптап ыстығындағы жұмыстарына жеміс тілейміз.
 Еркін ИСАХАН.

Пікірлер қалдыруы жабылған.