Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Шолақай ауылдық округі

Жалпы  мәлімет

Мекен-жайы: ҚазақстанРеспубликасы, Алматыоблысы, Панфилов ауданы, Шолақай ауылы, Мектеп көшесі, №1

Электрондық поштасы: Sholakai2014@maill.ru

Байланыс телефондары: 8(72831)5-89-43, 8(72831)5-89-30.

Шолақай  ауылдық округінің жалпы көлемі – 320мыңшаршы шақырым. Шолақай округтің құрамында 3 елді мекен бар: Шолақай, Дихан Қайрат  және Жиделі. Округтің әкімшілі орталығы болып Шолақай  ауылы белгіленген.Шолақай  ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 7км, Дихан Қайрат ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 8 км, округ орталығының ара қашықтығы – 17 км, Жиделі мен аудан орталығының ара қашықтығы – 12км, округ орталығының ара қашықтығы – 5 км.

2017 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 5244 адам, оның ішінде Шолақай ауылында – 3889, Дихан Қайрат ауылында – 1282, Жиделі – 73 адам тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 2202 адам, орыстар – 32, ұйғырлар – 2989 адам, басқа ұлттар – 21 адам. Округ бойынша 363, зейнеткер бар. Жалпы аула саны – 870. 2018 жылдың мамыр  айына дейін туылған бала саны – 27.

Округте 2 кітапхана, 1 пошта бөлімшесі, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт, 1 мешіт, 2 орта мектеп, 1 мәдениет үйі, 2 мектепке дейінгі шағын орталық бар, толығымен интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің № 16 учаскелік полиция пункті  бар. Учаскелік полиция пунктінде 2 учаскелік инспектор жұмыс істейді.

Округ аумағында 5 дүкен, 10 дүңгіршек, 325 шаруақожалығы бар. Округте ақсақалдар алқасы құрылған, төрағасы – К.Ноғайбеков. Ақсақалдар алқасының мүшелері округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді атсалысады.Округ тұрғындары арасынан жергілікті қоғамдастыққа 23 адам мүше болып сайланған. Қоғамдастық мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.


 Шолақай ауылдық округінің әкімі – Асматулаев Тайыржан Турсынұлы

         Асматулаев  Тайыржан Турсынұлы 1957 жылғы 06 мамырда Панфилов ауданының Шолақай ауылында дүниеге келген. 1964-1974 жылдары Шолақай ауылындағы орта метепті бітірді.1974-1978 жылдары Волгаград институтінің дене  тәрбиесі мамандығын алып, 1978-1987 жылдары дене тәрбиесі спорт мектепбінде және Шолақай орта мектебінде директордің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып істеді. 1987-1996 жылдары халық депутаттары Шолақай ауылдық Кеңесінің  төрағасы.

        1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  Шолақай ауылдық округінің әкімі қызметінде.

         Үйленген, 3 баласы бар.


Округ әкімі аппаратының қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Итахунов Адилжан Незадунович Бас  маман 8(72831)5-89-43
Туленгитов Бакыт Мамешович Бас  маман 8(72831)5-89-43
Абдували Азамат Ерджанұлы Бас  маман 8(72831)5-89-30
Бас  маман 8(72831)5-89-30
Тумабаева Айгерим Амангельдықызы Бас маман-бухгалтер 8(72831)5-89-43
Абдусаламова Саяра Абдусаламовна Бас маман-салық инспекторы 8(72831)5-89-43
Гаппарова Бахаргуль Исаковна Компьютер операторы 8(72831)5-91-45
Шакенова Ақбота Еркинбекқызы Жастар ісі жөніндегі әдіскер 8(72831)5-89-30
Нургазиев Ерганат Турсынович Спорт  ісі жөніндегі әдіскер 8(72831)5-89-43

Халықпен  жұмыс

Құрметті азаматтар!

       Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

       Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң  шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бастартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

     Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiм мен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Жалпы сұрақтар

Округ әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізуге жауапты маманы – Абдували Азамат Ерджанұлы, тел.: 8(72831)5-89-30.


Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Асматулаев Тайыржан Турсынұлы Әр аптаның сәрсенбі, бейсенбі күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін 13-00-ден 14-30ға дейін

Ауызша мәлімет  алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады: 8(72831)5-89-43,  8(72831)5-89-30


Шолақай ауылдық округі әкімінің аппаратына

жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу.

2018 жылдың 2 тоқсанындағы Шолақай ауылдық округі әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2018 жылдың 2 тоқсанындағы Шолақай ауылдық округі әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2018 жылдың 2 тоқсанындағы Шолақай ауылдық округі әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 27 өтініш келіп түсті, оның 27 жеке тұлғадан, заңды тұлғадан өтініш келіп түспеді.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

* жер пайдалану және жер учаскелерін бөлу – 27

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

2018 жылдың І сәуіріндегі ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2018 жылдың І тоқсанындағы ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан – 13 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан – 13.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

– жер пайдалану және жер учаскелерін бөлу – 10;

– жер телімдерін заңдастыру – 3

Округ әкімі жеке мәселелер бойынша 7 адам қабылдады, соның ішінде 3 мәселе оң шешімін тапты, 4-мәселе бойынша түсініктеме берілді. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Шолақай ауылдық окргі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

МӘЛІМЕТ

 

Шолақай ауылдық округінде 3 ауыл бар. 2018 жылдың басынан мемлекеттік бюджеттің ІV деңгейі енгізілді. Шолақай ауылдық округі қоғамдастық жиналысында Жергілікті қоғамдастықты дамытудың жоспары, бекітіліп, аудан әкімінің ресми сайтына орналастырылды.

2017 жылы 26 желтоқсанда Панфилов аудандық мәслихатының № 6-28-182 шешімімен 2018 жылға 27069 мың теңге, 2019 жылға 28000 мың теңге, 2020 жылға 29256 мың теңге көлемдерде бюджет бекітілді, оның ішінде 2018 жылға Шолақай ауылдық округінің кірістері 27069 мың теңге, шығындары 27069 мың теңгені құрайды.

2017 жылы жергілікті қоғамдастықтың 4 жиналысы өтсе, 2018 жылдың 01 шілдесіне 1 жиналыс өтті. Жиналыстар мен жиындарда санитарлық тазалық, бюджетті бекіту, әкімді лауазымынан босатуды, кандидатураларын келісу, трансферттерді бекіту, ауыз су жүйесінің құрылысы, қайта жаңғырту, жер уачскесін бөлу, көше атауын өзгерту сияқты және т.б. мәселелер қаралды.

2017 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 5079 мың теңге түсті. Оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынана – 31 теңге, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден – 69 мың теңге, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдардан – 12 мың теңге, аудан бюджетінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттерден – 4796 мың теңге түсті.

2017 жылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін (көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалық, жарықтандыру және т.б.) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынана 5079 мың. теңге жұмсалды.

2018 жылдың 5 айында аудандық маңызы бар Жаркент қаласы мен 13 ауылдық округтің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына салықтың 6 түрінен 342 мың теңге жинау жоспарланса, 6109 мың теңге жиналды.

Округ әкімі Т.Асматулаев


Шолакай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың  2018 жылға даму бағдарламасы