Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 25
  • Week Visit: 13  457
  • Month Visit: 54  884
  • Years Visit: 420  202
  • Total Page Views: 13

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Электрондық цифрлық қолтаңба»

Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында, уақыт тапшылығы кезде әрбір адам өзіне қажетті істің жылдам және қолайлы жолдарын іздейді. Бүгін сіздерге ЭЦҚ деген не және ол не үшін қажет? ЭЦҚ-ны қалай және қай жерде алуға болады деген ең пайдалы ақпаратпен бөлісетін боламыз.
Бүгінде үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ қез келген мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады, бірақ ол үшін сіздің жеке электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы қажет (ЭЦҚ). ЭЦҚ-ны алу үшін сізге Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының сайты арқылы –www.pki.gov.kz сұраныс жолдау қажет. Аталмыш сайтта ЭЦҚ алуға қажетті бөлімдерді толтырып болған соң, сайттың соңында сізге берілген кодты жазып алып немесе қағазға басып алып ХҚКО алып келу қажет. ХҚКО қызметкерлері сіз әкелген код арқылы өтініміңізді арнайы бағдарламамен растап, флэш картаға жазып береді. Сондай-ақ, екінші тәсілі жеке куәлігіңізбен ХҚКО-ға келіп ЭЦҚ жаздыруға өтініш беру. Ол үшін сізге жеке куәліктің жадысындағы ақпаратты оқуға көмектесетін картридеріңіз болуы шарт. ЭЦҚ жаздырып алған соң, оның көмегімен сіз электронды үкімет порталына тіркеліп, кез келген электронды қызметке тапсырыс беруге мүмкіндік туады.
Есіңізде болсын, қауіпсіздік мақсатында ЭЦҚ жарамдылық мерзімі сіз алған күннен бастап бір жыл.
Алматы облысы бойынша жыл басынан бері 73647 ЭЦҚ берілді. Соның ішінде жеке куәлікке 36124 ЭЦҚ берілсе, 37583  ЭЦҚ онлайн түрде расталған.

ХҚКО Алматы облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.