«Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Техникалық шарты» ҚР СТ 989-2014 стандартын түсіндіру жөнінде семинар өтті
2016 жылдың 21 сәуірінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Техникалық шарты» ҚР СТ 989-2014 стандартын түсіндіру жөнінде семинар өтті.
Семинар Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ә.Ә. Әкімов, Қазақстан Стандарттау институты Алматы облысы филилалының директоры М.А. Жетыбаева және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Семинарды аудан әкімінің орынбасары Р.А. Мағрупова ашып, жүргізіп отырды.
Аталған шараны түсіндіру мақсатында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Б. Сатыбалдиев баяндама жасады. Баяндама жасау барысында түсіндіру бойынша слайд көрсетіліп отырды.
Көрермендер залынан сұрақтар қойылып, барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.