Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 494
  • Week Visit: 9  078
  • Month Visit: 47  076
  • Years Visit: 539  578
  • Total Page Views: 363

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

 

             2016 жылғы 20 қаңтар                      №3/82                              Астана қаласы 

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Консти­туция­лық заңының 12-бабы 14) тармақ­шасына, 101-бабына сәйкес Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Орталық сайлау комиссия­сы қаулы етеді:

  1. 2016 жылғы 20 наурызға Қазақ­стан Республикасы мәслихаттары депу­тат­тарының кезекті сайлауы тағайындалсын.
  2. Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
  4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құ­ралдарында жариялансын.

 

Төраға Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ 

Хатшы Б.МЕЛДЕШОВ

 

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 

2016 жылғы 20 қаңтардағы 

№3/82 қаулысымен бекітілген 

 

2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған 
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну
  Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің жоғарғы органдары, олардың құрылымдық бөлімшелері және азаматтар – өзін-өзі ұсыну жолымен

Сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда аяқталады

20 қаңтарда басталады және 19 ақпанда аяқталады

(103-б. 6-т.)

2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күн мерзім ішінде

27 қаңтардан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        
  Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей

27 қаңтардан кешіктірмей

   (17-б. 2-т.)                      

          4. Округтік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жерлерін, сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау    

 

  Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей  30 қаңтардан кешіктірмей  

 (14-б. 6) т., 15-б. 3-т., 22-б. 2-т., 4-т.)

          5. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                              
  Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 30 қаңтардан кешіктірмей  

(13-б. 4-т.)

6. Сайлау округін көрсете отырып, тиісті қоғамдық бірлестіктің мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешімін және кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін, сондай-ақ азаматтың дауысқа түсу ниеті туралы өтінішін округтік сайлау комиссиясына ұсыну
  Қоғамдық бірлестіктердің жоғарғы органдары, олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған азаматтар        

20 қаңтарда басталады және 19 ақпанда аяқталады

                                                              (103-б. 3-т., 4-т.)

7. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
  Округтік сайлау комиссиялары

Үш күн ішінде

(103-б. 8-т.)

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және олардың әрқайсысына тиісті куәлік беру
Округтік сайлау комиссиялары

Кандидат сенім білдірген адамдардың тізімін және сол адамдардың кандидаттың сенім білдірген адамдары болуға келісетіні туралы өтініштерін тапсырғаннан кейін

 (16-б. 5) т., 31-б.)

9. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы декларацияларды ұсыну
  Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

                                                                          (104-б. 1-1-т.)

10.  Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу, хаттама жасау  және әрқайсысына тиісті куәлік беру
  Округтік сайлау комиссиялары

Сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, оған жиырма бес күн қалғанда аяқталады

20 қаңтарда басталады және 23 ақпанда аяқталады

                                                                  (16-б. 5) т., 104-б.)

          11. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну
  Округтік сайлау комиссиялары

Бес күн мерзім ішінде

                                                                             (104-б. 5-т.)

12. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Округтік сайлау комиссиялары

Кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей

1 наурыздан кешіктірмей

                          (16-б. 5) т., 104-б. 6-т. 1) т.)

13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
  Салық қызметі органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                        (104-б. 1-1-т.)

14. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тіркеу   

 

  Округтік сайлау комиссиялары

Кандидаттың тіркелгеннен кейін өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде

                                                                               (34-б. 2-т.)

15. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

  Округтік сайлау комиссиялары

Кандидаттар тіркелгеннен кейін

                                                                                (34-б. 6-т.)

16. Кандидаттардың арнаулы уақытша шоттарына қаражаттың келіп түскені туралы және оның жұмсалғаны туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Округтік сайлау комиссиялары

Айына екі рет

                                                                               (34-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу      

 

  Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

24 ақпанда басталады және 18 наурызда 24:00 сағатта аяқталады

                                                                (27-б. 2-т.)

18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесулер кестесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                (28-б. 4-т.)

19. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

  Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                             (28-б. 6-т.)

20. Әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну     

 

  Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын                                                                       

28 ақпаннан кешіктірмей

                                                                              (24-б. 5-т.)

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

  Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

4 наурыздан кешіктірмей

 (26-б. 1-т.)

22. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу
  Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау күніне дейінгі жеті күннен кешіктірмей

12 наурыздан кешіктірмей

                                                                  (38-б. 1-т., 3-т.)

 

23. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету  

 

  Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

9 наурыздан кешіктірмей  

    (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

         24. Округтiк сайлау комиссиясының сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерiн анықтау жөніндегі отырысын өткізу үшін, отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, сайлау учаскесін айқындау
  Округтік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

9 наурыздан  кешіктірмей

                                                                           (43-б. 8-1-т.)

25.  Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

  Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары

Сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

18 наурыздан кешіктірмей 

(16-б. 7) т., 37-б. 3-т.)

26. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және сайлау учаскесінің ашылғаны туралы хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

27. Дауыс беруді өткізу 

 

  Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

28. Сайлау учаскесінде сайлау округтері бойынша мәслихат депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жасау

 

  Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

29. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                               (43-б. 8-т.)

30. Сайлау учаскесінде сайлау округтері бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды округтік сайлау комиссияларына ұсыну

 

  Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

31. Сайлау  округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін белгілеу және сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау

 

  Округтік сайлау комиссиялары

(16-б. 9) т., 43-б. 8-1-т., 108-б. 2-т.)

32. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткен сайлау учаскесiнің үй-жайында ілу
  Округтік сайлау комиссиялары                                    

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

                                                                        (43-б. 8-1-т.)

33. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы  алдын ала жиынтық тiзiмдемені жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iлу
  Округтік сайлау комиссиялары                                    

Дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірмей

24 наурыздан кешіктірмей

                                                                        (43-б. 8-2-т.)

34. Сайлау нәтижелері туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну
  Округтік сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде                                     

21 наурыздан кешіктірмей

                                                                         (108-б. 2-т.)

          35.  Мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау
  Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күннен аспайтын мерзімде

24 наурыздан кешіктірмей

                                                (14-б. 9) т., 44-б. 2-т., 111-б.)

36.  Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Округтік сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

26 наурыздан кешіктірмей

 (16-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

37.  Мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды және олардың тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

26 наурыздан кешіктірмей 

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т., 46-б. 3-т. 1) т.)

38. Округтік сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсыну
Сайлау қорларын құрған мәслихаттар депутаттығына кандидаттар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей

 (34-б. 9-т.)

          39. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                    
  Округтік сайлау комиссиялары

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

40.  Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру

 

  Аумақтық сайлау комиссиялары

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)                 

          Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.