Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 481
  • Week Visit: 9  065
  • Month Visit: 47  063
  • Years Visit: 539  565
  • Total Page Views: 53

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті

25609128-bcq7ile95oҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақты дамыту мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысу мақсатында  2016 жылдың 7 қазанында Панфилов ауданында көшпелі отырыс өткізді. 

Алматы облысынан көшпелі отырыстың жұмысына Алматы облысының әкімі А.Баталов қатысты.

unnamedКөшпелі отырысқа қатысушылар Алматы қаласынан «Алтынкөл» теміржол станциясына келіп түсіп, бірден теміржол станциясы жұмысымен танысты. Одан кейін бағдарлама бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының «Алматы – Қорғас» учаскесін көріп, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтағы «Құрғақ порттың» жұмысымен танысты. Сондай-ақ Пенжім ауылындағы Пенжім орта мектебін аралап, Жаркент қаласындағы «Крахмал-сірне зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, Басқұншы ауылындағы сел тасқынан қорғауға арналған құрылыстың, «Қорғас» ШМЫХО-ның жұмыстарымен танысты.

Бағдарламада көрсетілген нысандармен танысқаннан кейін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясының әкімшілік ғимаратында комитеттің көшпелі отырысы өтті. Көшпелі отырыста мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі жалғастыру, дамыту мәселелері, логистикадағы проблемалық жайттар, оларды шешу жолдары көтеріліп, отырысқа қатысушылар өзара пікір алмасты.

Пікірлер қалдыруы жабылған.