Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 229
  • Week Visit: 8  813
  • Month Visit: 46  811
  • Years Visit: 539  313
  • Total Page Views: 10

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Қазақстан Тәуелсіздігі мәңгілік»

1Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, елімізді әлемге рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні қарсаңындағы салтанатты шара Жаркент өңірінде аудандық Мәдениет үйі жанындағы жерлестеріміз, желтоқсан оқиғасының құрбандары Ербол Сыпатаев пен Ләззат Асановаға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, рухына  тағзым етуден басталды.

Аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа аудан тұрғындарының барлық санаттары: мекеме, ұйым басшылары, оқу және еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер, арадагерлер, желтоқсан оқиғасына қатысушылар, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер қатысты. Көрермен залын айрықша бір күйге бөлеп, әуелетіп Қазазқстан Республикасының Гимні орындалғаннан кейін салтанатты шараны театрландырылған көрініспен Д.Рақышов атындағы халық театрының әртістері ашты.

3Ұлттық мерекемізде алғашқы болып мінбеге шыққан аудан әкімі Б.Абдулдаев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап 25 жылдың ішінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктерімізді толығымен қамтыған мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар баяндамада 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын, оның ортасында болған жерлестеріміз Ербол Сыпатаев пен Ләззат Асанованың да ерлігін тілге тиек етті.

Аудан әкімінің құттықтауынан кейін желтоқсан оқиғасына қатысушы, аудандық «Жаркент өңірі» газетінің редакторы Б. Айтмұқаева, ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Д.Насыров, «Талдықорған орыс орталығы» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының мүшесі П.В.Емец, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Г.Самалбекова аудан 2тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Құттықтаушылардың ыстық ықыластарынан кейін аудан әкімі Кәсіпкерлер палатасының, Орталық сайлау комиссиясының Алғыс хаттарын, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан бір топ тұрғындарға «Панфилов ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті. Сондай-ақ бірқатар тұрғындар қажырлылықпен  еңбек  етіп, ерекше  көзге  түскені үшін аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиналыстан кейін аудандық Мәдениет үйінің халықтық ансамбльдері аудан көркемөнерпаздары ұжымдарымен бірлесіп көрермендерге мерекелік тамаша концерттік бағдарламаны тарту етті.

4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16

Пікірлер қалдыруы жабылған.