Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Қайтыс болуды тіркеу» және «Жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау» композиттік қызметтері

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Қайтыс болуды тіркеу» және «Жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау» композиттік қызметтерін ресімдеу рәсімін жеңілдете отырып, «бір терезе» қағидаты бойынша жаңа қызметтерді енгізді. Яғни, қайтыс болған адамды тіркету үшін өтініш берген тұлға бір уақытта қайтыс болуды тіркеуге және жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындауға өтініш бере алады.

Ол үшін қызмет алушы Мемлекеттік корпорацияның фронт–офисіне жүгінуі тиіс. Фронт-офис операторы өтініш беру күнін көрсетусіз бір уақытта «Қайтыс болуды тіркеу» және «Жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау» үшін екі өтініш қабылдайды.

Қайтыс болуды тіркеу және жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау үшін қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын құжаттар және қайтыс болған адамның жеке куәлігі қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі бір жұмыс күні ішінде беріледі, орындалған құжат әрі қарай жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы анықтаманы рәсімдеуге жолданады.

Бұл ретте, егер қайтыс болған адам осы елді мекенде зейнетақы немесе жәрдемақы алушы болып табылса, онда Е-макет операторы базада өтінішті қалыптастырады. Ол үшін жерлеуді жүзеге асыратын адамның жеке басын куәландыратын құжаты, қайтыс болу туралы анықтама немесе куәлік және есепшот нөмірі қажет.

Жерлеуге арналған жәрдемақы сомасы қызмет алушының банктік шотына жерлеуге арналған жәрдемақыны тағайындау туралы өтініш тіркелген күннен бастап 5-ші жұмыс күні түседі.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Пікірлер қалдыруы жабылған.