Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 236
  • Week Visit: 8  820
  • Month Visit: 46  818
  • Years Visit: 539  320
  • Total Page Views: 11

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы

IMG_65612016 жылдың 20 сәуірінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы Е.Е. Нұрахметов, прокурордың көмекшісі Ж. Құранбек қатысты. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың депутаттары, мекеме, ұйым басшылары, кәсіпкерлер, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері, жергілікті қоғамдастық өкілдері, ақсақалдар алқасы, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңес төрағалары, учаскелік полиция инспекторлары шақырылды.

Отырысты қоғамдық кеңес төрағасы Н. Иманғалиев ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәтібінде аудан бойынша санитарлық тазалық туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша жергілікті әкімшілік полициясы басшысының орынбасары, полиция майоры Д.З. Үмбетбеков және Жаркент қаласы әкімінің орынбасары Х.Т. Ахметов баяндама жасады.

IMG_6558Көрермендер залынан полиция инспекторларының вакант орындары, оларды үй-жаймен қамтамасыз ету, абаттандыру және т.б. мәселелер туралы сұрақтар қойылды. Ұсыныстарымен аудандық мәслихат хатшысы Е.Е. Нұрахметов, Қ.А. Ахметқалиев, А.Н. Абдукаримов сөз сөйледі. Сондай-ақ, Жаркент қаласының тұрғындары Н. Рахымжанов, Б. Көбенбаев, Н. Рахымбаев сауалдар қойып, аудан тазалығы туралы өз пікірлерін білдірді.

Кеңейтілген отырысты қоғамдық кеңес төрағасы Н. Иманғалиев қорытындылады.

Кездесу барысында бейнеролик, ауданның және қаланың санитарлық тазалығы туралы слайд көрсетіліп отырды.

Пікірлер қалдыруы жабылған.