Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 17  113
  • Week Visit: 49  968
  • Month Visit: 118  787
  • Years Visit: 651  438
  • Total Page Views: 545

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қоғамдық кеңес

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ Заңы


Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары


Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобымен құрылған Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамы


 Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамы


Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің қызмет бағыттары бойынша комиссиялары


Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары


 Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы ақпарат

Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесі 2017 жылы белгіленген жоспар бойынша жұмыс жасап, бір жылдың ішінде барлығы 27 отырыс өтті.

2017 жылда төмендегі мәселелер қаралды:

2017 жылғы 27 қаңтарда «Панфилов ауданының әлеуметтік -экономикалық дамуының 2016 жылғы қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы Панфилов ауданының әкімі Б.Е.Абдулдаевтың есебі тыңдалды;

2017 жылғы 21 ақпанда «Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы туралы 2016 жылы бойынша» Үлкеншыған ауылдық округі әкімі М.О.Оспанбековтың және «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы» аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.О.Жанпейсовтің есептері тыңдалды;

2017 жылғы 6 маусымда «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы»  Панфилов ауданының  ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Қ.Қасымбаевтың және «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы» аудандық  кәсіпкерлік  бөлімінің басшысы О.Н.Бекмұхамбеттің есептері тыңдалды;

2017 жылғы  19 қырқүйекте «Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалу барысы туралы» Панфилов ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы Т.Н.Керімбековтың және «8 айда Басқұншы  ауылдық округі  әкімі аппаратының  бюджеттік бағдарламаларды орындауы және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы туралы» Басқұншы ауылдық округі әкімінің орынбасары С.С. Бұрқанбековтың есептері тыңдалды;

2017 жылғы 8  желтоқсанда  «9 айда Жаркент қаласы әкімі аппаратының   бюджеттік бағдарламаларды орындауы және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы туралы»  Жаркент қаласының әкімі Е.Е.Нұрахметовтың есебі тыңдалды және Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді;

2017 жылғы 20  желтоқсанда  «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы»  аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Қ.Сембаевтың  және «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы»  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің  басшысы Ж.Н.Наймантаевтың есептері тыңдалды.

         Сонымен бірге, 22 рет Қоғамдық тыңдау өткізіліп, олардың барысында  жергілікті өкілді және атқарушы органдарының 29 нормативтік құқықтық акітілерінің жобалары жария талқыланды.

         Жалпы Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің 27 отырысы өтіп, 9 мемлекеттік органдар  басшыларының есептері тыңдалып, талқыланды.

Жалпы ақпарат

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің құрамы.   

         Панфилов аудандщық Қоғамдық кеңесі 25 мүшеден құрылған, олардың ішінде: 7 коммерциялық емес үйымдардың, 11 өзін өзі ұсынған және 6 мемлекеттік органдардың өкілдері.

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің Ережесі:

         Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесі туралы Ереже Панфилов аудандық  мәслихатының 2016 жылғы 01 сәуірдегі  № 6-2-10 шешімімен бекітілді.

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің төралқасы

         Қоғамдық кеңес қызметіне оның отырыстары арасындағы кезеңде басшылықты 7 адамнан қалыптастырылған Қоғамдық кеңес төралқасы атқарады. 

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің комиссиялары:

         Панфилов аудандыө  Қоғамдық кеңесінің құрамында келесі комиссиялар қызмет атқарады:

  1. Бюджет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, заңдылықты сақтау мәселелері бойынша комиссиясы;

Комиссияның төрағасы –   Жазылбекова Несіпхан Әбдірешқызы  

  1. Аграрлық сала, орта, шағын бизнесті қолдау, жер қатынастары, ветеринария, табиғатты пайдалану және экология мәселелері бойынша комиссиясы;

Комиссияның төрағасы – Илямов Хусаин Мұталипұлы

  1. Әлеуметтік саланы дамыту, еңбекпен қамту, білім, денсаулық сақтау, тіл, спорт, мәдениет, жастар саясаты, этнос және дін аралық қатынастар мәселелері бойынша комиссиясы;

Комиссияның төрағасы – Тұрғанов Шәріпхан Нұржанұлы

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары:

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің қызметі Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырылып, ашық дауыс беру жолымен бекітілетін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда.

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің материалдық – техникалық қамтамасыз етілуі:

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің толыққанды қызметін қамтамасыз ету үшін Панфилов аудандық  әкімдігінің ғимаратында Қоғамдық кеңес төрағасы мен кеңеске қызмет ететін төралқасына арналған 1 кабинет берілген.

Панфилов аудандық

Қоғамдық кеңестің төрағасы

Оспанов А.А.


Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің оң қызметі туралы ақпарат

Панфилов аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілген күннен кейін (Панфилов аудандық мәслихаты 2016 жылдың 1 наурыздағы  № 5-61-401 шешімімен бекітілді) 2017 жылда келесі жұмыс атқарылды:

2017 жылы 27 қаңтарда «Панфилов ауданының әлеуметтік -экономикалық дамуының 2016 жылғы қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы Панфилов ауданының әкімі Б.Е.Абдулдаевтың есебі тыңдалды;

2017 жылы 21 ақпанда «Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы туралы 2016 жылы бойынша» Үлкеншыған ауылдық округі әкімі М.О.Оспанбековтың және «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы» Панфилов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.О.Жанпейсовтың есептері тыңдалды;

2017 жылы 06 маусымда «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы»  Панфилов ауданының  ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Қ.Қасымбаевтың және «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы» Панфилов ауданының кәсіпкерлік  бөлімінің басшысы О.Н.Бекмұхамбеттың есептері тыңдалды;

2017 жылы  19 қырқүйекте «Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалу барысы туралы» Панфилов ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы Т.Н.Керімбековтың және «8 айда Басқұншы  ауылдық округі  әкімі аппаратының  бюджеттік бағдарламаларды орындауы және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы туралы» Басқұншы ауылдық округі әкімінің орынбасары С.С. Бұрқанбековтың есептері тыңдалды;

         Сонымен бірге, 17 рет Қоғамдық тыңдау өткізіліп, олардың барысында  жергілікті өкілді және атқарушы органдарының 19 нормативтік құқықтық акітілернің жобалары жария талқыланды.

Жалпы ақпарат

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің құрамы.   

         Алматы облысының Қоғамдық кеңесі 25 мүшеден құрылған, олардың ішінде: 7 коммерциялық емес үйымдардың, 11 өзін өзі ұсынған және 6 мемлекеттік органдардың өкілдері.

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің Ережесі:

         Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесі туралы Ереже Панфилов аудандық  мәслихатының 2016 жылғы 01 сәуірдегі  № 6-2-10 шешімімен бекітілді.

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің төралқасы

         Қоғамдық кеңес қызметіне оның отырыстары арасындағы кезеңде басшылықты 7 адамнан қалыптастырылған Қоғамдық кеңес төралқасы атқарады. 

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің комиссиялары:

         Панфилов аудандыө  Қоғамдық кеңесінің құрамында келесі комиссиялар қызмет атқарады:

  1. Бюджет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, заңдылықты сақтау мәселелері бойынша комиссиясы;

Комиссияның төрағасы –   Жазылбекова Несіпхан Әбдірешқызы  

  1. Аграрлық сала, орта, шағын бизнесті қолдау, жер қатынастары, ветеринария, табиғатты пайдалану және экология мәселелері бойынша комиссиясы;

Комиссияның төрағасы – Илямов Хусаин Муталипұлы

  1. Әлеуметтік саланы дамыту, еңбекпен қамту, білім, денсаулық сақтау, тіл, спорт, мәдениет, жастар саясаты, этнос және дін аралық қатынастар мәселелері бойынша комиссиясы;

Комиссияның төрағасы – Тұрғанов Шәріпхан Нұржанұлы

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарлары:

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің қызметі Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырылып, ашық дауыс беру жолымен бекітілетін жылдық жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылуда.

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің материалдық – техникалық қамтамасыз етілуі:

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің толыққанды қызметін қамтамасыз ету үшін Панфилов аудандық  әкімдігінің ғимаратында Қоғамдық кеңес төрағасы мен кеңеске қызмет ететін персоналға арналған 1 кабинет берілген.

Панфилов аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы,

Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы

Ж.М.Сагымбекова

16.10.2017 ж.

 


Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің  отырысы өтті

img_84652016 жылғы 14 қазан  күні «Аудандағы коммуналдық шаруашылық объектілер  мен білім ошақтарының 2016-2017 жылғы жылыту маусымына дайындығы туралы»  Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің  отырысы өтті.

Отырысқа ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімінің басшысы мен мамандары шақырылды және атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Қалалық (ауылдық)  қазандықтардың, оқыту (балабақшалар, мектептер) және денсаулық сақтау (ауруханалардың, амбулаториялардың және т.б.) нысандарының дайындығы, отындардың (қатты отын, сұйық отын) қажетті мөлшермен жабдықталуы, қазандықтарды жөндеу жұмыстарының жүргізілуі талқыланды.

Қоғамдық кеңес қорытындысы бойынша ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімінің басшысы А.Тазабековқа тиісті ұсынымдар берілді.

14.10.2016ж.


Панфилов аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті

2016 жылғы 11 қазанда алтыншы шақырылған  Панфилов аудандық мәслихатының «Бюджет және экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, жол құрылыс мәселері жөніндегі тұрақты комиссиясының   отырысы болып өтті.

Тұрақты комиссияның отырысында комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Панфилов ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің атқарып жатқан жұмыстары туралы» «Панфилов ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің есебі тыңдалды. «Панфилов ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Мұхаметжанова Балжан Дәулетқызы есепті кезең бойынша атқарған жұмыстар туралы мағлұмат берді.

11.10.2016ж.


2016 жылы 30 қырқүйек күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Панфилов аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

img_84522016 жылы 30 қырқүйек күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа мекеме, бөлім басшылары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Қеңес отырысын қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Х.Илямов  жүргізіп отырды. 

Күн тәртібінде «Аудандағы үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктермен аудандық ішкі саясат бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары туралы» ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Тайлақұлы Илиповтың есебі талқыланды.  Бұл сұрақ бойынша ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Илипов бөлімнің есепті кезең бойынша атқарған жұмыстар туралы мағлұмат берді.

Жиын барысында көтерілген мәселе толығымен қаралып, сұрақтар қойылып, жауаптары алынды. Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесі қаралған мәселе бойынша ұсынымдар қабылданды.

30.09.2016ж.


Халық сенімін ақтау жолында

Қоғамдық кеңестер туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы 31 желтоқсандағы №1194 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы» үлгілік ережеге сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты 2016 жылдың 1 наурыздағы № 5-61-401 шешімімен аудандық кеңестің құрамын бекітті.Қоғамдық кеңестің құрамына барлығы 25 адам енгізілген.Оның 7 мүшесі қоғамдық кеңестің алқа мүшесі болып сайланды.

Қоғамдық кеңесінің қызмет бағыттары бойынша 3 комиссия құрылып,құрамы бекітілді.

Қоғамдық кеңестің бірінші отырысында қоғамдық кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспары жоспарланып,16 мәселе қарастырылды.

Қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыру мақсатында аудандық әкімдіктің ғимаратынан бір жұмыс кабинеті бөлініп,қажетті жабдықтармен жарақтандырылды.Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізіп,толыққанды жұмыс жасауы үшін толықтай жұмыс жасалынды.

Қоғамдық кеңес қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін аудан әкімінің ресми сайтындағы мәслихат аппаратының бөлімінің ішінен қоғамдық кеңеске арналған бөлім ашылып,бүгінгі күнде қоғамдық кеңестің қызметіне байланысты барлық ақпараттар жариялануда.

Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 6-2-10 шешімімен аудандық Қоғамдық кеңес Ережесі бекітіліп,жұмыстар атқарылуда.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыс жоспары бойынша Қоғамдық кеңес 7 рет өзінің отырысын өткізді.Қоғамдық кеңестің отырысында барлығы 27 мәселе қаралып,8 мемлекеттік органдар басшыларының есептері талқыланды.Оның ішінде 8 азаматтың құқықтарына,бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары жария талқыланып,қортынды хаттамалар берілді.

Қоғамдық кеңестердің негізгі міндеттерінің бірі-орталық және жергілікті атқару органдарының және өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту.Яғни,азаматтық қоғам тарапынан мемелекеттік органдардың қызметін бақылау ғана емес,сондай-ақ,жұмыла әрекет ету және көмек көрсету.

Алдағы уақытта аудандық Қоғамдық кеңес осы қағиданы басшылыққа ала отырып,халықтың өзіне артқан сенімін ақтау жолында жұмыстар атқара беретін болады.

Х.Илямов,

аудандық Қоғамдық кеңес

 төрағасының орынбасары

27.09.2016ж.


20160817_102747Аудандық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдауы

2016 жылдың 10 тамызы мен 14 қыркүйегі аралығында аудандық маслихат депутаттары 32 елді мекенде ауыл тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау кезінде тұрғындар тарапынан 132 ұсыныстар айтылды. Олар негізінен ауыз су мәселесі, көшеге жарық тарту, жол, тротуар жасау, жер телімі туралы, ауыл шаруашылығы, білім, медицина, мәдениет салалары бойынша. Көтерілген мәселелер бойынша аудандық әкімдік пен  мәслихат депутаттарының бірлескен  іс-шаралар жоспары жасалып, олардың орындалуы бақылауға  алынды.

22.09.2016ж.