Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 397
  • Week Visit: 35  601
  • Month Visit: 160  245
  • Years Visit: 809  142
  • Total Page Views: 989

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қоңырөлең ауылдық округі

Жалпы мәлімет

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,  Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылы,Қожбанбет би көшесі, № 40.

Электрондық поштасы: akimatk.olen@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 4-01-45, факс: 8(72831) 4-00-31.

Қоңырөлең ауылдық округінің жалпы көлемі – 905,1 гектар. Ауылдық округтің құрамында 5 елді мекен бар: Қоңырөлең, Сарытөбе, Бөрібай би, Ынталы және Керімағаш ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы болып Қоңырөлең ауылы белгіленген. Қоңырөлең ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 70 км, Сарытөбе ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы -72 км, округ орталығының ара қашықтығы – 6 км, Бөрібай би ауылы мен аудан ортағының ара қашықтығы – 76 км, округ орталығының ара қашықтығы – 12 км. Ынталы ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 98 км, округ орталығының ара қашықтығы – 35 км, Керімағаш ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы -35 км, округ орталығының ара қашықтығы – 90 км.

2016 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 5771 адам, оның ішінде Қоңырөлең ауылында – 3183, Сарытөбе ауылында – 809адам, Бөрібай би ауылында – 685 адам, Ынталы ауылында – 614адам, Керімағаш ауылында – 480 адам  тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,4%, басқа ұлттар – 0,06 % (ұйғыр, шешен, орыс, т.б)  Округ бойынша 496 зейнеткер бар. Жалпы аула саны – 1069. 2015 жылы туылған бала саны – 85. Округке қоныс аударып келген адам саны – 208. 

Округте 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана, 1 пошта бөлімшесі, 1 емхана, 4 фельдшерлік пункт, 5 мешіт, 5 орта мектеп, 3 мектепке дейінгі шағын орталығы, 1 балабақша бар, толығымен интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ  аудандық ішкі істер бөлімінің № 6 учаскелік полиция пункті  бар. Учаскелік полиция пунктінде 2 учаскелік инспектор жұмыс істейді.

Округ аумағында 6 дүкен, 8 дүңгіршек, 371 шаруа қожалығы, 2 ЖШС бар. Округте «Қоғамдастық жиыны» құрылды. Құрамында 32 мүшесі бар, төрағасы-Д.Жумабаев. Ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі  жұмыс жасайды. Қоғамдық ұйым мүшелері округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді атсалысады. Қоғамдастық жиын мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.

 


 

Қоңырөлең ауылдық округінің әкімі – Далабаев Ерлан Кенжахметұлы 

 

       Далабаев Ерлан Кенжахметұлы – 1972 жылдың 18 шілдесінде Талдықорған қаласында дүниеге келген. 1989-1995 жылдары Алматы қаласындағы Алматы банк колледжін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2002-2005 жылдары М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған. 1990-1992 жылдары Кеңес әскері қатарында болған. 1995-1997 жылдары Қоңырөлең ауылы «Қоңырөлең» өндірістік кооперативінің жұмысшысы, 1997-1998 жылдары Қоңырөлең ауылдық округі әкімі аппаратының қосымша салық инспекторы, 1998-2008 жылдары Қоңырөлең ауылдық округі әкімі аппаратында салық инспекторы, 2008-2012 жылдары Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2012 жылдың мамыр айынын маусым айына дейін Панфилов аудандық пошта байланыс торабының бастығының міндетін атқарды.

      2012 жылдың 12 желтоқсанынан бастап жылдан осы уақытқа дейін Қоңырөлең ауылдық округінің әкімі қызметінде.

       Үйленген, 2 баласы бар.


Округ әкімінің орынбасары – Дәуренбекова Ғалия Бекдайырқызы


       Дәуренбекова Ғалия Бекдаирқызы 1965 жылғы 19 ақпанда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылында дүниеге келген. 1972 жылы 1982-1984 жылдары «Қазанның 40 жылдығы» колхозында колхозшы, 1984-1990 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық институтын экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген. 1987-1995 жылдары «Қазанның 40 жылдығы» колхозында есепші, 2004-2012 жылдары Қоңырөлең ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы,

       2012 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметінде.

       Тұрмыста, 2 баласы бар.


Округ әкімі аппаратының қызметкерлері

 

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
бас маман 8(72831) 4-00-31
Қойшыбеков Серік Дәулетбекұлы бас маман-заңгер 8(72831) 4-00-31
Абдрешов Нұрқанат Жуманұлы бас маман-жер инспекторы 8(72831) 4-00-31
Абайдолдаев Нұрсұлтан Серікұлы бас маман (бухгалтер)
8(72831) 4-00-31
 Ахметжанов Асхат Мұхаметқалиұлы
жетекші маман 8(72831) 4-00-31
Адилбаев Дәулен Меделханұлы жастар ісі жөніндегі әдіскер
8(72831) 4-00-31
Қоджахметов Асқар Мәулетханұлы спорт жөніндегі әдіскер
8(72831) 4-00-31
Құрманқожанов Ербол Ермұханұлы жүргізуші 8(72831) 4-00-31
Жақанова Елзат Ермекқызы компьютер операторы
8(72831) 4-00-31

 


 Халықпен жұмыс

Құрметті азаматтар!

        Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

        Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

       Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

Жалпы сұрақтар

Округ әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізуге жауапты маманы:  тел.: 8(72831) 40-0-31


Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Далабаев Ерлан Кенжахметұлы әр аптаның дүйсенбі, жұма сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін 13.00-ден 14.30-ға дейін
2 Округ әкімінің орынбасары Дәуренбекова Ғалия Бекдайырқызы әр аптаның сейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін, бейсенбі сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін 13.00-ден 14.30-ға дейін

Қоңырөлең ауылдық округ әкімінің аппаратына

жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу.

  2018 жылдың  І сәуіріндегі ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

  2018  жылдың І тоқсанындағы ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан – 4  өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан – 4.

            Өтініштерде төмендегі мәселелер көтерілді:

– жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 4;

         Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


2018 жылдың II тоқсанындағы округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2018 жылдың II тоқсанындағы округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 9 өтініш келіп түсті, оның 8 жеке тұлғадан, заңды тұлғадан 1 өтініш келіп түсті.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер көтерілді:

* жер пайдалану үшін –7

* тұрғын үй құрылысына- 2

* жер пайдалану, нысаналы мақсатын өзгерту –1

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

Округ әкімі жеке мәселелері бойынша 0 адам қабылдады, 0 мәселе оң шешімін тапты.

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


2018 жылдың 1 тоқсанындағы округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

            2018  жылдың 1 тоқсанындағы округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан  4 өтініш келіп түсті, оның ішінде  4-і жеке тұлғадан.

            Өтініштерде төмендегі мәселелер көтерілді:

  – жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 4;

            Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Қоңырөлең ауылдық округінде жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2018 жылдың 1 сәуіріндегі қысқаша

        Ауылдық округте 5 елді мекен бар. Жалпы халық саны – 5694, қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 2700. Жергілікті өзін-өзі басқару жиындарына қатысуға өкілеттік берілген қоғамдастық мүшелерінің саны – 32.

           Ақсақалдар алқасының төрағасы – 5, мүшелерінің саны – 17, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 5, мүшелерінің саны –15, жастар ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 5, көше комитеттері – 16.

             2018 жылы өткізілген жиналыстардың саны – 6, жиындардың саны – 5, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге берілген қаржыны немесе қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен ақшаға жүргізілген мониторинг саны – 1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 18000 теңге және түрлері бойынша: ерікті салымдар есебінен 18000 теңге.

            2018 жылдың 1 сәуіріндегі өткізілген жиналыстардың саны – 6, жиындардың саны – 5, жергілікті  маңызы бар мәселелерді шешуге берілген қаржыны немесе қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен ақшаға жүргізілген мониторинг саны – 2.


Қоңырөлең ауылдық окргі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

МӘЛІМЕТ

Қоңырөлең ауылдық округінде 5 ауыл бар. 2018 жылдың басынанмемлекеттік бюджеттің ІV деңгейі енгізілді.Қоңырөлең ауылдық округі қоғамдастық жиналысында Жергілікті қоғамдастықты дамытудың жоспары, бекітіліп, аудан әкімінің ресми сайтына орналастырылды.

2017 жылы 26 желтоқсанда Панфилов аудандық мәслихатының № 6-28-182 шешімімен 2018 жылға 66198 мың теңге, 2019 жылға 67007 мың теңге, 2020 жылға 68602 мың теңге көлемдерде бюджет бекітілді, оның ішінде 2018 жылғаҚоңырөлең ауылдық округінің кірістері 66198 мың теңге, шығындары 66198 мың теңге ні құрайды.

Округте жергілікті қоғамдастық жиыны өткізіліп, қоғамдастық жиналысына 32 мүшесі 4 жылға өкілеттік алған.2017 жылы жергілікті қоғамдастықтың 4жиналысы, 4 жиыны өтсе, 2018 жылдың 01 шілдесіне 4 жиын, 4 жиналыс өтті.Жиналыстар мен жиындарда санитарлық тазалық, бюджетті бекіту, әкімді лауазымынан босатуды, кандидатураларын келісу, трансферттерді бекіту, ауыз су жүйесінің құрылысы, қайта жаңғырту, жер уачскесін бөлу, және т.б. мәселелер қаралды.

2017 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 5003,815 мың теңге түсті. Оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарына – 9,6 мың теңге, сыртқы (көрнекі) жарнамадан –0,0 мың теңге, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден -81,8 мың теңге, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдардан -11,4 мың теңге, аудан бюджетінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттерден –4901,0 мың теңге түсті.

2017 жылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін (көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалық, жарықтандыру және т.б.) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынана 5136,5 тыс. теңге жұмсалды.

2018 жылдың 5 айында округтің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына салықтың 6 түрінен 938,0 мың теңге жинау жоспарланса, 2518,8 мың теңге жиналды.

Сонымен қатар басқа түсімдерден (әкімшілік айыппұлдар, жарнама, ерікті алымдар, мүлікті жалға беру)144,8 мың теңге түсті.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес аудандық маңызы бар Қоңырөлең ауылдық округі жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне 1 балабақша берілді. Берілген балалақшалардың бюджеті 35094 мыңтеңгені құрайды.

Округ әкімі у.м.а. Ғ.Дауренбекова


Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылдық округінің 2018 жылға даму бағдарламасы