Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 221
  • Week Visit: 8  805
  • Month Visit: 46  803
  • Years Visit: 539  305
  • Total Page Views: 47

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

 ҚР Мәжілісі Парламентінің депутаты Қ.Сұлтанов Панфилов ауданына жұмыс сапарымен келді

IMG_423723-25 шілде аралығында Панфилов ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов жұмыс сапарымен келді. Қуаныш Сұлтанұлы жұмыс сапары барысында аудандағы «Крахмал-сірне зауыты», «Универсал» ЖШС, Даңқ мұражайы, Жаркент мешіті көркем-сәулет мұражайы, Жаркент қаласындағы перзентхана, «Қорғас» ШМЫХО, Құрғақ порт, Алтынкөл теміржол бекеті, «Достық» су торабы сияқты бірқатар нысандарды аралады.

Сондай-ақ білім алған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің ұжымымен, Көктал ауылындағы ауылдық кітапхана оқырмандарымен, өзі туып-өскен Талды ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылдық Мәдениет үйінде ауыл тұрғандарымен кездесу өткізді.

IMG_428324 шілде күні аудандық Мәдениет үйінде Қуаныш Сұлтанұлы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын түсіндіру жөнінде аудан активімен кездесу өткізді. Актив кездесуіне мәслихат депутаттары, оқу және еңбек ұжымдарының басшылары, мемлекеттік қызметшілер, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері, ақсақалдар, кәсіпкерлер, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ кездесуге қонақ ретінде Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов, Серік Қатенұлы Байбатыров, Өмірәлі Қажыбайұлы Қопабаев, Тоққожа Естенұлы Естенов қатысып отырды.

Қуагыш Сұлтанұлы Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетіп, «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландару және экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» сияқты бес бағытына қысқаша тоқталып өтті.

IMG_4254Кездесу барысында аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Құрманжан Ахметқалиев, аудандық славян этномәдени орталығы тқрағасының орынбасары, Панфилов ауданының Құрметті азаматы Галина Павловна Молчанова, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Рахимжан Тохтахунов сөз алып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөнінде пікір бөлісті.

Кездесу соңында аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев аудан тұрғындары атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановқа аудн активімен саяси маңызы зор кездесу өткізгеніне алғысын білдіріп, табыс тіледі.

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.