Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 889
  • Week Visit: 10  680
  • Month Visit: 48  563
  • Years Visit: 538  094
  • Total Page Views: 8

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қызмет алушының қалауы бойынша ХҚКО-да кезекті брондауға болады

«Халыққа қызмет көрсету орталық» департаментіне  барып қандай да  бір құжаттарды рәсімдеу үшін, біз өзімізге қолайлы уақытты таңдауға тырысамыз. Қазіргі танда  «ХҚКО» департаменттерінде кезекте тұрып уақыт жоғалтпау үшін  баратын уақытыңызды алдын-ала жоспарлап, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы арнайы функцияның көмегімен кезек алып қоюыңызға болады.

Қызмет үш қадам бойынша көрсетіледі:

«ХҚКО» департаментін таңдау – ЖСН (Жеке сәйкестіндіру нөмірін) енгізіп, қажетті «ХҚКО» департаментін  көрсетіледі.

«Келуді жоспарлау» «ХҚКО» департаментінде қажетті қызметті көрсетіп, қолайлы келу уақытын көрсетіңіз (күні мен уақыты).

«Алдын ала келісу нәтижесі» – сізге алдын ала келісу нәтижесі туралы хабарлама келеді.

Кезекті онлайн брондау аяқталғаннан кейін көрсетілген ХҚКО-да таңдалған уақытта «Брондау» батырмасын басып, талондар беру терминалы арқылы электронды кезек талонын алу қажет. ЖСН көрсетіңіз, одан кейін терминал электрондық кезек талонын береді, осы бойынша сізді тағайындалған терезеде 30 минут ішінде қабылдайды.

Электрондық кезекке талонды сіз «ХҚКО»  департаментінде талондарды беру секторының инспекторына жеке куәлігіңізді ұсынып, алатыныңыз жөнінде ескертеміз.  

Сонымен қатар,   ұялы телефон арқылы «ХҚКО» департаментінде кезекті алдын ала брондауға болатының ескертеміз! 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі сұрақтарыңыз болса жергілікті жердегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе бірыңғай байланыс орталығы: 1414 телефоны арқылы тегін анықтама ала аласыз.

Алматы облысы бойынша «ХҚКО» департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер қалдыруы жабылған.