Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 896
  • Week Visit: 10  687
  • Month Visit: 48  570
  • Years Visit: 538  101
  • Total Page Views: 175

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі жаңарды

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап үміткерлерді іріктеу механизмі өзгертілді. Жаңа ережеге сәйкес құқық қорғау қызметіне бірінші рет орналасайын деп жатқан азаматтар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен жеке қасиеттері мен заңдар туралы білімін анықтайтын тест арқылы өткізіледі. Сол сынақтардан сәтті өткен үміткерлер ғана құқық қорғау органдарына қабылдау байқауына қатыса алады.      

Тест өту үшін кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында жазылып, тест өтетін қаланы және уақыты мен күнін таңдай алады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Сондай-ақ, тесттен өтуге «E-gov электронды үкімет порталы» арқылы жазылуға болады. Ол үшін электронды-цифрлы қолы болуы қажет.

Жаңа ережелерді енгізумен қатар тестілеудің 3 бағдарламасы орнатылды. Азаматтардың басым бөлігі құқық қорғау қызметіне қабылданарда екінші және үшінші бағдарлама бойынша тест тапсыратын болады.

Екінші бағдарлама – орта басшы құрамға, біз оларды офицерлік лауазымдағылар дейміз (учаскелік полиция инспекторлары, жедел уәкілдер, инспекторлар, тергеушілер, анықтаушылар), 7 нормативтік құқықтық акт бойынша тапсырады (Конституция, қылмыстық кодекс, қылмыстық процессуалдық кодекс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңдары, Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексі).

Үшінші бағдарлама – қатардағы құрамға: полицейлер, техниктер, тергеушінің көмекшілері, олар 5 нормативтік құқықтық акт бойынша тапсырады (Конституция, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі», «Ішкі істер органдары», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңдары, Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексі).

– Ішкі істер органдары қызметіне қабылдану ҚР «Құқық қорғау қызметі» заңымен жүргізіледі. Мамандығы мен ерекшелігіне байланысты, құқық қорғау қызметі әскери қызметке теңестіріліп, құқық қорғау органдарына жұмысқа қабылдану үміткерлер үшін басқа да талаптар арқылы жүргізіледі. Ол – денсаулығының жай-күйі, физикалық дамуы мен дайындығы, білім деңгейі, бой және жас шектеулігі. Қатардағы құрам лауазымына құқық қорғау органдарына жұмысқа қабылдау білімі ортадан төмен емес, 25 жасқа дейінгі талаппен, ал офицерлікке білімі жоғары, негізінде заң мамандығын бітіргендер үшін, қысқа профильді мамандықтардан бөлек 35 жасқа дейін қабылданады. Ескерте кететін жайт, үміткердің жасы құжат тапсырған күнмен емес, байқауды өтіп келіп қызметке қабылданған күнмен есептеледі. Бойға қатысты ерекше талаптар, ол – ер-азаматтар үшін 170 см., әйелдерге 160 см төмен емес, жол патрульдік полиция қызметі үшін 175 см кем болмауы тиіс. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданудың тағы бір талабы: қатардағы құрам лауазымына ҚР Қарулы күштерінде әскери қызмет өтілі болуы, офицерлік қызмет үшін әскери қызметке жарамдылық қағазы болуы шарт.

005 006 007 008

Пікірлер қалдыруы жабылған.