Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Үлкенағаш ауылдық округі

Жалпы мәлімет

Мекен-жайы: ҚазақстанРеспубликасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Әулиеағаш  ауылы, Ж.Шаяхметов көшесі, № 53

Электрондық поштасы: aulieagaw_2013@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 46-0-72, , факс: 8(72831)46-0-72.

          Үлкенағаш ауылдық округінің жалпы көлемі – оның ішінде жұртшылық жері – 184 гектар. Ауылдық округтің құрамында 3 елдімекен бар: Әулиеағаш, Көктал-Арасан және Жаркент-Арасан ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы болып Әулиеағаш ауылы белгіленген. Әулиеағаш ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 28 км, Көктал-Арасан ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 37 км, округ орталығының ара қашықтығы – 9 км. Жаркент-Арасан ауылы мен аудан ортағының ара қашықтығы – 40 км, округ орталығының ара қашықтығы –12 км.

            2017 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 3667 адам, оның ішінде Әулиеағаш ауылында – 3322, Көктал-Арасан ауылында – 276, Жаркент-Арасан ауылында – 69 адам тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,8%, ұйғырлар – 0,2 %, басқа ұлттар – жоқ. Округ бойынша 313 зейнеткер бар. Жалпы аула саны – 641. 2017 жылы туылған бала саны – 36. Округке қоныс аударып келген адам саны – 18. Округте 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 пошта бөлімшесі, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, 1 мешіт, 2 орта мектеп бар, толығымен интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің № 7 учаскелік полиция пункті  бар. Учаскелік полиция пунктінде 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді. Балалар жас өспірім спорт мектебі жұмыс істейді.

           Округ аумағында 10 дүкен, 235 шаруа қожалығы, Округте ақсақалдар алқасы құрылған, төрағасы – С.Михеев. Ақсақалдар алқасының мүшелері округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді атсалысады. Округ тұрғындары арасынан жергілікті қоғамдастыққа 15 адам мүше болып сайланған. Қоғамдастық мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.


Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі – Нұрахметов Ермек Еркінұлы

       1962 жылдың 19 қарашасында Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.   1986 жылы Қазақтың Еңбек қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша аяқтаған. Жалпы еңбек өтілі – 27 жыл, оның ішінде мемлекеттік қыз

       1980-1981     жылдары Кербұлақ аудандық  тұтынушылар қоғамы  бірлестігінің  орталық қоймаларында жүк басушы, 1981-1986 жылдары Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді қазақ ауылшаруашылық институтының студенті.

        1986-1989 жылдары   Халық депутаттары Кербұлақ  аудандық  агроөнеркәсіптік бірлестігінің аға агрономы, жетекші агрономы, 1989-1990 жылдары Қазақстан коммунистік партиясы Кербұлақ аудандық партия комитетінің  нұсқаушысы,1990-1991 жылдары Кербұлақ аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігінің жетекші  маманы, 1991-1992 жылдары Алматы Ленин орденді темір жолының Сарыөзек бөлімшесінің жұмысшысы, 1992-1994 жылдары «Атамекен»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 1994-1995 жылдары Кербұлақ ауданы кинобейне жөніндегі кәсіпорнының директоры,1996-1997 жылдары Панфилов аудандық  экономикалық және әлеуметтік даму қоры  басқармасының аға инспекторы,1997-1998 жылдары аудандық шаруа қожалықтарының шағын және орта бизнесті қолдау қорының  бас маманы,1998-2002 жылдары Панфилов ауданы әкімі аппараты экономика бөлімінің бас маманы, 2002-2006 жылдары Панфилов ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, 2006-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары, 2016-2018 жылдары Жаркент қаласы әкімі лауазымында болды.


Округ әкімі аппаратының қызметкерлері

Т.А.Ә. Лауазымы Байланыс телефондары
Буенбаев Игембай Турагалдыұлы бас маман Дом.:8(72831) 46-0-72
Стамкулов Алибай Бектурсынұлы бас маман Дом.:8(72831) 46-0-72
бас маман Дом.: 8(72831) 46-0-72
Мурат Жансая Ердосқызы бас маман Дом.:8(72831) 46-0-72
Аманжолова Дариягуль Кожашқызы бас маман Дом.:8(72831) 416-0-72
Ержумаева Назерке Абдынасырқызы жетекші маман Дом.:8(72831) 46-0-72
Мұқашев Ақжолтай Смағұлұлы Спорт жөніндегі әдіскер Дом.:8(72831) 46-0-72
Курманов Алмас Галымович Жастар ісі жөніндегі әдіскер Дом.:8(72831) 46-0-72
Суранчиева Адеми Бакытжанқызы Оператор Дом.:8(72831) 46-0-72

Халықпен жұмыс

Құрметті  азаматтар!

        Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жаса Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

            Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағанына шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бастартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бастартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

Жалпы сұрақтар

            Округ әкімі аппаратының азаматтарды қабылдаумен олардың өтініштерін қарау тәртібіне жауапты маманы –Жиеналиева Шолпан Ертаевна 8/72831/46072


Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскіүзіліс
1 Округ әкімі Саурыков Аргынкали Бердыкожаұлы Әр аптаның сәрсенбі, жұма, күні

сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін

13-00-ден 14-30 ғадейін

2018 жылдың 2 тоқсанындағы Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2018 жылдың 2 тоқсанындағы округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2018 жылдың 2 тоқсанындағы округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 14 өтініш келіп түсті, оның 14 жеке тұлғадан, заңды тұлғадан өтініш келіп түспеді.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

* жер пайдалану және жер учаскелерін бөлу – 0

* тұрғын үй коммуналдық шаруашылық- 14

* құрылыс – 0

* денсаулықсақтау , санитарлық тазалық – 0

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

Округ әкімі жеке мәселелері бойынша 1 адам қабылдады,1 мәселе оң шешімін тапты.

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


2018 жылдың 1 тоқсанындағы Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2018 жылдың 1 тоқсанындағы округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2018 жылдың 1 тоқсанындағы округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2 өтініш келіп түсті, оның 2 жеке тұлғадан, заңды тұлғадан өтініш келіп түспеді.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

* жер пайдалану және жер учаскелерін бөлу – 0

* тұрғын үй коммуналдық шаруашылық- 2

* құрылыс – 0

* денсаулықсақтау , санитарлық тазалық – 0

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

Округ әкімі жеке мәселелері бойынша 1 адам қабылдады,1 мәселе оң шешімін тапты.

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Үлкенағаш ауылдық округ әкімінің аппаратына

жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу.

  2017 жылдың І-жартыжылдығында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

  2017  жылдың І-жартыжылдығында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан- 25 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан –25.

            Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

– жер пайдалану және жер учаскелерін бөлу – 16;

            Округ әкімі А.Саурыков жеке мәселелер бойынша 9 адам қабылдады, соның ішінде барлық мәселе оң шешімін тапты.

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

            2016 жылдың 12 айында  округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

           2016  жылдың 12 айында округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 25 өтініш келіп түсті, оның ішінде 25-ы жеке тұлғадан.

           Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

  – тұрғын үй орналасқан жер телімдерін заңдастыру – 23;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 0;

– әлеуметтік қамтамасыз ету – 0.

 Округ әкімі А.Б.Саурыков  жеке мәселелері бойынша 2 адам қабылдады, оң шешімін тапты.

            Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Үлкенағаш ауылдық окргі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

МӘЛІМЕТ

Үлкенағаш ауылдық округінде 2 ауыл бар. 2018 жылдың басынан мемлекеттік бюджеттің ІV деңгейі енгізілді. Үлкенағаш ауылдық округі қоғамдастық жиналысында Жергілікті қоғамдастықты дамытудың жоспары, бекітіліп, аудан әкімінің ресми сайтына орналастырылды.

2017 жылы 26 желтоқсанда Панфилов аудандық мәслихатының № 6-28-182 шешімімен 2018 жылға 62684 мың теңге, 2019 жылға 63392 мың теңге, 2020 жылға 64898 мың теңге көлемдерде бюджет бекітілді, оның ішінде 2018 жылға Үлкенағаш ауылдық округінің кірістері 62684 мың теңге, шығындары 62684 мың теңгені құрайды.

Округте жергілікті қоғамдастық жиыны өткізіліп, қоғамдастық жиналысына 13 мүшесі 4 жылға өкілеттік алған. 2017 жылы жергілікті қоғамдастықтың 2 жиналысы, 1жиыны өтсе, 2018 жылдың 01 шілдесіне 1 жиын, 1 жиналыс өтті.Жиналыстар мен жиындарда санитарлық тазалық, бюджетті бекіту, әкімді лауазымынан босатуды, кандидатураларын келісу, трансферттерді бекіту, ауыз су жүйесінің құрылысы, қайта жаңғырту, жер уачскесін бөлу, көше атауын өзгерту сияқты және т.б. мәселелер қаралды.

2017 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 2054,7мың теңге түсті. Оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынана – 67,0 мың теңге, сыртқы (көрнекі) жарнамадан – 0 мың теңге, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден –460,6 мың теңге, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдардан -4,1 мың теңге, аудан бюджетінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттерден – 1523,0 мың теңге түсті.

2017 жылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін (көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалық, жарықтандыру және т.б.) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынана 1643,0 мың теңге жұмсалды.

2018 жылдың 5 айында ауылдық округтің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына салықтың 6 түрінен 979 мың теңге жинау жоспарланса, 941 мың теңге жиналды.

Сонымен қатар басқа түсімдерден (әкімшілік айыппұлдар, жарнама, ерікті алымдар, мүлікті жалға беру) 213,0 мың теңге түсті.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес аудандық маңызы бар Үлкенағаш ауылдық округі жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне 1 балабақша берілді. Берілген балалақшалардың бюджеті 39531 мың теңгені құрайды.

Округ әкімінің у.м.а. И.Буенбаев

 


 16.05.2018ж. Үлкенағаш ауылдық округі жергілікті қоғамдастығы жиналысының хаттамас


Үлкенағаш ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың 2018 жылға даму бағдарламасы