Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 195
  • Week Visit: 13  627
  • Month Visit: 55  054
  • Years Visit: 420  372
  • Total Page Views: 667

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Үлкеншыған ауылдық округі

Жалпы мәлімет

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкеншыған ауылы, Жібек жолы көшесі, № 83

Электрондық поштасы: ulkenshygan_gu@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 42045, факс: 8(72831)4-20-45.

Үлкеншыған ауылдық округі 1997 жылдың ақпан айында құрылды. Округтің аумағы 270,0 шаршы километрді  құрайды. Округте 4 елді мекен бар. Округтың орталығы – Үлкеншыған ауылы. Аудан орталығы Жаркент қаласынан 5 км қашықтықта орналасқан. Округте – 10919 халық тұрады, оның ішінде 69,6 % –қазақ, 29,4 % – ұйғыр, 0,4 орыс,  0,1 % басқа ұлттар құрайды.

Округте 2 мәдениет үйі, 1 клуб, 3 кітапхана, 3 Қазпошта бөлімшесі, 3 дәрігерлік амбулатория,  1 фельдшерлік пункт, 3 мешіт, 3 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 мектепке дейінгі шағын орталық, 3 балабақша жұмыс істейді, мектептегі компьютерлер  толығымен интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ  аудандық ішкі істер бөлімінің  учаскелік полиция пункті  бар. Учаскелік полиция пунктінде 3 учаскелік инспектор жұмыс атқарады. Округ аумағында 23 дүкен, 1 шаштараз, 455 шаруа қожалық, 2-ЖШС бар.

Ақсақалдар алқасы құрылған. Төрағасы  Т.Жақыпов, Т.Ибраимқулов, Б.Ахмет, М.Имяров ақсақалдар алқасының мүшелері округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсеңді атсалысады. Сондай-ақ округтегі ауылдардан, көшелерден жергілікті қоғамдастықтың 57 мүшесі сайланған. Қоғамдастық мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.

 


Үлкеншыған ауылдық округінің әкімі – Оспанбеков Мақсат  Оралұлы 

        27 тамыз 1977  жылы Талдықорған облысы, Панфилов  ауданы, Кішішыған ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Талдықорған  индустриалды педагогикалық колледжіне түсіп, 1997 жылы бітірген. 1997 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансугіров атындағы мемлекеттік университетіне түсіп, 1999 жылы инженер-педагог  мамандығын алған. 1999 жылы Жаркент орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 2001 жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін Ә.Қастеев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі болған.  2001 жылдың 1 қыркүйегінен Кішішыған орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі,  2006 жылы Кішішыған орта мектебінде оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2010 жылдың сәуір айынан бастап Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін,  2012 жылдың мамыр айынан бастап, білім бөлімінің бас маманы, 2012 жылдың қазан айынан бастап, Панфилов ауданы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарған.

        2013 жылдың наурыз айынан бастап Үлкеншыған ауылдық округінің әкімі.


Округ әкімінің орынбасары – Баратова Реханбуви Хакимжановна

        1963 жылдың  20 мамырында Талдықорған облысы, Панфилов  қаласында дүниеге келген. 1978-1982 жылдары Панфилов педагогикалық училищесінде білім алды. Училищені бастауыш сынып мұғалімі, аға пионервожатый мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын 1982 жылдың қыркүйек айында Н.К.Крупская атындағы мектептің аға пионервожатый ретінде бастаған. Осы мектепте 1993 жылдың тамыз айына дейін тарих пәнінің мұғалімі, сыныптан және мектептен тыс тәрбие ісі жөніндегі ұйымдастырушы болып істеді.  1984 жылы Қызыл Ту орденді Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетіне сырттай оқуға тісіп, 1989 жылы тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады. 1993 жылдың тамыз айнан 2012 жылдың қазан айына дейін аудан әкімі аппаратында референт, ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру және кадрлар бөлімі бастығының орынбасары, ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2012 жылдың қазан айында аудандық білімі бөлімінің бас маманы, ал қараша айынан бастап ауыстыру тәртібімен Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін  атқаруда.


Округ әкімі аппаратының қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Сулейманова Гульнара Даутқызы бас маман 8(72831)4-21-20
Тағаева Гүлбакира Нұрсұлтанқызы бас маман 8(72831)4-20-45
Несіпбеков Бектұрған бас маман 8(72831)4-20-45
Кадырова Санам Хакимжанқызы жетекші маман 8(72831)4-21-20
Жанұзаков Олжас Санатбекұлы жетекші маман 8(72831)4-21-20
Нартбаева Шырын Төлендіқызы жастар ісі жөніндегі нұсқаушы 8(72831)5-85-84
Смаилов Қайрат спорт жөніндегі нұсқаушы 8(72831)4-21-20
Дөненбаева Райгүл компьютер операторы 8(72831)4-20-45

 


Халықпен жұмыс

Құрметті азаматтар!

        Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

Жалпы сұрақтар

 Округ әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізуге жауапты маманы – Тағаева Гүлбакира Нұрсұлтанқызы, тел.: 8(72831)4-21-20.


Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Оспанбеков Мақсат Оралұлы дүйсенбі-жұма

сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін

13-00-ден 14-30ға дейін
2 Округа әкімінің орынбасары Баратова Реханбуви Хакимжановна дүйсенбі-жұма

сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін

13-00-ден 14-30ға дейін

Үлкеншыған ауылдық округ әкімінің аппаратына

жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу.

  2017 жылдың  І қазанына ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

  2017  жылдың І жартыжылдығында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан – 85 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан – 84.

            Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

–   жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 9;

–   жер телімдерін заңдастыру –60

–   тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 15;

–   жұмыспен қамту – 1

 

            Округ әкімі жеке мәселелер бойынша 11 адам қабылдады, соның ішінде  9 мәселе оң шешімін тапты, 2-мәселе бойынша түсініктеме берілді.                                                                                                                                  Округ әкімінің орынбасары жеке мәселелер бойынша 9 адам қабылдады,соның ішінде  9 мәселе оң шешімін тапты.  Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


2016 жылдың 12 айында  округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

            2016  жылдың 12 айында округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан  89 өтініш келіп түсті, оның ішінде  87-і жеке тұлғадан.

            Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

  – жер телімдерін заңдастыру – 99;

 – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 16;

             Округ әкімі М.Оспанбеков  жеке мәселелері бойынша  18 адам қабылдады,11 мәселе оң шешімін тапты,  7-мәселе бойынша түсініктеме берілді. Округ әкімінің орынбасары жеке мәселелер бойынша 8 адам қабылдады,  4 мәселе оң шешімін тапты, 4-мәселе бойынша түсініктеме берілді.     Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Үлкеншыған ауылдық округінде жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2017 жылдың 1 қазанына қысқаша

МӘЛІМЕТ

            Ауылдық округте 4 елді мекен бар. Жалпы халық саны – 11085 қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 6150. Жергілікті өзін-өзі басқару жиналысына қатысуға өкілеттік берілген қоғамдастық мүшелерінің саны – 61.

           Ақсақалдар алқасының төрағасы –Жақыпов Т., мүшелерінің саны – 9, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – Бабаханова Л., мүшелерінің саны – 13.

             2016 жылы өткізілген жиналыстардың саны – 4. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 331500 теңге және түрлері бойынша: ерікті салымдар есебінен 150800 теңге.

            2017 жылдың 1 қазанына өткізілген жиналыстардың саны – 4, жергілікті  маңызы бар мәселелерді шешуге берілген қаржыны немесе қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен ақшаға жүргізілген мониторинг саны – 1.

             Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 177400 теңге.