Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 2  812
  • Week Visit: 14  119
  • Month Visit: 55  701
  • Years Visit: 421  805
  • Total Page Views: 732

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Үшарал ауылдық округі

Жалпы мәлімет

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылы, Жөкінбаев көшесі, № 80

Электрондық поштасы: tan_7878@bk.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 22-0-45, факс: 8(72831)22-0-08.

Үшарал ауылдық округінің жалпы көлемі-30571 гектар. Ауылдық округтің құрамында 3 елді мекен бар: Үшарал, Ақарал және Қызылжиде ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы болып Үшарал ауылы белгіленген. Үшарал ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы-12 км, Ақарал ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы 26-км, округ орталығының ара қашықтығы-14 км, Қызылжиде ауылы мен аудан ортағының ара қашықтығы-34 км, округ орталығының ара қашықтығы-22 км.

2016 жылдың 1 қаңтарына халық саны-5917 адам, оның ішінде Үшарал ауылында–5077, Ақарал ауылында–442, Қызылжиде ауылында–398 адам тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар–99%, ұйғырлар–0,42 %, басқа ұлттар–0,58 %. Округ бойынша 439 зейнеткер бар. Жалпы аула саны–1004. 2015 жылы туылған бала саны–110. Округке қоныс аударып келген адам саны–24. 

Округте 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 пошта бөлімшесі, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, 1 мешіт, 1 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп, 1 мектепке дейінгі шағын орталығы, 1 балабақша бар, толығымен интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ  аудандық ішкі істер бөлімінің № 5 учаскелік полиция пункті  бар. Учаскелік полиция пунктінде 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 1 секциясы бар.

Округ аумағында 15 дүкен, 2 дүңгіршек, 430 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив, 2 ЖШС бар. Округте «Қоғамдастық жиыны» құрылды. Құрамында 31 мүшесі бар, төрағасы-А.Айыпов. Ақсақалдар ақасы, әйелдер кеңесі  жұмыс қасайды. Қоғамдық ұйым мүшелері округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді атсалысады. Қоғамдастық жиын мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.


 Үшарал ауылдық округінің әкімі – Жанғазиев Таңатар Тілеубергенұлы

           Жанғазиев Таңатар Тілеубергенұлы 1978 жылғы 29 қыркүйекте  Панфилов ауданы, Надек ауылында дүниеге келді. Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетін  1994-1999 жылдары инженер – педагог мамандығы, Алматы қаласындағы Халықаралық мамандықтар институтын  2003-2007 жылдары құқық саласының маманы бойынша бітірген. 1997 -1999  жылдары Ә.Қастиев орта мектебінде дене тәрбие мұғалімі. 1999-2004 жылдары Надек орта мектебінде еңбек,сызу пәнінің мұғалімі. 2004-2007 жылдары Бірлік ауылдық округ әкімшілігінде бас маман. 2007-2008 жылдар Аудандық білім бөлімінде әдіскер. 2008-2009 жылдар Үлкеншыған ауылдық округ әкімінің орынбасары. 2009-2010 жылдар «Хоргос – Сервис» ЖШС директорының кеңесшісі. 2010-2011 жылдар Панфилов аудандық әділет басқармасының инспекторы. 2011 – жылдың желтоқсан айынан Панфилов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік – құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметтерінде болды.

           2012 жылдың 2 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Үшарал ауылдық округінің әкімі қызметінде.

          Үйленген, 5 баласы бар.


Округ әкімінің орынбасары – Кузембеков Абдымүталіп Қамашұлы

          Кузембеков Абдымуталип Камашұлы 1956 жылдың 16 желтоқсанында Алматы облысы Панфилов ауданы Коктал ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1974-1976 жылдары Панфилов ауданының Үшарал колхозында «Жалын» комсомол-жастардың қой бордақылау бригадасында оператор болып бастады. 1976-1978 жылдары кеңес әскері қатарындағы әскери борышын өтеді.1979-1985 жылдары Целиноград қаласындағы ауылшаруашылық институттың экономика факултетін, ауылшаруашылығындағы бухгалтерлік есептің экономисі мамандығы бойынша бітірді.  Сондай-ақ, Панфилов ауданы Үшарал колхозында  трактор бригадасының есепке алушысы, жөндеу шеберханасында нормалаушы, автопарктің аға диспетчері болып істеді. 1985 жылы Үшарал колхозында бас бухгалтердің орынбасары, 1992 жылы Үшарал өндірістік коперативінде заңгер-қаржыгер комиссиясының төрағасы қызметтерін атқарды.   1997-1998 жылдары Панфилов аудандық ауыл шаруашылығын құнарландыру мекемесінде бас бухгалтер болып істеді. 1998 жылы Үшарал өндірістік коперативінің бас бухгалтері, 2000-2003 жылдары Үшарал ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы, 2003-2006 жылдары Алматы облыстық статистика басқармасының бас маманы болып істеді.  2006 жылдың қазан айынан Үшарал ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметінде.

         2006 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін Үшарал ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметінде.

         Үйленген, 5 баласы бар.


Округ әкімі аппаратының қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Ибрагимов Айбек Ибадатұлы бас маман 8(72831)22-0-08
Джакипов Абзал Қоджаұлы бас маман 8(72831)22-0-08
Ауғанбаев Ермек Айтахунұлы бас маман 8(72831)22-0-08
Қоспағаров Қуаныш Уалиұлы бас маман 8(72831)22-0-08
Тұмарбаева Анаргүл Нуртайқызы бас маман (бухгалтер) 8(72831)22-0-08
Нұрақынова Айгерім Болатқызы жетекші маман 8(72831)22-0-08
Сасанбеков Самат Бағдатұлы Спорт ісі  жөніндегі әдіскер
8(72831)22-0-08
Муқашова Қымбат Нұрболатқызы Жастар ісі жөніндегі әдіскер
8(72831)22-0-08
Кокимбекова Нургуль Ауесханқызы Компьютерлік бағдарламалар операторы 8(72831)22-0-08

Халықпен жұмыс 

Құрметті азаматтар! 

         Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

Жалпы сұрақтар

 Округ әкіміаппаратының іс қағаздарын жүргізуге жауапты маманы – Ибрагимов Айбек Ибадатұлы тел.: 8(72831)22-0-08.


Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдаууақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Жанғазиев Таңатар Тілеубергенұлы Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін 13-00-ден 14-30ға дейін
2 Округ әкімінің орынбасары  

Кузембеков Абдымүталіп Қамашұлы

 

Әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін 13-00-ден 14-30ға дейін

Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады: 8(72831)22-0-45;  8(72831)22-0-08


Үшарал ауылдық округ әкімінің аппаратына

жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу.

  2017 жылдың  І қазанына ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

  2017  жылдың І қазанына ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан – 115 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан – 115.

            Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

– жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 73;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 42

            Округ әкімі жеке мәселелер бойынша 5 адам қабылдады, барлығы оң шешімін тапты. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


            2016 жылдың 12 айында  округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

            2016  жылдың 12 айында округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан  220 өтініш келіп түсті, оның ішінде  220-ы жеке тұлғадан.

            Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

  – жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 156;

 – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 57;

 – жұмыспен қамту – 7;

            Округ әкімі Т.Т. Жанғазиев  жеке мәселелері бойынша 2 адам қабылдады,барлығы оң шешімін тапты.

            Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Үшаралауылдық округінде жергілікті өзін-өзі басқару

бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2017 жылдың 1 қазанына қысқаша

МӘЛІМЕТ

            Ауылдық округте 3 елді мекен бар. Жалпы халық саны – 6005, қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 3132. Жергілікті өзін-өзі басқару жиналысына қатысуға өкілеттік берілген қоғамдастық мүшелерінің саны – 31.

           Ақсақалдар алқасының төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 17, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 13.

             2016 жылы өткізілген жиналыстардың саны – 3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 57799 теңге және түрлері бойынша: ерікті салымдар есебінен 57799 теңге.

            2017 жылдың 1 қазанына өткізілген жиналыстардың саны – 3, Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 55000 теңге.