Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 25
  • Week Visit: 13  457
  • Month Visit: 54  884
  • Years Visit: 420  202
  • Total Page Views: 31

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ – ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ

Ана тілі дегеніміз-сол тілді жасаған,жасап келе  жатқан халықттың өткені,бүгінгісі,болашағы.Қазақ тіл і өзінің даласындай бай,Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап,еркін есіп тұрады,Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады,Ана тілі-бұл әкенің  тілі,туған халықтың тілі,Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке –шешемізден,әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз,Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді.Халықтың тәуелсіздігінің  ең басты белгісі-оның  ана тілі,ұлттық  мәдениеті,Өзінің  ана тілі,ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды,Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін,мәдениетін,ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады,Сондықтан кез-келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін,ана тілін айрықша қорғайды,Тіл арқылы біз оқып,білім аламыз,қалаған мамандық игереміз,Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз,одан ғибрат аламыз Өнер алды- қызыл тіл деген осыдан шыққан болар,Тіл халықпен бірге жасайды,дамиды,өркендейді,Ана тілінің қадыр-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың  рухына,қазына байлығына балайды,Себебі,тіл-халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін келбеті,ұлттық  болмысы,

Адамды муратқа жеткізетін –ана тілі мен ата дәстүрі,Біздің осындай халықтың қасиетті мұрамыз,ана тіліміз-қазақ тілі,Әр халықтың өзінің ана тілі бар Тіл-жеке адам ойлап тапқан туынды емес,ол барша ұлтқа ортақ,соның төл перзенті  Сол халықтың  мәдени,әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі  ұғым,Тіл-атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра,Тіл –еліміздің іргетасы.

Ұлттың тілі-ұлттың  ділі  демекші ,қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы-ана тілі.Тілін жоғалтқан халықтың  жеке  мемлекет болып  басқа елдермен терезесі  тең  дәрежеде тура алмайтындығы  тарихтан белгілі.Сондықтан  сан ғасырлар бойы арман болған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп,егеменді  ел болып жатқан сындарлы  кезеңде мемлекетіміздің   нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазына айналдыру –әрбір  ұлтжанды  азаматтың  басты міндеті,Ата –бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың  тиімді жолы-отбасында ана тілінде сөйлеп,айналадағы дүние туралы сол тілде айтып ,сол тілде қуаныш ренішіңді  бөлісіп,өзіңді,өзгені жубату болып табылады,Бұл-ана тілінің қадір-қасиетін  арттыра түсері  даусыз Келешек  ұрпаққа тілдің  қадір -қасиетін жоғалтпай ,сол күйінде жеткізу әр қазақ азаматының борышы,Демек ,ана сүтімен бойына дарыған тілдің киелі  қасиетін төмендетпей, керісінше бағалылығын арттыру баршамыздың борышымыз.

Айнұр Мухаметжанова

«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Алматы облысы бойынша филиалы «ХҚКО» Департаментінің

Панфилов аудандық бөлімінің инспекторы

Пікірлер қалдыруы жабылған.