Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 233
  • Week Visit: 8  817
  • Month Visit: 46  815
  • Years Visit: 539  317
  • Total Page Views: 10

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Өзіне-өзі қызмет көрсету «ConnectionPoint» жұмыстары бойынша ақпарат беру

Қазіргі таңда «ХҚКО» департаметтерінде өзіне өзі қызмет көрсету секторлары «Connection Point» алаңдары қарқынды жұмыс жасауда. Онда қазақстандықтар, инспекторды күтпей-ақ, өз беттерімен электрондық қызметтерді пайдалана  алады. Қызмет алушы мемлекеттік қызметті алғаш рет пайдалана бастаса, оған міндетті түрде «ХҚКО» департаментінің инспекторы кеңес беру арқылы көмектеседі. Электрондық үкімет порталының «Connection Point» секторларынан азаматтардың ең талап етілетін қызметтердің бірі болып мынадай электрондық анықтамалар қалып отыр:  қозғалмайтын мүліктерінің бар-жоқтығы туралы анықтамалар, мекенжай жөніндегі анықтамалар, зейнетақылардың аударымы туралы анықтамалар.

Бүгінде электронды үкімет порталы арқылы көптеген мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі сапалы алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл электронды үкімет порталының бірден бір жетістігі. Қызметті пайдаланушылар «ХҚКО» департаментіне жүгінбей  өз бетімен нәрестені балабақша кезегіне қойып, ата-тегі мен есімін өзгеруге өтініш беріп, жеке кәсіпкерлігін тіркей алады. Сонымен қатар мемлекеттік баж, салық, жол қозғалысын бұзғандығы үшін айыппұлды, коммуналдық қызмет ақысын төлей алады.

 «Connection Point» немесе өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы  арқылы қажетті мемлекеттік қызметті тұтыну үшін клиенттің ЭЦҚ-сы (электрондық цифрлық қолтаңба) болу керек.  Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген адам кезек күтпей «Connection Point» аймағының кеңесшілері арнайы жабдықталған орында қызметті электрондық үкімет порталында өздігіңізден жұмыс істеуіңізге үйретіп, кеңес береді. 

Алматы облысы бойынша «ХҚКО» департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер қалдыруы жабылған.