Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 889
  • Week Visit: 10  680
  • Month Visit: 48  563
  • Years Visit: 538  094
  • Total Page Views: 294

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Өрелі ісімен өрісті өңір

Облыс әкімі Амандық Баталов Жаркент өңіріне келген жұмыс сапарын Панфилов ауданының әкімі Бердәулет Абдулдаевтың халық алдындағы қорытынды есебіне қатысудан бастап, жиыннан соң Жаркент қаласында жақында ғана құрылысы аяқталған дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына қатысты.

ЖаркентОблыс әкімінің қолдауымен «Алматы облыстық құрылыс басқармасы» ММ арқылы жалпы 542 350 мың теңге бөлініп, 320 орынды кешен құрылысын «Алматыкултьбытстрой» ЖШС қысқа мерзімде аяқтап, үстіміздегі жылдың алғашқы айынан бастап оған «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орналастырылған болатын. Қазір мұнда 925 жасөспірім бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдана бастады. Оларға 38 спорт маманы дәріс береді. Кешенге жоғары білімді дене тәрбиесінің ұстазы Қуат Иманханов жетекшілік етеді. Онда ойын, бокс және тренажер залдары бар. Ғимараттың жанында 480 көрермен орындығымен қамтылған стадион жасалған.

Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлына жаркенттіктер ерекше риза. Өңірге келген әр сапарында жергілікті тұрғындар тілегін ықыласпен тыңдап, шешімін күткен мәселелердің дер кезінде жүзеге асуына қолдаушы болып келеді. Алдыңғы жылы келгенінде астық қырмандарының тозған түрін көріп, оларды жөндеуге қаржы бөлуге шешім қабылдаған. Өткен жылы екі қырман күрделі жөндеуден өткізіліп, жүгері жинау науқаны басталған сәтте пайдалануға берілді.

«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, Жаркенттегі салауатты өмір салтының жаңа ыстық ұясын ашуға қатысқан облыс әкімі енді ел игілігіне қызмет ететін жаңа жобалар бастау алған Айдарлы ауылына жол тартты. Мұнда жақын жылдарда мыңдаған метр тереңдіктен атқылаған ыстық су көзін ел қажетіне жарату шаралары қарастырылуда. Сол ыстық су көзін пайдаға асыру үшін «Байсерке АГРО» ЖШС-нің «Агродос» жылыжай кешені 2012 жылы іске қосылған. Олар өткен жылы Оңтүстік Корея кәсіпкерлерімен бірлесіп, 3,6 гектар аумаққа әлемнің ең озық үлгідегі жылыжай кешенін жасаған екен. Кәсіпорын атауы «Кибанагро» жылыжай кешені деп өзгертілген. Жаңа жобаның құны 1,9 миллиард теңге. Мұнда жылына 1200 тонна қызанақ өндіру көзделген. Кешенде қазір 60 адам еңбек етеді. Жылыжайдағы жұмыс барысын қонақтарға кешен директорлар кеңесінің жетекшісі Бан Би Хо таныстырды. Жаңа жылыжайды ашу рәсімі жасалып, қонақтар атшаптырым аумақты алып жатқан өндіріс орнын аралап, тамашалады. Мұнда қызанақтың бірнеше сұрыбы корейлік әдіспен өсірілуде.

Панфилов ауданының, Айдарлы елді мекенінің аумағында өткен жылдың соңғы айларында кәсіпкер Марат Ыбраев құрған «Жаркент-Фрукт» ЖШС жалпы аумағы мың гектарлық жеміс бағын өсіруді мақсат етіп, бірден іске кіріскен. Басты мақсат- игерілмей жатқан құмды өңірді интенсивті баққа айналдырып, жоғары сапалы, экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті, экологиялық жағынан таза жеміс-жидек өнімдерін ішкі, сыртқы нарыққа шығару және құнарлы жерді шаруашылық айналымға қосып, ел игілігіне жарату.

Облыс басшысы осындай өрелі істер өркен жайған өңірдегі ел игілігін тасытар жұмыстарға куә болып, кәсіпкерлердің өтініш-тілегін қаперге алып аттанды.

Мырзағали Нұрсейіт

(Жетісу газеті)

Пікірлер қалдыруы жабылған.