Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 884
  • Week Visit: 10  675
  • Month Visit: 48  558
  • Years Visit: 538  089
  • Total Page Views: 382

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Өрлеу» пилоттық жобасы туралы

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Әлеуметтік даму тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Денсаулық және әлеуметтік даму Министрлігімен табысы аз азаматтардың санатын әлеуметтік қорғаудың пассив моделінен актив моделіне өту жұмыстары жүргізуде.  

«Өрлеу» пилоттық жобасында табысы аз азаматтардың санатын әлеуметтік қорғаудың актив моделіне өтуі қарастырылған.

 «Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) беру бағдарламасы;

Шартты ақшалай көмек (ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім

Шартты ақшалай көмекті (ШАК) алу мерзімі 12 ай. Осы мерзім ішінде отбасы әлеуметтік белсенділігін арттыру шартын орындаған жағдайда, отбасының мұқтаждықтан арылуына мүмкіндік туады, тұрақты табыс келеді және еңбек нарығында өзін бекітеді.

Отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру шарты мерзімінде адам басына шаққандағы кіріс (егер де отбасыңыздың санында өзгеріс болып жатса ғана қайта қаралады) қайта қаралмайды. Яғни, Сіз жұмысқа орналассаңыз немесе басқа табыс көзін тапсаңыз да, 12 айға белгіленген жәрдемақы көлеміне ол әсер етпейді.

 «Өрлеу» жобасына қатысу ерікті түрде жүргізіледі, сол себепті де арнайы жәрдемақы алушылардың таңдауы бар:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 пайызы шегінде жәрдемақы алуды жалғастыруға (отбасының жан басына шаққандағы табысына байланысты);

отбасының белсенділігін арттыру жөніндегі әлеуметтік келісімшарт аясында «өзара міндеттемелерді» қабылдауға келісіп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызына дейін жоғары мөлшердегі жәрдемақы алу құқығын таңдай алады.

«Өрлеу» жобасын жүзеге асыру барысында аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері шарт негізінде ассистенттер және әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар тартады.

Ассистенттер – шартты ақшалай көмек алу үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын адамдар.

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – шартты ақшалай көмек алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимыл жасайтын адамдар.

Пікірлер қалдыруы жабылған.