Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Ардақты ағайын!

Құрметті жерлестер!

SCXLMhNY3ts          Сіздерді еліміздегі ең мерейлі мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі  күнімен құттықтаймын.

      Баршаңызға белгілі, қазіргі таңда Қазақстан азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімі жарасқан, оны күллі әлемдік қауымдастық мойындаған мемлекетке айналды. «Ырыс алды – ынтымақ» демекші, тату-тәтті тіршіліктің нәтижесінде еліміздің экономикасы өркендеп, әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Ел аман, жұрт тыныш. Күні кеше ғана Елбасымызды сайлап, бүкіл әлем алдында ауыз бірлігіміз бекем екенін тағы да бір рет таныттық. Бұның бәрі елімізде бір атаның балаларындай ғұмыр кешіп, еңбек етіп жатқан ел-жұрттың ынтымағының арқасы.   

     Негізі, биылғы жыл біз үшін ерекше жыл. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Сондай-ақ, Ата Заңымыз– Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына да – 20 жыл. Сонымен бірге ешбір елде жоқ, бірегей құрылым – Қазақстан халқының Ассамблеясы жұмыс істей бастағанына да 20 жыл толып отыр. Бүгінгі халық бірлігі күні біз бұл Ассамблея туралы айрықша салтанатпен айта кетуге тиіспіз. Бұл ұйым мемлекетімізде қазақ халқымен бірге өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлт диаспораларының ұлттық салт-дәстүрі, мәдениет мен тілінің дамып, жаңғаруына сүбелі үлес қосып келеді. Біз әр ұлттың бетке ұстар беделдісін, жүз жасаған бабасын, алпыстағы ағасын, ақыны мен жазушысын, ел даналары мен жас ұрпақ жеткіншектерін ардақтап, сол арқылы олардың бағалайтын құндылықтарын сақтап, дамытуға күш жұмсап отырмыз.

     Туған еліміз бен кең-байтақ жеріміздің байлығын арттырып, адал еңбек, маңдай терімізбен қонысымыз суатты, өрісіміз малды, дастарханымызда дәміміз мол болуы үшін ауданның барлық тіршілігін жақсартуға Өздеріңізбен бірге бар күш-жігерімізді жұмсаудамыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күні кеше ғана Ұлықтау рәсімінде айтқан келелі ой-пікірлері – біздің алға қарай дамуымыздың және өркениеттің өріне қарай өрлеп, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуымыздың нақты бағыт-бағдары. Жазиралы Жаркент жерінде, қазақ халқымен бірге дархан жеріміздің суын ішіп, ауасымен тыныстап жатқан қырықтан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бар. Солардың барлығы ауыз біршілікпен еңбек етіп, еліміздің еңсесі биік болуы үшін жұмыла жұмыс істей береді деп нық сенеміз. Бірлігіміз – берекеге, татулығымыз – табысқа жеткізсін, қымбатты халайық!

Пікірлер қалдыруы жабылған.