Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы

  1. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен қоршаған ортаға эмиссия үшiн алынады.
  2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауына қатысты табиғат пайдаланушылар жөніндегі мәліметтерді (уақытша сақтаудың көлемдері, белгіленген мерзімдері, нақты орналастыру кезеңі) ұсынады.
  3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау ескеріле отырып, белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау мерзімдері өткен соң он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

   Төлемақы төлеушілер

    Салық салу объектісі Мыналар:

   1) ластаушы заттардың шығарындылары; 2) ластаушы заттардың төгінділері; 3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтары; 4) мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, орналастырылған күкірт түрінде қоршаған ортаға эмиссиялардың, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру нәтижелері бойынша белгіленген нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

   Төлемақы мөлшерлемелері  

    1.Төлемақы мөлшерлемелері осы Кодекстің 577-бабы 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады.

  Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 АЕК құрайды.

  Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, осы бапта белгіленген мөлшерлемелерді екі еседен аспайтындай етіп көтеруге құқығы бар.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік  кірістер басқармасының

бас маман  Ибраимов Д.

Пікірлер қалдыруы жабылған.