Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 579
  • Week Visit: 12  506
  • Month Visit: 45  034
  • Years Visit: 577  046
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістерін салық салудан толық босатуға қатысты  халықаралық шартты қолдану тәртiбі

  1. Осы бапта белгіленген халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі мынадай:

     1) халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі осы Кодекстің 667, 668, 669, 670 және 671-баптарында  белгіленген; 2) осы Кодекстің 672, 673 және 674-баптарында белгіленген тәртіп қолданылатын осы Кодекстің 650-бабында айқындалған кірістерді қоспағанда, бейрезиденттің осы Кодекстің 644-бабында көзделген кірістеріне қолданылады.

  1. Бейрезидент бір немесе байланысты жобалар шеңберінде қызмет көрсетуден, жұмыстарды орындаудан кіріс алған жағдайда, салық агенті осы бапты қолдану мақсаттары үшін бейрезиденттің тұрақты мекеме құру фактісін, оның ішінде қызмет көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға шарт (келісімшарт), сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде айқындайды. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құру фактісі анықталған кезде салық агенті Қазақстан Республикасында бейрезиденттің кірістерін салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.
  2. Салық агентінің бейрезидентке кірісті төлеу кезінде немесе бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген кірісін шегерімге жатқызу кезінде, егер мұндай бейрезидент кірісті түпкілікті (нақты) алушы және халықаралық шарт жасалған ел резиденті болып табылатын болса, салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.Осы бөлімнің мақсатында кірістерді иелену, пайдалану, оларға билік ету құқығы бар және мұндай кіріске қатысты делдал, оның ішінде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлға түпкілікті (нақты) кірістерді алушы (иеленуші) деп түсінілуі керек.
  3. Халықаралық шарт бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты бейрезидент салық агентіне ұсынған жағдайда қолданылады. Бұл ретте резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент салық агентіне бірінші болып басталатын мына күндердің бірінен:

   1) бейрезидентке кіріс төленген немесе бейрезиденттің төленбеген кірістері шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалған салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан;

   2) бейрезидентке кіріс төленген салықтық кезең үшін төлем көзінен ұстап қалатын табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселесі бойынша салықтық тексеру аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.  Салықтық тексерудің аяқталу күні нұсқамаға сәйкес айқындалады.

  1. Егер бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға алып келмейтін мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсеткен немесе жұмыстар орындаған жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында мұндай бейрезидент резиденттікті растайтын  құжатпен бірге салық агентіне: құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін не құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан үзінді көшірмені ұсынады.

     Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда мұндай бейрезидент салық агентіне:

бейрезидентті құруға негiз болған, мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы құқықтық (заңдық) күшін растаған құжатты (актіні) не

қатысушысы бейрезидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін, оның барлық қатысушылары мен географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары жасалған (құрылған) мемлекеттің (аумақтың) атауын) және барлық шоғырландырылған топ қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлерін көрсете отырып, ұйымдық құрылымын көрсететін өзге де  құжатты ұсынады.

  1. Егер Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға алып келмейтін мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау бірлескен қызмет шеңберінде жүзеге асырылса, онда осындай шарттың қатысушысы болып табылатын бейрезидент заңды тұлға халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар салық агентіне бірлескен қызмет туралы шарттың не оның бірлескен қызметтегі қатысу үлесін растайтын өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

Егер бейрезидент осындай шарттың (келісімшарттың) және байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, салық агенті бейрезидент заңды тұлғаның кірісіне бірлескен қызмет туралы шартта немесе бірлескен қызметке оның қатысу үлесін растайтын өзге де құжатта көрсетілген бірлескен қызметке оның қатысу үлесіне пропорционалды халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.

  1. Салық агенті салық органына ұсынылатын салықтық есептілікте бейрезидентке есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұстап қалған, салық ұстап қалудан босатылған кірістер сомасын, табыс салығының мөлшерлемелерін және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге міндетті.

    Бұл ретте салық агенті өзі тұрған жердегі салық органына  төртінші тоқсанның салықтық есептілікті ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.

  1. Салық агенті халықаралық шарт ережелерін қолданбаған жағдайда салық агенті осы Кодекстің 645-бабында айқындалған тәртіппен төлем көзінен табыс салығын ұстап қалуға міндетті.

Ұстап қалған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 647-бабында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға жатады.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік  кірістер басқармасының

бөлім басшысы  Абдрахманова  

Пікірлер қалдыруы жабылған.