Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 582
  • Week Visit: 12  509
  • Month Visit: 45  037
  • Years Visit: 577  049
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі  Т.А.Бектасовтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күнімен құттықтауы

111111111Ардақты ағайын!

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бiрлiгi күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Егеменді елімізбен бірге жаңарып, жаңа сипатқа ие болған бұл мерекені тойлаудың біз үшін маңызы зор. Өйткені ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол болады. Өздеріңізге белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміз барлық сынақтардан сүрінбей өтті. Аз уақыт ішінде тұрақты дамудың жаңа белесіне көтеріліп, көптеген  табыстарға қол жеткізді. Бүгінде бейбіт өмірді бағалай білген еліміздің татулықпен тұғыры биіктеп, берекемен беделі артып келеді. Қазіргі кезде тәуелсіз Отанымыздың арайлап атқан әрбір таңы елеулі оқиғалармен есте қалуда. Биылғы жылы еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде көптеген оң өзгерістер орын алды.

2018 жылғы 10 қаңтардағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі еліміз үшін аса маңызы зор құжат. Алдағы уақытта осы екі құжатта белгіленген міндеттерді іске асыру бағытында жұмыстар атқарылатын болады.

Құрметті жерлестер!

Бүгінде біздің жазиралы Жаркент жерінде қазақ халқымен қатар қырыққа жуық ұлт пен ұлыстың өкілдері мекен етеді. Ауданда олардың әрқайсысының салт-дәстүрін жаңғыртуға, тілі мен мәдениетін дамытуға барлық жағдай жасалған.

«Бірлігі бекем елдің келешегі кемел болады» дейді халық даналығы. Мен ынтымағы жарасып, ырысы шалқыған аудан халқының қандай істе болсын табысқа жететініне сенемін.Бір атаның баласындай бірге жұмыс атқарсақ, біз алмайтын қамал жоқ.

Сіздерге мықты денсаулық, жасампаз еңбек, жарқын болашақ тілеймін! Әрқашан тірлігіміз түзу, бірлігіміз бекем болсын! Көпұлтты құшағына сиғызған Тәуелсіз Қазақстанның тұғыры биіктей берсін!

Мереке құтты болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған