Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 6  147
  • Week Visit: 34  040
  • Month Visit: 161  692
  • Years Visit: 805  774
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Т.Бектасовтың 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтар!

s-dnem-zaschitnika-otechestva-2016Осыдан жиырма алты жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен елдік пен егемендіктің тірегі – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылып, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні болып белгіленді. Мемлекетіміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін бұл мейрам бүгінде республикамыздың Қарулы Күштері қатарында өзінің азаматтық борышын атқарып жүрген және Отанымыздың тұтастығын қорғауда батырлығымен танылған барлық азаматтарға  құрмет білдіретін күн. Бұл күн бейбіт елдің тыныштығын күзетіп, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырған әрбір Отан қорғаушы сарбаз үшін ерекше күн.

Әскери дайындықтың ауыр да жауапты сынынан өтіп келе жатқан тыныштық күзетіндегі жауынгерлік сапта жүрген әскери қызметкерлерді өз атымнан және аудан халқы атынан мерейлі мерекелерімен шын жүректен құттықтап, алғысымды білдіремін! Халық қызметіндегі ауыр да абыройлы істеріңізге сәттілік, егемен еліміздің тыныштығын күзету жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Аспанымыз ашық болып, тәуелсіздігіміздің көк туы көгімізде желбірей берсін.

Пікірлер қалдыруы жабылған.