Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 6  149
  • Week Visit: 34  042
  • Month Visit: 161  694
  • Years Visit: 805  776
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Т.А.Бектасовтың  9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтауы

Ардақты ағайын!

Құрметті ардагерлер!

17152631Сіздерді 9 – мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алдыңғы буын ағалардың өшпес ерлігін жас ұрпақтың есінде мәңгілік сақтауға арналған бұл күн, біз үшін қастерлі мереке.

Біз бұл күні Отан үшін кеудесін оққа тосқан аталарымызды еске аламыз. Арамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсетеміз.

Өздеріңізге белгілі, биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл толып отыр. Өткен ғасырдың тарихында Отан соғысы деген атпен қалған бұл шайқасқа біздің қайсар халқымыз да қатысты. Жазиралы Жаркент жерінен он екі жарым мың жауынгер майданға аттанды. Төрт жарым мың азаматқа басқа елдің топырағы бұйырып, туған жерге оралмады. Жаркент жерінен шыққан 8 азаматқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұрпаққа ұран болған олардың есімдері ешуақытта ұмытылмайды. Бүгінде мемлекет тарапынан ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсетіліп келеді.

Қадірлі жерлестер!

Жеңіске халқымыздың бірлігі мен ерен ерлігінің арқасында қол жеткіздік. Егеменді ел құрып, еңсеміздің биік болуы – сол ерліктің жемісі. Отан үшін от кешкен батырларды ұмытпау, олардың жауынгерлік ерлігін, жастарға насихаттау біздің парызымыз. Аға буын алып берген Жеңіс бізді жетістіктерге жетелеп, жарқын болашаққа бастайды.  

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Сіздермен қазіргі бейбіт заманда Тәуелсіз еліміздің төрінде қатар жүру құрметіне ие болу – біз үшін зор мақтаныш. Бүгін біз Сіздердің алдарыңызда құрметпен басымызды иіп, шынайы алғыс білдіреміз.

Ұлы Жеңіс күні мерекесі құтты болсын!

Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Еліміздің іргесі берік, қорғанысы қуатты болсын!

Мереке құтты болсын!

Пікірлер қалдыруы жабылған.