Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 575
  • Week Visit: 12  502
  • Month Visit: 45  030
  • Years Visit: 577  042
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

IMG_6974 IMG_6988 IMG_6989

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын және Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қазіргі кезде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру әр мемлекеттік органның басты назарында.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жыл басында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысы әкімі аппараты, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы «ХҚКО» департаменті халықты электронды қызмет алуға оқыту кестесін өзара келісіп бекіткен. Кестеге сәйкес Панфилов ауданы тұрғындары арасында да мақсатты жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ 04 мамыр күні аудан әкімі аппараты мен Алматы облысы бойынша ХҚКО департаменті Панфилов аудандық бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп Сарыбел ауылдық округінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде оқыту семинарлары болды.

Бірінші семинар Сарыбел ауылындағы Сарыбел ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің, келісім-шарт бойынша қызметшілердің қатысуымен өтсе, екінші семинар Кобиков атындағы орта мектепте, үшінші семинар Садыр ауылындағы Садыр орта мектебінде, төртінші семинар Турпан ауылындағы Сатай батыр орта мектебінде ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері, медицина қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Семинар жұмысында слайдтар көрсетіліп, «Электронды үкімет порталына» тіркелу, қызмет алу бойынша іс жүзінде әдістемелік көмектер берілді. Тыңдаушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Семинар барысында барлығы 100 адам оқытылды.

Ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы – С.Теткусизова

Пікірлер қалдыруы жабылған.