Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттар бойынша арнайы ережелер

Халықаралық шартты қолдану жағдайлары

  1. Тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың (бұдан әрі – халықаралық шарт) ережелері осындай шарт жасасқан мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
  2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті осы халықаралық шарттың ережелерін халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесі үшін пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережелері қолданылмайды.

   Халықаралық шартты қолдану тәртібі

   Халықаралық шарттың ережелерін қолдану осы Кодексте және тиісті халықаралық шартта айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

   Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі

  1. Бейрезидент заңды тұлға бас кеңсенің және Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі тұрақты мекемелердің кірістері мен шығыстарын (басқару және жалпы әкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі пайдаланылады.
  2. Егер бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары растайтын құжаттар негізінде айқындалатын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында тікелей жұмсалса, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме оларды осы бапқа сәйкес шегерімге жатқызады.
  3. Мыналар: 1) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында жұмсаған бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттары; 2) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жұмсаған бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері; 3) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасында да, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде де жұмсаған бөлінетін шығыстарын есепке алу бойынша осы шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде жасалған салықтық тіркелімдер растайтын құжаттар болып табылады.

  Салықтық тіркелімнің нысаны, оны толтыру тәртібі Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның салықтық есепке алу саясатында бекітіледі;

4) бейрезидент заңды тұлғаның өзі құрылған және (немесе) осындай заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және осындай бейрезидент заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған, сондай-ақ басшының қолтаңбасымен куәландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі растау құжаттары болып табылады.

Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілікте бейрезидент заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының жалпы сомасы жеке жолмен бөлек көрсетілуге тиіс; 5) бейрезидент заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (осындай қаржылық есептіліктің аудиті жүзеге асырылған кезде) растау құжаттары болып табылады.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік  кірістер басқармасының

Бас маман  Мажибаев Е.

Пікірлер қалдыруы жабылған.