Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 563
  • Week Visit: 12  490
  • Month Visit: 45  018
  • Years Visit: 577  030
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

IMG_7379ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысымен кездесу өтті

Мемлекеттік органдардың 20 жылдығы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы С.Ө.Нұрғисаев Панфилов ауданы активімен кездесу өткізді. Сонымен қатар кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігі Алматы облысы бойынша департаменті жанындағы тұрақты консультативті-кеңесші орган болып табылатын арнайы мониторинг тобының мүшелері қатысты.

Кездесуге мәслихат депутаттары, мекеме, ұйым басшылары, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері, мамандары,  білім беру мекемелерінің басшылары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

 Кездесуді аудан әкімі Т.Бектасов ашып, жүргізді. Алғашқы сөз кезегін алған С.Нұрғисаев өз сөзінде елімізде мемлекеттік бақарудың сапалы жаңа моделінің қалыптасып жатқандығы, мемлекеттік органдардың қызметі барысындағы транспаренттік: жұмыстардың ашықтығIMG_7377ы, азаматтарды, әсіресе қоғамдық ұйымдарды жұмыс процесіне тарту, азаматтар мен мемлекеттік билік органдары арасындағы ақпарат алмасу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет өткерудегі меритократия қағидаты, мансаптық өсудің жаңа моделін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, аудан бойынша кемшіліктерге де тоқталып өтті. С.Нұрғисаев қорыта келе мемлекеттік қызметшілер үшін ең бастысы – халыққа сапалы қызмет көрсетіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданыстағы заңнамаларды мүлтіксіз басшылыққа алу қажеттігін атап өтті. Аудан әкімі Т.Бектасов кездесуді қорытындылай келе  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы С.Ө.Нұрғисаевқа ауданымызға келіп осындай маңызды кездесу өткізгенігі үшін алғысын білдірді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, әкімшілік кедергілерді жою мақсатында арнайы мониторинг тобының мүшелері кездесуге дейін аудандағы білім бөлімі, ауыл шаруашылық бөлімі, сәулет және қала құрылысы, құрылыс, жер қатынастары бөлімдерінде, Жаркент қаласы әкімі аппаратында, ХҚКО аудандық бөлімінде болды.

С.Теткусизова

Пікірлер қалдыруы жабылған.