Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

file344 file330 file312 file300 file297 file288

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын және Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қазіргі кезде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру әр мемлекеттік органның басты назарында.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жыл басында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысы әкімі аппараты, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы «ХҚКО» департаменті халықты электронды қызмет алуға оқыту кестесін өзара келісіп бекіткен. Кестеге сәйкес Панфилов ауданы тұрғындары арасында да мақсатты жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ 04 мамыр күні аудан әкімі аппараты мен Алматы облысы бойынша ХҚКО департаменті Панфилов аудандық бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп Үшарал ауылдық округінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде оқыту семинарлары болды.

Бірінші семинар Қызылжиде ауылындағы бастауыш мектебінде өтті, екінші семинар Ақарал атындағы бастауыш мектепте, үшінші семинар Үшарал ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығында, төртінші семинар Үшарал ауылындағы орта мектебінде ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері, медицина қызметкерлерінің қатысуымен өтті, бесінші семинар Үшарал ауылындағы Үшарал ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің, келісім-шарт бойынша қызметшілердің қатысуымен өтті. Семинар жұмысында слайдтар көрсетіліп, «Электронды үкімет порталына» тіркелу, қызмет алу бойынша іс жүзінде әдістемелік көмектер берілді. Тыңдаушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Семинар барысында барлығы 110 адам оқытылды.

Пікірлер қалдыруы жабылған.