Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 544
  • Week Visit: 23  765
  • Month Visit: 111  054
  • Years Visit: 862  851
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

ТҮНГІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

111 3333

2018 жылғы 19 мамырда Панфилов АІІБ жергілікті полиция қызметінің  ювеналды полиция тобының аға инспекторы  полиция майоры М.Нұрахметовтың басқаруымен Панфилов АІІБ жергілікті полиция қызметінің  ювеналды полиция тобының аға инспекторларымен полиция аға лейтенанттары Нысанбаев М.Қ, Сақабаев Н.Н., Мамиров М.Р., полиция капитандары Келдібекова А.Б., Шәріпбаев Е.Д., Демеев Ш.Н., Инкажеков Е.А:, лейтенаттары Аюпқан Т.А., Ибраимов Н.Т. және аудандық мәслихатының депутаты Тараншиев А.М., Панфилов аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері Асанова Ш.Ш., Джазылбекова Н.А., Медельбеков Ғ.С., «Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалының есеп және сектор меңгерушісі Нарынбаев Е.С., аудандық білім бөлімнің әдіскері Орманбекова Ұ.Ж., білім бөлімнің бас маманы Қадырова А.С.өкілдерін тарта отырып кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болмауына  жол бермеу жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің қылмыстарының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сатуды, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз жастардың шоғырлану орындарында, көңіл көтеру мекемелерінде болуын анықтау, ойын-сауық мекеме иелеріне және ата-аналарына әкімшілік шаралар қолдану болды.

Рейд барысында қала кафелері «Сити бар», «Ильхам», «Сұлтан» «Лотус», саябақтар, дүкендер, орталық көшелер,  интернет және компьютерлік клубтар тексерілді.

Іс-шара нәтижесінде Панфилов  АІІБ  10 жасөспірім жеткізіліп Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442 бабының 2 бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы  10 заңды өкілдеріне ескерту жасалып хаттама толтырылды.

Панфилов аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің  ювеналды полиция тобының инспекторлары барлық кәмелетке толмағандармен, ата-аналармен және көңіл көтеретін орындардың әкімшіліктерімен алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Пікірлер қалдыруы жабылған.