Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауын өткізу туралы

2014 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы, 2018 жылы «Нұр Отан»  партиясы, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы, облыстардың, аудандар мен қалалардың әкімдіктері атынан Басқарма мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Байқау өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларды қолдау мақсатында өткізіледі.

 Байқаудың негізгі міндеттері болып табылады:

1) Қазақстан Республикасында іске асырылатын үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау;

2) ұсынылған әлеуметтік жобаларда қолданылған үздік тәжірибелерді кеңінен тарату;

3) өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің, азаматтық қоғамның, бизнестің және азаматтардың өздерінің күшін біріктіру.

Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу келесі бағыттар бойынша іске асырылады:

1) «Әлеуметтік проблемаларды шешудегі ақпараттық жылжу»;

2) «Әлеуметтік салада еріктілер қозғалысын дамыту»;

3) «Тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету»:

4) «Мүгедектігі бар тұлғаларды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау»;

 

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздарын іріктеу тиісті комиссиямен ағымдағы жылғы 1-15 шілде аралығында өткізіледі.

Қосымша ақпаратты Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы алуға болады.

Панфилов ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Пікірлер қалдыруы жабылған.